ҚЎлпыбаев с


«Күрделі шығыстар» санаты



бет91/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

«Күрделі шығыстар» санаты жалғыз ғана сыныпты – ішкі сыныптардың құрамындағы негізгі капиталды сатып алуды кіріктіреді: өзгешеліктері бар негізгі капиталды сатып алу: негізгі құрал-жабдықты сатып алу; үймереттер мен ғимараттарды сатып алу; басқадай активтерді сатып алу;
негізгі капиталды жасау, соның ішінде өзгешеліктері: үймереттер мен ғимараттарды, жолдарды салу, басқадай күрделі активтерді жасау;
өзгешеліктері бар күрделі жөндеу: ғимараттарды, үймереттерді және негізгі жабдықты күр­делі жөндеу, жолдарды күрделі жөндеу, басқадай күрделі жөндеу;
өзгешелігі бар босалқы қорлар жасау үшін тауарлар сатып алу: мемлекеттік босалқы қорларды жасау үшін тауарларды сатып алу;
өзгешеліктері бар жерді және материалдық емес босалқы қорларды сатып алу жерді сатып алу; материалдық емес активтерді сатып алу;
ел ішіндегі күрделі трансферттер, соның ішінде (өзгешелігі): мемлекеттік кәсіпорындарға берілетін трансферттер; қаржы мекемелеріне берілетін күрделі трансферттер; мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін күрделі трансферттер; басқадай күрделі трансферттер;
шет жаққа берілетін күрделі трансферттер, соның ішінде өзгешеліктері бар: халықаралық ұйымдарға берілетін күрделі трансферттер; шет жаққа берілетін басқадай күрделі трансферттер.
«Кредит беру, үлестік қатысу» санаты мына сыныптарды кіріктіреді:
өзгешелігі бар ішкі несиелендіру: мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлерін несиелендіру; мемлекеттік кәсіпорындарды несиелендіру; қаржы мекемелерін несиелендіру, жеке тұлғаларды несиелендіру; басқадай ішкі несиелендіру;
өзгешелігі бар сыртқы несиелендіру: әр түрлі сыртқы несиелендіру;
өзгешеліктері бар шетелдік акционерлік капиталға үлестік қатысу: халықаралық ұйымдардың акцияларын сатып алу; басқадай халықаралық ұйымдардың акцияларын сатып алу;
өзгешеліктері бар ішкі акционерлік капиталға үлестік қатысу:
мемлекеттік емес мекемелердің акцияларын сатып алу; қаржы мекемелерінің акцияларын сатып алу; басқадай мекемелердің акцияларын сатып алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет