Бағдарлы оқытуды дамыту тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына, елімізде бiлiм беру қызметін одан әрі жетілдірудің (2011-2020 жылдарға арналған) мемлекеттік бағдараламасына сәйкес орта білім беру деңгейіндегі бағдарлы оқыту ісін дамыту көзделіп отыр.
Бағдарлы түрде оқытып-үйрету білім сапасын арттыру, нұсқалы (вариативті) білім беру ортасын жасау, тұлға, қоғам және мемлекет деңгейлеріндегі өзекті әрі перспективалы мәселелерді жүзеге асыру құралдарының бірі ретінде қарастырылады.
Қазақстанда бағдарлы оқыту жүйесін дамыту білім берудің тұлғалық-бағдарланған парадигмасын жүзеге асырудан туындайды. Мұнда басты құндылық тұлға және оның дамуы болып табылады.
Қазақстан мектептерінің 2015 жылдан бастап 12 жылдық білім беру моделіне көшуі 11-12 сыныптарда бағдарлы оқытудың жаңарған үлгісін ұйымдастыруды талап етіп отыр. Ол жоғары сынып оқушыларының білімге деген сұранысын, еңбек рыногының мектеп түлектері дайындығына қоятын талаптарын, білімнің жоғары деңгейін қанағаттандыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Шын мәнінде де, Қазақстанда бағдарлы оқыту жүйесін жетілдіру (модернизациялау) ісі аса маңызды сипатқа ие. Өйткені қоғамның, мемлекеттің заманауи талаптары білім беру ұйымдары алдына бағдарлы түрде оқытып-үйрететін мектептер ұйымдастыру міндетін өткір қойып отыр.
Қазақстанда бағдарлы оқыту жүйесін дамыту:
оқытып-үйрету ісін жіктеп-саралаудың (дифференциялаудың) педагогикалық шарттары аясын кеңейтуге, оқушыларды еңбек рыногының одан әрі дамуы жағдайында өз өмір жолын саналы түрде өзі таңдай білуге дайындауға;
негізгі мектепті бітірушілердің орта білім алу жолдарын анықтауына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсетуге игі ықпал ететін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |