ҚЎлпыбаев с



бет15/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Ішкісалалық және ішкішаруашылықтық қайта бөлу сферасы экономиканы қайта құрудың барысында шаруашылық жүргізуші субъектінің тапқан қаражаттарын пайдалануды қажет ететін (заң бойынша мемлекетке тиісті аударымдардан басқа) коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыру әдістерінің енгізілуімен байланысты біртіндеп тарылып келеді.
Демек, бөлгіштік функция арқылы қаржы ақшалай табыстарды қалыптастыру және қара­жаттарды жұмсау жолымен мемлекеттің, экономикалық агенттердің экономикалық мүдделерін қамтып көрсететін белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады. Сөйтіп, бөлгіштік функ­ция арқылы бөлу категориясы ретінде қаржының мәні ашылады, ақшалай нысандағы жиынтық қоғамдық өнімінің, оның құрамында элементтердің қозғалысымен байланысты экономика­лық қатынастар айқындалады және сатып алу-сату арқылы натуралдық-заттай көрінісіндегі қоғамдық өнімді өткізу үшін жағдайлар жасалынады. Жиынында қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының нақтылы еңбек үлесі мен қоғамдық өндіріске қатысу дәрежесі есепке ала отырылып, олардың экономикалық мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.
Қаржының бөлгіштік функциясының жақтаушылары бөлу арқылы қаржы ұдайы өндірістің басқа стадияларына – өндіруге, айырбастауға, тұтынуға белсенді ықпал етеді деп жорамалдайды. Мысалы, қаржы өндіріске қалыптастырылатын қаржылық ресурстардың мөлшері арқылы санмен әсер етеді: бұл ресуртардың көлемін өзгерте отырып, өндіріске қалаған бағытта ықпал жасауға болады, не қолайлы қаржылық жағдайды жасау жолымен экономиканың жеке құрылымдық бөлімшелерінің дамуын тездетуге болады, не бұл өсудің қарқынын баяулатуға болады. Басқа жағынан, егер көтермелеу қаражаттарының көлемін өндірістің белгілі бір сапалық көрсеткіштерінің: еңбек өнімділігінің, ресурстарды үнемдеудің, қор қайтарымының және т.б. жетістіктерімен ұштастырса өндіріске сапалық әсер етуге жетуге болады. Қаржы көмегімен ұдайы өндірістің басқа сатыларына да осылайша әсер етуге болады. Сөйтіп, бөлгіштік функция арқылы қаржының ұдайы өндірістің барлық үдерістерімен байланысы және бұл категорияның өндірістің барлық стадияларына белсенді әсер етуі қадағаланып отырылады.
Қаржының бөлгіштік функциясы тұжырымдамасының жақтаушылары айқындамасындағы осал мезет категорияның функциясы тап осы категорияның өзіндік ерекшелігін қамтып көрсетуі тиіс деген қағида болып табылады. Қарастырылып отырған функция бөлуге қатысушы басқа экономикалық категорияларға да – бағаға да, еңбекақыға да, кредитке де тән.
Бүкіл экономикалық, соның ішінде қаржылық ресурстар да мүлтіксіз орталықтандырылған тәртіппен бөлінген және қайта бөлінген әкімшіл-әміршіл жүйенің және жоспарлы экономиканың іс-қимылы кезінде қаржының бөлгіштік тұжырымдамасының пайда болғанын және теориялық негіздемені алғанын есте ұстаған жөн. Осы тәрізді тәсілдемені негіздеу қаржының бөлгіштік тұжырымдамасы болып табылды.
Тап осы бөлгіштік функция арқылы қаржының қоғамдық арналымы – шаруашылық жүргізудің әрбір субъектін оған қажет арнаулы мақсатты ақшалай қорлар нысанында пайдаланылатын қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті оның мәнінен: жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан; ақшалай қорларды жасаудан туындайды.
Сөйтіп, бөлгіштік функция арқылы бөлу категориясы ретінде қаржының мәні ашылады, ақшалай нысандағы жиынтық қоғамдық өнімнің, оның құрамды элементтерінің қозғалысымен байланысты болатын экономикалық қатынастар айшықталады және сатып алу-сату арқылы натуралдық-заттай нысандағы қоғамдық өнімді өткізу үшін жағдайлар жасалады.
Ұдайыөндірістік тұжырымдаманың өкілдері қаржыны ұдайы өндіріс стадияларының бір категориясы емес, оның жалпы категориясы ретінде қарастырады, яғни олар қаржыны тек қоғамдық өнім құнын бөлумен байланысты болатын өндірістік қатынастарымен шектеуді заңсыз деп санайды. Қаржы – өндірістік категория, өйткені ол өндіріс үдерісінде өндірістік капиталдың толық айналымына қызмет көрсетеді және бұл үдеріске белсенді ықпал етеді. Қаржы – айырбас категориясы, өйткені айырбаста қоғамдық өнімді бөлу үдерісі жалғасады және қаржы бұл бөлістің құралы болып көрінеді: қаржы ұдайы өндірістің екінші стадиясында ғана емес, cонымен бірге ұдайы өндіріс үдерісінің үшінші стадиясында да, яғни айырбаста болатын құн қозғалысын білдіреді; айырбаста сондай-ақ салықтарды аударып салу үдерісі болады; бұдан басқа, қаржы ақшалай ресурстарды қалыптастырумен қатар оларды пайланумен де байланысты болады, ал ол ақшалай ресурстарға тауар-материалдық құндылықтарды сатып алғанда айырбаста болады; қаржы тұтыну категориясына жатады, өйткені қоғамдық тұтыну мен жеке тұтынудың қорларын қалыптастыруға қатысады және олардың көмегімен ұлттық табыстың тұтыну қоры мен қорлану қорына бөлінуінің ақырғы үйлесімдері қамтамасыз етіледі.
Егер ұдайы өндіріс үдерісінің дәйекті стадияларынан алып қарастырсақ, онда бірінші стадияда – өндірісте тікелей құн жасалынады. Бұған құнды еңбектің бастапқы предметінен ақшалай баламаға айырбастауға арналған дайын өнімге дейін дәйекті ұлғайтумен жетеді. Бұл үшін: біріншіден, еңбек құралдарын, еңбек предметтерін (шикізатты, материалдарды, энергетикалық ресурстарды) сатып алу үшін, екіншіден, өндіріс үдерістерін – қосылған құн компоненттеріне: меншікті жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуге, көлденең субъектілердің материалдық және материалдық емес қызметтерін төлеуге жұмсалатын сан алуан шығындарды жүзеге асыру үшін керекті қаржылық ресурстар іздестіріледі.
Керекті қаржылық ресурстарды өндіруші әр түрлі көздерден қалыптастырады: ірілендірілген түсінікте бұл – меншікті капитал; қарыздық қаражаттар; қаржы рыногында жұмылдырылған қаражаттар; бюджеттік ресурстар. Бастапқы құн С, өндірілген С+V, ал С+V+m айырбасталатын құн болып табылатын С, V және m 3 элементінен тұратын өнім құнын ыдырата отырып, құн пропорциялары бірінші стадияда – өндірісте қалады және оның ұйымдық-техникалық сипатымен айшықталады деуге болады. Бұл пропорциялар материалдық шығыстар құнының, амортизациялық аударымдардың, еңбекке ақы төлудің, басқа шығымдардың, таза табыстың (пайданың) мөлшеріне негізделеді. Ал бұл параметрлер өндірістік факторлармен – өндіріс тұрпатымен (дара, ұсақ сериялы, сериялы, ірі сериялы, жаппай), жасалатын өнімнің (қызыметтердің) түрімен, техникалық жарақтандырылумен (қол еңбегі қолданылатын өндіріс, механикаландырылған, автоматтандырылған) айқындалады. Мәселен, материалды көп қажетсінетін өндірістерде шикізаттың, материалдардың (киім-кешек, азық-түлік тауарлары) құны, шикізат өндіруші өндірістерде қуат көзі, шығындары, амортизациялық аударымдар, еңбекті көп қажетсінетін өндірістерде жалақыға жұмсалатын шығындар (дәл прибор жасау, машине жасау) басым болады. Дара және ұсақ сериялы өндірістер бұйымдардың көп санына бұл шығындар <<шашырап таралатын >> жаппай өндіріске қарағанда еңбекке ақы төлеуге және амортизацияға жұмсалатын шығындардың өлкен үлестерімен айырылады. Жұмсалатын өнімнің түрлері сонымен бірге жасаудың ұзақтығын (өндірістік цикл) анықтайды. Өндіріс стадияларын қаралған аспектілері бұл стадияда қаржының қатысуын, сонымен бірге шығындарды қаржыландыру, өндіріс нәтижелерін – пайданы (таза табысты) кейін бөлу немесе залалдарды жабуға қаражаттар қарастыру түрінде оның қаржыға ықпалын да растайды.
Ұдайыөндірістік тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы – бір стадияның емес, тұтас
ал­ған­да ұдайы өндірістің категориясы деп санайды, өйткені, олардың пікірінше;
қоғамдық ұдайы өндірістің барлық стадиялары бір-бірімен тығыз байланысқан;
қаржы қоғам қызметінің бүкіл сферасына – материалдық өндіріске, айналыс пен тұтыну сферасына ене отырып, ұдайы өндірістің бір стадиясына ғана емес, жалпы бүкіл бұл үдеріске қызмет етеді;
қаржы қоғамдық өндіріс қозғалысының барлық стадияларында пайдаланылатын бақылаудың әмбебаптық құралы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет