Тұқымды мал шаруашылығын қолдауға республикалық бюджеттік бағдарламасының нысаналы ағымдағы трансферттері бойынша нәтижелері туралы келісім №4



Дата26.06.2018
өлшемі107,59 Kb.


2013 жылға арналған 222 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер», кіші бағдарлама 101 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл

тұқымды мал шаруашылығын қолдауға» республикалық бюджеттік бағдарламасының нысаналы ағымдағы трансферттері бойынша нәтижелері туралы КЕЛІСІМ № 4

(бұдан әрі - Келісім)

«15» қаңтар 2013 ж.




  1. Тараптарды анықтау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) атынан министр Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков бір тараптан және Жамбыл облысының Әкімі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев (бұдан әрі - Әкім) екінші тараптан, «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы № 54-V Қазақстан Республикасы Заңының негізінде, келесілер туралы осы Келiсiмдi жасасты.
2. Келiсiм мәнi, мақсаттары мен мiндеттерi

2.1. Осы Келiсiмге сәйкес 2013 қаржы жылына арналған 222 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер», кіші бағдарлама 101 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға» бойынша республикалық бюджетте көзделген нысаналы трансферттер шегiнде тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзу бойынша мiндеттеменi Министрлік бередi, ал Әкiм өзiне қабылдайды.



2.2. Мақсаты:

2.2.1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту.



2.3. Міндеті:

2.3.1. Отандық тауарөндірушілердің асыл тұқымды өнімге материалға қол жетімділігін қамтамасыз ету.

2.3.2. Барлық мал санының ішіндегі асыл тұқымды малдың үлес салмағын арттыру.

2.3.3. Мал шаруашылығы және құс шаруашылығының асыл тұқымды базасын ұлғайту.

2.3.4. Жалпы сандағы асыл тұқымды малдардың меншікті салмағын арттыру.
2.4. Тікелей нәтижелер:

2.4.1. Сатып алынатын асыл тұқымды өнімнің (материал) көлемін субсидиялау, оның ішінде:



  • импорттық асыл тұқымды ІҚМ төлі 805 бас;

  • отандық селекциялық асыл тұқымды ІҚМ төлі 649 бас;

  • асыл тұқымды төл 42 383 бас;

  • селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізу 9 449 бас;

  • ет бағытындағы бұқаларды күтіп бағу 44 бас;

  • асыл тұқымды бұқа ұрығы 15,8 мың доза.


2.5. Түпкілікті нәтижелер:

2.5.1. Сатып алынатын асыл тұқымды өнім (материал) көлемі құрайды, оның ішінде:

- импорттық асыл тұқымды ІҚМ төлі 795 бастан 805 басқа дейін немесе 101,3%;

- отандық асыл тұқымды ІҚМ төлі 649 басқа дейін;

- асыл тұқымды төл 42383 басқа дейін;

- асыл тұқымды бұқа ұрығы 15,8 мың доза.



2.5.2. Асыл тұқымды малдардың саны артады:

- импорттық асыл тұқымды төл бойынша 795 бастан 1600 басқа дейін немесе 201,3%;

- ірі қара малы бойынша 9723 бастан 9820 басқа дейін немесе 101,0%;

- жылқы бойынша 9784 бастан 9930 басқа дейін немесе 101,5%;

- қой бойынша 255860 бастан 261233 басқа дейін немесе 102,1%;

- шошқа бойынша 4420 бастан 4530 басқа дейін немесе 102,5%;


3.Нысаналы трансферттердiң сомасы және төлем тәртiбi

3.1. Жамбыл облысы үшiн 222 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер», кіші бағдарлама 101 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінеа асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға» бюджеттiк бағдарламасы бойынша нысаналы трансферттiң сомасы 769 005,0 (жеті жүз алпыс тоғыз миллион бес) мың теңгенi құрайды. Нысаналы трансферттер сомасының айлар бойынша бөлiнуi осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын 1-қосымшада келтiрiлген.

3.2. Министрліктің Жамбыл облысы бюджетi кiрiсiне нысаналы трансферттiң сомасын аударуы:

- ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша Келiсiмнiң 1-қосымшада келтiрiлген нысаналы трансферттер сомасының айлар бойынша бөлiнуiне сәйкес айдың (қаңтар, 25-күнiнен кешiктiрмей) бiрiншi 5 жұмыс күнiнде;

3.3. Жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттi төменгi тұрған бюджеттiң кiрiсiне аудару үшiн мынадай құжаттар қажет:

- Нысаналы трансферттер жөнiндегi нәтижелер туралы Келiсiм;

- төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарлары.
4. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
4.1. Әкiм:

- осы Келiсiмде келтiрiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзудi толық көлемде және кепiлдендiрiлген сапада, уақтылы қамтамасыз етуге;

- 10-тармақта көрсетiлген мерзiмде және нысанда Министрлікке тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге iс жүзiнде қол жеткiзу туралы есептi ақпарат берiп отыруға;

- қызметтiң жоспарланған көрсеткiштерiне қол жеткiзбеу тәуекелдерiн басқару бойынша шараларды уақтылы қабылдауға;

- мемлекеттiк орган қызметiнiң жоспарланған көрсеткiштерiне барынша табысты қол жеткiзу үшiн заңнамаға сәйкес барлық қажеттi шараларды, оның iшiнде қосымша iс-шаралар жүргiзудi қолдануға;

- тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзу үшiн жоғары тұрған бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттердi уақтылы, тиiмдi және мақсатқа сай пайдалануға;

- өткен қаржы жылында республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттердiң сомасы, ол бойынша ағымдағы қаржы жылында одан әрі пайдалану (жете пайдалану) туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган шешім қабылдамаса, жыл басына арналған бюджеттік қаражат қалдықтары есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтаруға;

- мемлекеттiк қаржылық бақылау органы нысаналы трансферттер сомасының мақсатқа сай пайдаланылмағанын айқындаған жағдайда, бақылау актiсiне қол қойылғаннан кейiн бiр ай iшiнде осы трансферттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтаруға мiндеттенедi.
4.2. Әкiмнiң:

- Министрліктен нысаналы трансферттердiң уақтылы аударылуын талап етуге;

- Министрлікпен нысаналы трансферттердiң уақтылы аударылмауы жағдайында бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етуге;

- Министрліктің келiсiмi бойынша Келiсiмге өзгерiстер енгiзу жөнiнде ұсыныс енгiзуге құқығы бар.


4.3. Министрлік:

- Жамбыл облысының бюджетi кiрiсiне нысаналы трансферттiң сомасын осы Келiсiмнiң 3.2-тармағында көрсетiлген мерзiмде аударуға;

- жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер есебiнен орындалатын iс-шаралардың мониторингiн жүргiзуге;

4.4. Министрлік:

- Келiсiмнiң қосымшасына сәйкес тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге уақтылы, толық, сапалы қол жеткiзудi талап етуге;

- мемлекеттiк орган қызметiнiң көрсеткiштерiне қол жеткiзу кемшiлiктерiн жедел жоюды, қызметтiң жоспарланған көрсеткiштерiне қол жеткiзбеу тәуекелдерiн басқару бойынша шараларды уақтылы қабылдауды талап етуге;

- Үкiметтi:

1) Әкiмнiң осы Келiсiмге сәйкес мiндеттемелердiң орындалғанын растайтын құжаттарды ұсынбағаны туралы;

2) Келiсiмге қосымшаға сәйкес олардың орындалуы үшiн жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер бөлiнген iс-шараларды әкiм уақтылы және тиiсiнше орындамауы туралы;

- осы Келiсiмнiң мiндеттемелерiн бұзған үшiн әкiмге әкiмшiлiк шаралар қолдану туралы Үкiметке ұсыныс беру;

- осы Келiсiмге әкiммен келiсу бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хабардар етуге құқылы.


5. Ресми хабарламалар

5.1. Егер Әкiм Келiсiмдi орындау кезiнде нысаналы трансферттер шеңберiнде тiке және соңғы нәтижелерге жету бойынша мiндеттемелердi уақтылы орындауға кедергi болатын жағдайларға тап келсе, әкiм кешiктiрiлу фактiсi, оның болжамды ұзақтығы мен себебi туралы Министрлікті кiдiрмей хабардар етуi тиiс.

Бұл ретте, Келiсiмге өзгерiстер енгiзу осы Келiсiмнiң 7-тармағына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкiн.

5.2. Бiр Тарап екiншi Тарапқа жiберетiн кез келген хабарлама Келiсiмге сәйкес кейiннен хабарламаның түпнұсқасын жiбере отырып, жеделхат немесе факс түрiнде жiберiлуi мүмкiн.


6. Тараптардың жауапкершiлiгi

6.1. Министрлік өзiне алған мiндеттемелер үшiн қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес:

- нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдi уақтылы жасамағаны үшiн;

- осы Келiсiмнiң 3.2-тармағына сәйкес төменгi тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердi уақытылы аудармағаны үшiн;

6.2. Әкiм өзiне алған мiндеттемелерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес:

- нысаналы трансферттердi осы Келiсiмге сәйкес емес пайдаланғаны үшiн;

- Келiсiмдi уақтылы жасаспағаны үшiн;

- тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге нақты жету туралы есептiк ақпаратты ұсынбағаны немесе уақтылы, толық ұсынбағаны үшiн;

- мақсаттарға, мiндеттерге, тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге жетпегенi үшiн жауапкершiлiк тартады.
7. Келiсiмге өзгерiстер енгiзу

Келiсiмге өзгерiстер енгiзу мынадай жағдайларда:

- нысаналы трансферттер сомасы анықталған немесе түзетiлгенде;

- осы Келiсiмге 1-қосымшада келтiрiлген нысаналы трансферттер сомасын айлар бойынша бөлулер түзетiлгенде;

- бiр бюджеттiк бағдарлама шеңберiнде объектiлер арасында сомаларды қайта бөлу;

- күтпеген мән-жайлар туындаған жағдайда өзара келiсiм бойынша жүргiзiледi.


8. Форс-мажорлық мән-жайлар

Тараптардың бiреуi шартты толық немесе iшiнара орындауды мүмкiн емес ететiн жағдайлар, атап айтқанда: тараптарға байланысты емес өрт, дүлей апаттар, әскери қақтығыстардың барлық түрлерi және баска да тежеусiз күштiк мүмкiн жағдайлары туындаған кезiнде Мiндеттемелердiң орындалу мерзiмi осы жағдайлардың әрекетi iшiндегi уақытқа ұзартылады.


9. Дауларды шешу

9.1. Осы Келiсiмнен туындайтын немесе оған байланысты кез келген дау мен келiспеушiлiк Министрліктің бiрiншi басшысы мен әкiм арасында өзара келiссөздер жүргiзу жолымен шешiлетiн болады.

9.2. Министрлік және әкiм:

- олардың арасындағы өзара қолайлы шешiмдi iздеу мақсатында туындаған мәселенiң талдануын қамтамасыз етуге;

- олардың арасындағы өзара қолайлы шешiмдi таппаған жағдайда Премьер - Министрге туындаған жағдай туралы ұсыныс енгiзуге тиiс.
10. Есептi ұсыну нысаны мен мерзiмi

10.1 Әкiм 2,3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге нақты жету туралы аралық және қорытынды есептi Министрлікке және бюджета атқару бойынша орталық уәкiлеттi органға ұсынады.

10.2 Әкiмнiң тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге нақты жету туралы аралық есебi 2013 жылғы 30 шiлдеден кешiктiрiлмей жарты жылдық қорытынды бойынша берiлуi тиiс.

10.3 Әкiмнiң тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге нақты жету туралы қорытынды есебi 2014 жылғы 15 ақпанынан кешiктiрiлмей ұсынылуы тиiс.


11. Қолданылу мерзiмi

Келiсiм қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылады.


12. Заңды мекен жайлары мен банктiк деректемелерi:











Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ММ

Астана қ., 010000

Кенесары к-сі, 36

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Астана қаласы бойынша салық департаменті

СТН 600400035905

ЖСК KZ92070101KSN0000000

БСК KKMFKZ2A

БCН 941040000235



Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі
______________А. С. Мамытбеков

(қолы)


М. О.

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі Салық комитетінің Жамбыл облысы бойынша

Салық департаменті ММ

СТН 210 100 069 467

БСН 020540001980

БСК KKMFKZ2A

БЖК 402101

ТТК 979


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі «Жамбыл бойынша Қазынашылық департаменті» ММ



«Жамбыл облысы Әкімінің аппараты» ММ

Тараз қаласы, индекс 080008

Абай көшесі № 125

СТН 211 500 091 548

БСН 920 240 000 563

ЖСК KZ24070105KSN0000000

БСК KKMFKZ2A

Қазақстан Республикасы

«Қаржы министрлігі Қазынашылық Комитеті департаменті» ММ



Жамбыл облысының

Әкімі
__________________Қ. А. Бозымбаев

(қолы)


М. О.

Нысаналы трансферттер бойынша

нәтижелер туралы Келiсiмге

1-қосымша
Нысаналы трансферттер сомаларын айлар бойынша бөлу

222 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер», кіші бағдарлама 101 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға»
Кезеңi 2013 жылға арналған

Бөлiнген нысаналы трансферттер сомасы 769 005,0 мың (жеті жүз алпыс тоғыз миллион бес мың) теңге

Өлшем бiрлiгi мың теңге


Бағдар-лама

Кiшi бағдарлама

Барлығы

Қаң-тар

Ақпан

Наурыз

Сәуiр

Мамыр

Маусым

Шiлде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

222

101

769 005,0

-

-

-

20 000,0

30 000,0

30 000,0

120 000,0

120 000,0

120 000,0

150 000,0

129 000,0

50 005,0



Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі _____________________ А. С. Мамытбеков

(қолы)


М. О.


Жамбыл облысының әкімі _____________________ Қ. А. Бозымбаев

(қолы)


М. О.



Каталог: userfiles -> file
file -> В гости к Санта-Клаусу и Снежной Королеве 27-30. 12. 12
file -> Баукең ЖҰлдызды болған күн халықТЫҢ ЖҰлдызды болған күНІ
file -> «темекі түтінінен азат қазақстан үшін» Ұлттық одағЫ Қазақстандағы темекіге қарсы орталықтардың Қызметін ұйымдастыру
file -> БАҒдарламасы мазмұны кіріспе
file -> Бағдарламасының мониторингі бойынша жедел есептілік Есепті кезең 2013 жыл
file -> Модуль шифры мен атауы
file -> БАҒдарламасы «Жаңа білім беру үрдісінде колледждің көптілділікті іске асыру тәжірибесінен»


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу