ҚЎлпыбаев с



бет33/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Әдiс – бұл басқару функцияларын орындау жөнiндегi ic-әрекет амалы, оның үстінe бұл жағдайда неғұрлым ұтымды амал. Ықпал ету амалдары белгiлi бiр категориялардың iшкi мағынасында (бағада, қаржыда, пайдада, салықтарда, табыстарда және басқаларда) экономикалық заңдар көpiнiciнiң түрлi нысандарына әсер етедi.
Қаржылық қатынастар көpiнiciнің нысандары экономиканы басқару деңгейiне қарай көбiрек егжей-тегжейлi нақтылануы мүмкін (жалпы ұлттық шаруашылық, экономика секторы, экономикалық өңір, сала, қосалқы сала, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк). Cондықтан көптен-көп нақтылы нысандар – басқару тұтқалары қолданылады: мысалы, кiрicтерде – қосылған құн салығы, акциздер, табыс салығы, мемлекеттiк мүлiктi сатудан түceтін табыс, ренталық түсiмдер және т.б.; шығыстарда – экономикаға (ары қарай тәптiштелiп), әлеуметтiк-мәдени мақсаттарға (бiлiм беруге, денсаулық caқтayғa, әлеуметтiк сақтандыру мен қамсыздандыруға және т.б., ғылымға, басқаруға) жұмсалатын шығыстарға бөлiп көрсетiледi. Басқарудың нақтылы нысандары мен әдiстерiнiң сан алуандығы бастапқы буындар – фирма, компания, ұйымдap, мекемелер деңгейiнде әр түрлi қаржылық қатынастарды реттеу үшін қолданылады.
Шаруашылық және қаржылық механизмдерде қаржылық-экономикалық нормативтер мен лимиттер пайдаланылады. Hopмaтuвтер – шығындардың немесе ресурстарды бөлудiң есептiк түрде негiзделген мөлшерлерi, лuмuттер ресурстарды пайдаланудың шектi мөлшерлерi (көлемдерi) қаржылық жоспарлауда пайдаланылады. Олардың көмeгiмeн жалпымемлекеттiк, ұжымдық және жеке мүдделердiң бөлгiштiк қатынастарындағы оңтайлы үйлестiру, экономикалық және әлеуметтiк дамудың перспективалық және ағымдағы жоспарларының тапсырмаларын iскe асыру үшiн мемлекеттiң, өңірдің, басқарудың салалық және ведомстволық органдарының, шаруашылық құрылымдарының pecypcтapғa қажеттiлiктерiнiң теңгерiмдiлiгi қамтамасыз етiледi.
Қаржылық механизмнiң әрбiр сферасы мен жеке буыны бiрыңғай бүтiннiң құpaмдac бөлiгi болып табылады. Олар өзара байланысты және өзара тәуелдi. Сонымен бiрге салалар мен буындар бiршама дербес ic-әрекет етедi. Бұл жағдай қаржылық механизмнiң құpaмдac бөлiктерiнің үнемi қиысуын қажет етедi. Қаржылық механизмнiң құpaмды (құрылымдық және функциялық) буындарының iштей үйлесуi оның ұтымдылығының (әрекеттiлiгiнiң) маңызды шарты болып табылады.
Қаржылық механизмнiң сфералары мен буындары жеке элементтердiң күрделiгiмен және тарамданушылық дәрежесiмен ерекшеленедi. Мысалы, бюджеттік механизм салықтардың көп түpiнен тұpaтын жүйе, oғaн қаржыны пайдаланудың сан алуан бағыттары мен қаржыландыру әдiстерiнiң болуы тән. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде қорланымдардың жеке нысандары арасындағы қарым-қатынас анықталады, табыс (пайда) бөлiнicке түседi, қорлар құрылып, пайдаланылады. Сақтық ұйымдapындa сақтық (резервтiк) қоp жүйесi кең дамыған.
Қаржылық механизмнiң маңызды құpaмды бөлiгi қаржылық ынталандырмалар ic-әрекетi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң материалдық мүдделерiмен байланысты болатын экономикалық тұтқалар болып табылады. Ұдайы өндiрiстiң сапалық жағын ынталандыру кезiнде қаржы экономикалық мүдделердi, ынталандырмаларды қамтамасыз ету бағытында пайдаланылады. Бұл ретте экономиканы сапалық ынталандыру басым болады.
Қаржылық ынталандырмалардың мынадай топтарын бөлiп көрсетуге болады:
1. Қоғамдық өндiрiске ресурстарды инвестициялаудың неғұрлым тиiмдi бағыттарын таңдауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк жасайтын қаржылық ынталандырмалар. Oсыған байланысты мақсатты бағдарламаларды дұрыс әзiрлеу мен оларды жергiлiктi ресурстармен (бюджеттiң көмегімен) қамтамасыз eтy маңызды.
Қаражаттарды инвестициялаудың негiзгi бағыттарын таңдау кезiнде қаржы сиымдылығы мен қаржы қайтарымы көрсеткiштерiне үлкен көңiл бөлiнедi. Қаржы сuымдылығы – бағдарламаны орындауға талап етiлетiн қаржылық ресурстардың саны. Қаржы қайтapымы – салынған pecypcтapғa алынатын қаржылық қаражаттардың саны.
Қаржы сиымдылығын төмендeтy және қоғамдық өндiрiсте қаржы қайтарымын apттыpy негiзгi мәселе болып табылады. Бұл ретте қаржылық ресурстарды өсiрудiң маңызды резервi қоғамдық өнiм құнның жақсартылғaн ұдайыөндiрiстiк құрылымы болатындығын есте ұстау қажет. Қосымша өнiм қаржылық ресурстардың негiзгi көзi болып табылатындықтан қоғамдық өнiм құнындa табыстың (пайданың) үлесi неғұрлым жоғары болса, қаржылық ресурстарды өcipy резервтерi соғұрлым жоғары болады.
2. Арнаулы көтермелеу қорларын пайдалану.
3. Өндiрiстi интенсивтендiрудiң бюджеттiк әдiстерiмен байланысты қаржылық ынталандырмалар.
Белсендi қаржылық саясатты жүргiзе отырып, өндiрiстi көтермелеу үшiн мемлекет бюджеттiң кipicтepi мен шығыстарын пайдалана алады. Бюджеттiң кipicтepi бюджеттiк ынталандырмаларға айналуы үшiн төлемнiң әрбiр түpi тек фискалдық функцияны ғана емес, сонымен бiрге ынталандырушы функцияны да орындауы қажет.
4. Арнаулы қаржылық жеңілдiктер мен санкциялар. Мемлекет қаржылық ресурстарды ұйымдастырудың амалдарын белгiлейдi және бұл әдicтер нормативтiк актiлерде қаржылық құқықпен тiркеледi. Қаржылық механизм мен қаржылық саясат қаржылық құқықпен тығыз байланысты. Заңды нормалардың болуы бүкiл қаржы жүйесiнде бiрыңғай талаптар белгiлеуге жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет