ҚЎлпыбаев с



бет41/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Салық комитетінің аппараты мынадай басқармаларды кіріктіреді: салық салу әдіснамасы, салық аппеляциялары, ұйымдық қамтамасыз ету, ірі салық төлеушілердің әкімшілігі мен мониторингі, кірістерді талдау және ағымдағы болжау, салық төлеушілер мониторингі, халықаралық салық салу, ақпараттық технологиялар, ұйымдық-қаржылық қамтамасыз ету, заң және т.б. басқармалары.
Облыстық, қалалық, аудандық салық комиттерінің міндеттері мыналар:
салық төлеушілер мен салық салынатын объектілерді уақтылы есепке алуды қамтамасыз ету, салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығын, төлеудің толықтығы мен уақтылығын бақылау;
есептелген және төленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді есепке алу;
салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдердің түсуі арқылы есептемені жасау;
бюджетке салықтар мен басқа төлемдерді есептеумен және төлеумен байланысты салықтық есеп-қисаптардың, мағлұмдамалардың және өзге құжаттардың нысандарын әзірлеу;
салық заңнамасын қолдану жөнінде нұсқаулық және әдістемелік нұсқаулар, басқа оқу құралдарын басып шығару.
Облыстар, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандардың салық комитеттеріне мынадай құқықтар берілген:
меншіктің кез келген нысандарына және ұйымдық құқықтық нысандарға негізделген заңи тұлғалардың, шетелдік заңи тұлғалардың, қазақстандық және шетелдік жеке тұлғалардың барлық ақшалай құжаттарына, бухгалтерлік кітаптарына, есептеріне, қаржыландырудың дара жоспарларына (сметаларына), ақшасының бар-жоғына, бағалы қағаздарына және басқа құндылықтарына, есеп айырысуларына, мағлұмдамаларына және бюджетке салықтар мен басқа міндетті төлемдерді есептеумен және төлеумен байланысты өзге құжаттарға тексеру жүргізуге;
өзінің өкілеттігін жүзеге асыру кезінде өндірістік, қойма, сауда, кассалық және өзге үй-жайларды, көлік құралдарын, басқа сақтау орындарын кәсіпкерлік қызмет үшін және пайданы (табыс) алуға арналған салық салу объектілерін ұстаумен байланысты кәсіпорындар мен халық мүлкінің пайдалануын тексеруге;
салық заңнамасын бұзған ұйымдарға, мекемелерге және азаматтарға «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексімен қарастырылған санкциялар мен әкімшілік айыппұлдарды қолдануға;
ұйымдар мен азаматтардың салық заңнамасын бұзуды жою жөніндегі талаптарды орындамаған жағдайда олардың есеп айырысу операцияларын тоқтата тұруға, салықтарды, айыппұлдарды және өсімпұлдарды уақтысында төлемеген жағдайда салық төлеушілердің мүлкін, ақшалай қаражаттарын тізімдеуге бюджетке төленетін салықтық және басқа төлемдер бойынша мерзімді ұзарту және бөліктеп төлеуге мүмкіндік беруге, салық службасы мәртебесімен анықталған өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде басқа құқықтарды пайдалануға.
Салық комитеттерінің лауазымды адамдарының қолданыстағы заңнамаға сәйкес өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін, тексерулердің нәтижелері мен қорытындыларын жоғары органдарға және жария етуге берілетін ақпаратты бұрмалағаны үшін, пайдакүнемдік мақсаттарда сөз байласқаны үшін, коммерциялық немесе өндірістік құпияны, кәсіпорындар мен азаматтардың салымдары құпиясын жария еткені үшін, олардың заңға қарсы іс-қимылдарымен келтірілген моралдық немесе материалдық зияны үшін жауапкершілігі болады.
Облыс, қала салық комитеттері: комитет төрағасын, оның орынбасарларын; салықтық тіркеу; ақпараттық технологиялар; салықтық әкімшілік ету; есеп және талдау; салық аудиті; қосылған құн салығы; акциздер; өндірістік емес төлемдер; салықтық берешекпен жұмыс жөніндегі; ішкі жұмыс; қаржылық-шаруашылық қызмет басқармаларын; заң; салық шағымдары бөлімдерін кіріктіреді.
Басқармалар бөлімдерден, соңғылар секторлардан (басқару функцияларының нақтылануына қарай) тұрады. Шоғырланумен немесе әртараптанумен байланысты комитеттер бөлімшелері атауларының түрленуі мүмкін: мысалы, қаржылық шаруашылықты қамтамасыз ету басқармасы, бухгалтерлік есеп және есептеме басқармасы, ұйымдық басқарма және басқалары болуы мүмкін.
Аудан бойынша салық комитеті: комитет төрағасын, оның орынбасарларын; заңи және жеке тұлғалар аудиті; есеп, жиынтық талдау және мониторинг; ақпараттық қамтамасыз ету; өндірістік емес төлемдер; өндіріп алу; жанама салықтар; заңи тұлғалардың, жеке тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің салықтық есептемесін қабылдау және өңдеу; салықтық тіркеу; ұйымдық-кадрлық жұмыс және құжат айналымы бөлімдерін кіріктіреді.
Басқарудың бұл буынында бөлімдер мен секторлар атауларының да түрленуі мүмкін: салықтық әкімшілік ету, ұйымдық-құқықтық жұмыс және өндіріп алу және т.б. бөлімдер. Бөлімдер бас мамандар, жетекші мамандар мен мамандар жұмыс істейтін секторларды кіріктіруі мүмкін.
Елімізде республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылаумен байланысты мәселелермен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айналысады, ол Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Есеп комитетінің құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен, сондай-ақ осы комитет туралы Қағидада айқындалған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет