ҚЎлпыбаев с



бет75/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Еншілес кәсіпорын – өз мүлкінің есебінен басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған заңи тұлға. Еншілес кәсіпорындар құру құқығын шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар ғана пайдалана алады.
Еншілес кәсіпорындар негізгі кәсіпорынды, соның ішінде монополияға қарсы заң талабы күшіндегі кәсіпорынды ықшамдау, негізгі кәсіпорынның филиалдарын дербес заңи тұлға етіп қайта құру, негізгі өндірістің тиімділігін арттыру үшін қосымша және мамандандырылған өндіріс құру, негізгі өндірісті оған тән емес қызмет пен функция түрлерінен босату мақсатында құрылады.
Кәсіпкерлік қызметті жүргізудің тиімді ұйымдық-құқықтық нысандарының бірі шетелдік фирмалар қатысқан бірлескен кәсіпорындар болып табылады. Бірлескен кәсіпорындардың мүлкі шартта анықталған мөлшерде қатысушылардың салымдары (жарналары) есебінен құрылады. Бірлескен кәсіпорындар заңнамамен белгіленген салықтарды төлейді, бірлескен кәсіпорын жойылғанда оның резервтік капиталының пайдаланылмаған сомасына қолданыстағы мөлшерлемелер бойынша салық салынады. Республикада шетелдік фирмалар қатысқан бірлескен кәсіпорындарды құрудың және олардың іс-қимыл етуінің тәртібі заңнамамен белгіленген. Кәсіпорын капиталындағы үлес уағдаластық бойынша анықталады. Әріптестерге қажетті кепілдіктер, соның ішінде олардың салықтарды төлегеннен кейін қалған пайдасының бір бөлігін валюта түрінде шет жаққа аударуға, ұлғаймалы өндіріске жұмсалымға салу мүмкіндігіне, басқаруға қатысуға, республика аумағында олардың меншігін құқықтық қорғауға кепілдіктер беріледі.
Экономиканың кооперативтік секторы бірыңғай ұлттық шаруашылық кешені буындарының бірі болып табылады. Рыноктық қатынастардың қалыптасу барысында меншік нысандарының дамуы қызметтің жаңа сфераларында шаруашылық жүргізудің бұл демократиялық нысанының қайта дамуына және дәстүрлі салаларда оның кеңеюіне кең жол ашты.
Қазіргі кезде кооперация жүйесінде кооперативтердің екі негізгі тұрпаты – өндірістік және тұтыну кооперативтері жұмыс істейді.
«Өндірістік кооператив туралы» заңда өндірістік кооператив азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың жеке еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік салымдарын (үлестерін) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі делінген. Өндірістік кооперативтер тауарлар, өнімдер өндіріп, жұмыс атқарады, шаруашылық жүргізуші субъектілерге және халыққа қызмет көрсетеді.
Өндірістік кооператив коммерциялық ұйым және заңи тұлға болып табылады. Ол жеке кәсіпкерлік үшін заңнамалық актілермен тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқығы бар.
Өндірістік кооператив мүлкін жарғылық салымдар, оның қызметінен алынған табыстар, заңнамамен тиым салынбаған өзге де көздер құрайды.
Кооператив жыл сайынғы пайдасынан аударымдар жасаудың есебінен резервтік капитал құра алады, ол кооперативтің несие берушілер алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге және көзделмеген шығыстарды өтеуге арналады.
Өндірістік кооперативтің пайдасы жыл қорытындысы бойынша анықталады. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер төленгеннен кейін қалған пайда кооперативтің толық қарамағында қалады және оның мүшелерінің жалпы жиналысы мен кооперативтің құрылтай кұжаттарында көрсетілген мақсаттарға бөлінеді.
Тұтыну кооперативі сауда-саттық және тұрмыстық қызмет көрсету арқылы өзінің мүшелерін және басқа азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандырып отырады. Тұтыну кооперативтері сонымен қатар сан алуан өндірістік қызметті де дамыта алады, яғни аралас тұрпаттағы кооперативтер бола алады.
Қазақстан Республикасы заңына сәйкес селолық тұтыну кооперативі мүшелік негізде оның мүшелерінің (пайшыларының) материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (үлестік) жарналарын біріктіру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі деп танылады.
Заңи тұлға да селолық тұтыну кооперативіне мүше бола алады.
Селолық тұтыну кооперативтері коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және кәсіпкерлік қызметпен өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей дәрежеде ғана айналыса алады. Селолық тұтыну кооперативтері сауда, дайындау, өткізу, өңдеу, қызмет көрсету, жабдықтау қызметін және заңнамаларда тиым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асыру үшін мүліктік (үлестік) жарналар есебінен құрылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет