ҚЎлпыбаев с



бет152/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

14.3. Бюджетаралық қатынастар
және бюджеттік реттеу механизмі

Рыноктық экономика жағдайларында бюджеттік үдерісте жоғарғы және төменгі бюджеттер арасындағы қатынастар, сонымен бірге кірістер мен шығыстарды бюджеттер деңгейлері арасында бөлу аса маңызды проблемалардың біріне айналып отыр.


Бюджеттік үдерісте республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы және республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады. Қазақстандық практикада бұл қатынастар шеңберінде бюджеттік федарализмге ұқсастығы жағынан бюджет жүйесінің деңгейі бойынша бюджеттік бөлініс іске асырылатын қатынастар болып келеді.
Бюджеттік кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Үкімет пен орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының, тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттік үдеріске араласуына жол берілмейді.
Бюджеттік кодекстен басқа өзге заңнамалық актілерде есебінен шығыстар қаржыландырылуға тиіс және түсімдер есептелуге тиіс болатын бюджет деңгейін белгілеуге жол берілмейді. Шығыстарды немесе түсімдердің жекелеген түрлерін бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне беру Бюджеттік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде шығыстардың ұлғаюына және (немесе) кірістердің азаюына әкеп соғатын жоғары органдардың нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауынан туындайтын, төменгі бюджеттердің шығындарын өтеу міндетті түрде жоғарғы бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі.
Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейінен жоғарғы деңгейіне беруге байланысты шығыстардың ұлғаюы­на әкеп соғатын заңнамалық актілер қабылдауынан туындайтын шығындарын өтеу міндетті түрде төменгі бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі.
Бюджетаралық қатынастар мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің республикалық бюджетпен, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің жоғарғы облыстық бюджетпен өзара қатынастарда теңдігі;
2) ара жігін ажыратудың мынадай өлшемдерінің бір мезгілде сақталуын ескеретін түсімдерді тиімді бөлу:
тұрақты сипаттағы, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер төменгі бюджеттерге бекітіледі;
мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтер ақысы болып табылатын салықтық және салықтық емес түсімдер аталған көрсетілетін қызметтер қаржыландырылатын бюджет кірісіне түседі;
қайта бөліну сипатындағы, сондай-ақ салық базасы әркелкі орналастырылған салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғарғы бюджеттер деңгейлеріне бекітіледі;
салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді бюджетке бекіткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін бюджет деңгейіне артықшылық беріледі;
нақты аумақтық байланыстылығы бар салық базасынан алынатын салықтар жергілікті бюджеттерге бекітіледі;
3) Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бірліктерінің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру;
4) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтердің бірдей деңгей ұсынуын қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызметтерді ұсынудың тиімділігі мен нәтижелілігі – мемлекеттік қызметтерді неғұрлым тиімді әрі нәтижелі қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейіне мемлекеттік қызметтерді бекітіп беру;
6) мемлекеттік қызметтерді ұсыну деңгейін оны алушыларға барынша жақындату – қызметтерді алушылардың қажеттіліктерін барынша дәл есепке алу және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қызметтердің атқарылуын бюджет жүйесінің мүмкіндігінше төмен деңгейіне беру.
Бюджетаралық қатынастар:
1) республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің арасында:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет