Бюджеттік бөлімнің, бюджет бойынша инспекцияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
қала, аудан бюджетін жасау бойынша, шаруашылықта ішкі резевтерді анықтау және жұмылдыру және үнем режімін сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
қала, аудан бюджетінің жобасын жасау бойынша жұмыстарды орындау;
қала, аудан бюджетінің орындалу барысына бақылауды жүзеге асыру, қаржы бөлімінің басқа бөлімшелерімен бірлесіп бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету, бюджет кірістерін көбейтуді іздестіру және шығыстарды үнемдеу бойынша ұсыныстарды дайындау;
бюджеттік заңнаманы, үкімет қаулыларын, биліктің жергілікті органдарының шешімдерін және бюджетті жасау мәселелері бойынша жоғарғы қаржы органдарының нұсқауларын қатаң сақтауды бақылау.
Облыстық, қалалық қаржы басқармаларының және аудандық қаржы бөлімдерінің кірістер түсімдерін болжау мен экономикалық талдау бөлімдері мына жұмыстарды жүргізеді:
мемлекеттік бюджетке салықтар мен кірістердің жылдық түсімдерін жобалауды және бұл кірістердің түсімдерін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
бойынша бюджетке түсетін салықтық және басқа төлемдердің және халықтың салықтық төлемдерінің түсімін бақылауды жүзеге асырады;
мемлекеттік бюджеттің бюджетке кірістердің, салықтардың және басқа төлемдерге қатысты бөлігінде кіріс бөлімінің атқарылуы туралы есептемені жасайды;
бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалу барысын талдайды, бюджетке кірістердің түспеуін болдырмау бойынша оперативтік шаралар қабылдайды, бюджеттік ресурстарды көбейту бойынша ұсыныстар даяралайды;
бюджет жобасын және оның мемлекет кірістері бөлігінде атқарылуы туралы есепті қарауға қажетті материалдарды даярлайды.
Материалдық өндірісті және өндірістік емес сфераны қаржыландыру бөлімі бекітілген бюджетке сәйкес тиісті бағыныштағы кәсіпорындарды, ұйымдарды және мекемелерді және олардың өндірістік және қаржы болжамдарының, жоспарларының және көрсеткіштерінің орындалуына қарай бюджеттен қаржыландыруды жүзеге асырады, қаржаттарды үнемді және мақсатты жұмсалуына алдын ала, ағымдағы және кейінгі бақылауды жүргізеді.
Жергілікті қаржы органдарының міндеттеріне мемлекеттік қаржылық тәртіпті сақтауды бақылау кіреді. Осы мақсатпен олар шаруашылық органдар мен мекемелер әзірлеген жоспарлар мен сметалардың дұрыстығы мен объективтілігін тексереді, жергілікті әкімшілер бөлімшелерінің бухгалтерлік есептері мен баланстарын қарайды.
Мемлекеттің кірістерін жұмылдыру бойынша аса маңызды функцияларды Салық службасы орындайды. Салық службасының органдары уәкілетті мемлекеттік органнан – Салық комитетінен және органдарынан – облыстардың, қалалардың, аудандардың комитетінен тұрады (12.3 параграфты қараңыз).
Салық комитетi орталық атқару органының өз құзыры шегiнде салық және бюджетке төленетiн басқа мiндеттi төлемдердiң толық және уақтылы түсуiн, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету, этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі мен айналымы, темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымы, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымы саласындағы iске асырушылық және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қаржы министрлiгінiң ведомствосы болып табылады.
Салық комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте Қаржы министерлігінің құзыры шегінде мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісі мен импортына, Қазақстан Республикасында лотерея ұйымдастыру және өткізу қызметтеріне лицензия беру, сондай-ақ олардың өндірісі мен айналымы саласында есепке алуды, есептемені ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызмет көрсету;
Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің Мемлекеттік тізілімін жүргізу;
жер қойнауын пайдалануға арналған контракттар жобалары мен бұрын жасалған контракттарға енгізілетін жер қойнауын пайдалануға арналған контракттарға өзгерістер мен толықтырулар жобаларына салық сараптамасын жүргізу;
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту жөніндегі мәселелерді қарау;
салық берешегін мәжбүри өндіріп алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
мұнай өнімдерінің өндірілуі мен айналымының теңгерімін жасай отырып, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымы бойынша бірыңғай дерекқор жүргізу;
мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай жеткізушілердің және мұнай өнімдерін базадан сатуды жүзеге асыратын тұлғалардың, сондай-ақ темекі өнімдерін өндіретін тұлғалардың қызметінің мониторингін жүргізу;
салық төлеушілерге мемлекеттік қызмет көрсету;
салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау;
салық заңнамасының орындалуына бақылау жүргізу бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымына бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
«Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салықтық кодексте) белгіленген тәртіппен салықтардың, өсімақы мен айыптар есептелген сомасы бөлігінде, сондай-ақ салық службасы органдары лауазымды тұлғаларының әрекеті (әрекетсіздігі) бөлігінде салықтық тексерулердің актілері бойынша хабарламаларға заңи және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау;
мыналарға салықтық бақылауды жүзеге асыру:
салық төлеушінің тіркеу есебіне; салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілердің есебіне; бюджетке түсімдердің есебіне; қосылған құн салығын төлеушілердің есебіне; салықтық тексерулерге; камералдық бақылауға; салық төлеушілердің қаржы-шаруашылықтық қызметіне мониторингіне; фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану қағидаларына; акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалауға және акциз бекеттерін белгілеуге; мемлекет меншігіне айналған мүліктерді есепке алу, бағалау және сату тәртібінің сақталуын, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналған мүліктердің толық және уақтылы берілуін тексеруді; салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді дұрыс есептеу, толық өндіріп алу және уақтылы аудару мәселелері бойынша уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға бақылау;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес таңбалауға жататын акцизделетін өнімдер бойынша акциз таңбалары мен есепке алу-бақылау таңбаларының жасалуын, сақталуын, сатып алынуын, есепке алынуын және берілуін, сондай-ақ таңбалау қағидаларының сақталуын бақылау;
мемлекет меншігінен алынған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін сақтауға, оның Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті органға толық және уақтылы берілуіне, сондай-ақ оны өткізген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуіне бақылау;
халықаралық шарттарды әкімшілендіру және салық салу мәселелері бойынша шетелдік мемлекеттердің құзырлы органдары арасындағы ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуінің толықтығын көздейтін заңнаманың сақталуын бақылау;
нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыры шегінде салықтық және салықтық емес түсімдерді бақылау және талдау;
халықаралық іскерлік операцияларда трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылауды, тауардың (жұмыстың, қызметтің) рыноктық бағасынан мәміле бағасының ауытқуы мәселесі бойынша тексеруді, рыноктық бағадан мәміле бағасының ауытқуы фактісін анықтау кезінде салық салу объектілерін түзету және олар бойынша трансферттік бағалар қолданылуы мүмкін мәмілелер тізілімін жүргізу;
этил спиртін өндірудің технологиялық желілерінің және алкоголь өнімдерін құю желілерінің тиісті спирт өлшейтін аппараттармен және есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтандырылуын, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарында, мұнай өнімдерінің базаларында және жанармай құю станцияларында есептеуші бақылау аспаптарын және олардың жұмыс істеуін бақылау;
алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін сату кезінде ең төменгі бағалардың сақталуын бақылау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге функциялар.
Комитетке оған жүктелінген негізгі міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру кезінде көп құқықтар берілген, атап айтқанда:
өз құзыры шегінде салықтық міндеттемелердің туындауы, орындалуы мен тоқтатылуы бойынша түсіндіруге және түсінік беруге;
Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып салықтық міндеттемелерді орындауға байланысты салық төлеушінің бухгалтерлік құжаттамаларын, сметаларын, ақшасының бар-жоғын, бағалы қағаздарын, есептерін, мағлұмдамаларын және өзге құжаттарын тексеруді жүргізуге;
салық төлеушіден уәкілетті орган белгіленген нысандар бойынша салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу (ұстап қалу мен аудару) жөніндегі құжаттарды, оларды толтыру бойынша түсіндірмелерді, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының және Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына аударылатын әлеуметтік аударымдардың дұрыс есептелуін және уақтылы төленуін (ұстап қалу және аудару) растайтын құжаттарды беруді талап етуге;
салықтық тексеруді жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіпте салық төлеушіден салықтық құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы куәландыратын құжаттарды алуды жүргізуге;
олардың орналасқан жеріне қарамастан табыстар алу үшін пайдаланылатын кез келген салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді тексеруге, салық төлеушінің мүлкін (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеуді жүргізуге;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша салық төлеушіден заңнамада белгіленген тәртіппен электрондық құжаттар түрінде ақпарат алуға;
салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеушіге - заңи тұлға мен дара кәсіпкерге;
қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіпте әрекетсіз заңи тұлғаға;
заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Қазақстан Республикасының Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген тұлғаға және оның зайыбына (жұбайына) қатысты коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, банктерден немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан оның банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер алуға;
«Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салықтық кодексте) көзделген жағдайларда салық төлеушінің салықтық міндеттемелерін жанама тәсілмен анықтауға;
өз құзыры шегінде субъектілердің этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымы саласында қолданылатын технологиялық үрдістің, сақтаудың және сатудың нормаларын, қағидаларын және нұсқаулықтарын сақтауын тексеруге;
заңнамада белгіленген тәртіпте Комитеттің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпараттар мен құжаттарға сұрау салуға және алуға;
Қазақстан Республикасы заңнамалық актілермен көзделген өзге функцияларды жүзеге асыруға құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |