ҚЎлпыбаев с


сызба. Функциялық критерийі бойынша қаржы жүйесінің құрамы



бет25/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

1.5 сызба. Функциялық критерийі бойынша қаржы жүйесінің құрамы



Сыныптаманың матасқан қатары ретінде буындар жоғары разрядтың элементтерін: қаржылық қатынастарды, қаржылық қорларды, басқарушы аппаратты қамтиды. Жүйелеудің мұндай қасиеті қаржы жүйесіне интеграциялық сипатты қосып береді.


Қаржы жүйесінің функциялық құрамы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруы тиіс:


біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақшалай қаты­настардың аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет;
екіншіден, тұтас алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан – ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржылық қатынастардың жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.
Қаржы жүйесін сыныптаудың функциялық критерийінен басқа қаржы субъектілерінің (қаржылық қатынастардағы қатысушылардың) белгісі бойынша сыныптау қолданылады, бұл қаржы жүйесін буындар бойынша: мемлекеттің қаржысына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысына межелеуге мүмкіндік береді (1.6 сызбаны қараңыз).


1.6 сызба. Буындар бойынша қаржы жүйесінің сызбасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ

Жалпымемлекеттік қаржы




Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы




Үй шаруа- шылықтарының (халықтың) қар- жысы

Мемлекеттік бюджет

Мемлекеттік кредит

Арнаулы бюджеттен тыс корлар

Матер­иал­дық өндіріс сферасы­ның қаржысы

Қызметтер сферасының қаржысы

Респу- блика- лық бюджет

Жергі­лікті бюджет­тер: облыс­тардың бюджет- тері, қала­лық, аудан­дық бюджет­тер

Мемле- кеттік борыш (ішкі, сыртқы)

ҚР Ұлттық қоры, Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, Әлеуметтік сақтанды-рудың мемлекеттік қоры, Ұлттық әл-ауқат қоры, Ұлттық иннова­циялық қор, Кәсіпкерлікті дамыту қоры, Білім қоры, басқалары



Ауыл шаруашылығы-ның, кен өндіру өнеркәсібінің, өңдеуші өнеркәсіптің; электр қуатын өндіру және бөлу, газ және су; құрылыстың; аңшылық және орман шаруашылығының, балық өсіру, балық аулау қаржылары

Сауда, көлік және байланыс; автомобилдер мен үйде пайдаланатын бұйымдарды жөндеу бойынша қызметтердің; мейменханалар мен мейрамханалардың; қаржылық қызметтердің; жылжымайтын мүлікпен, жалдаумен және кәсіпорныдарға қызметтер операцияларының; мемлекеттік басқару; білім беру; денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер; басқадай коммуналдық, әлеуметтік және арнаулы қызметтер; үй шаруашылығын жүргізу бойынша қызметтер; қаржылық делдалдар қаржылары

Орталықтандырылған қаржылыр

Орталықтандырылмаған қаржылар

Сөйтіп, Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйе­сінің құрамы қаржылық қатынастардың біршама дербес мына буындарынан тұрады:


1) мемлекеттің бюджет жүйесі;
2) арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
3) мемлекеттік кредит;
4) жергілікті қаржы;
5) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
6) халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысы.
Қаржылық қатынастардың алғашқы үш бөлігі жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, үй шаруашылықтарының қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет