ҚЎлпыбаев с


сызба. Қаржылық механизмнiң жүйесі



бет32/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

2.2 сызба. Қаржылық механизмнiң жүйесі

Қ А Р Ж Ы Л Ы Қ М Е Х А Н И З М ( Ж Ү Й Е )

Қ О С А Л Қ Ы Ж Ү Й Е Л Е Р

ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ (БОЛЖАУ)

ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰТҚАЛАР МЕН ЫНТАЛАНДЫРМАЛАР

ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖІМ

Б Л О К Т А Р

Қаржы болжамдары, жоспарлары және баланстары

Қаржылық көрсеткіштер

Қаржылық нормалар мен нормативтер (ағымдағы қаржыландыруда қолданылатындары)



Қаржылық ресурстарды бөлудің нормативтері (макроэкономикалық нормативтер: салықтардың мөлшерлемелері аударымдардың нормалары)

Ұдайы өндірісті және ынталан-дыруды қаржылық қамтамасыз ету қаражаттары

Қаржыны басқаруды ұйымдастыру

Қаржылық қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік актілер

Қаржылық бақылау

ЭЛЕМЕНТТЕР

(қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың алғашқы, бастапқы түрлерінің, нысандарының, әдістерінің, олардың сандық анықтау амалдарының қосалқы жүйелері мен блоктарына сай келетін нақтылы атаулары)

Қаржылық механизмнiң қосалқы жүйесi (бөлiгi) оның неғұрлым маңызды қозғаушы күшi болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржылық тұтқалар мен ынталандырмалар, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесiнiң құқықтық режiмi, қаржыны ұйымдacтыpy.


Қаржылық механизмнiң блогы (буыны) – бұл жалпы мақсатты бағыттылық белгiсi бойынша бiрiккен бiркелкi өзара байланысты элементтердің жиынтығы.
Қаржылық механизмнiң элементi бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол apқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері айрықшалықты түрде бiлiнедi.
Әрбiр элемент бiрыңғай қаржылық механизмнiң құpaмды бөлiгi болып табылады, бiрақ өзiнше жұмыc iстейдi және барлық элементтер келiсудi талап етедi.
Қаржылық механизм элементтерiнiң – қаржылық қатынастарды ұйым­дас­тыру нысандарының, түрлерiнiң, әдicтерiнiң үйлесуi қаржылық механизм­нiң «конструкциясын» құрайды, ол механизмнiң әрбiр элементiнiң сандық параметрлерiн белгiлеу жолымен, яғни алудың мөлшерлемелері мен нормаларын, қорлардың көлемiн, шығындардың деңгейiн және басқаларды анықтау арқылы қозғалысқа келтiрiледi. Сандық параметрлер мен оларды анықтаудың сан алуан әдiстерi қаржылық механизмнiң ең шамдағай бөлiгi болып табылады. Олар түзетулерге жиi ұшырайды, өндiрiс жағдайлары мен қоғам алдында тұрған мiндеттердiң өзгерiсiн сергек сезiп отырады. Мысалы, табысты (пайданы) бөлудiң әдiстерi және кәсiпорын мен мемлекет арасында оның бөлiнуiнiң арақатысы әлденеше рет өзгереді, салықтардың мөлшерлемелері түзетiледi және т.б.
Қоғамдық өмiрде қаржының диалектикасы тұлғалану нысандары мен ic-әрекет әдiстерiнiң өзара iс-қимылы арқылы білiнедi.
Нақты өмiрде, шаруашылық және қаржылық механизмдерде абстрактты экономикалық (құндық) категориялар нақтылынады және нақтылы нысандар peтіндe болады.
Нақтылы нысандар деп адамдар жоспарлайтын, өзгертетін, есепке алатын категориялар ұғынылады. Нақтылы нысандар – бұл экономикалық категорияларды іске асыру нысандары. Жалпы қаржы арқылы емес, оның нақтылы нысандары (қаржылық қосалқы категoриялары) – бюджет, табыстар, шығыстар арқылы адамдардың өз мақсаттарында экономикалық заңдарды пайдалануы болады. Бұл мағынада айтылған нақтылы нысандар ұдайы өндiрiс үдерістерiн басқарудың қаржылық тұтқалары болып табылады.
Категориялар мен қосалқы категориялар – тиісті функцияларға қабілетті болатын нысандар, олар бағыныштылық тәртібінде жылжуына қарай нақтыланып отырады («жүйе – жүйеде - ... жүйесінде» жүйелік қағидатқа сәйкес); мысалы, «салық – табыс салығы – корпоративтік табыс салығы – жиынтық жылдық табыс ... – жиынтық жылдық табыстан шегерімдер ... – салық салынатын табыс – таза табыс». Сондықтан категорияның келесі реттері функцияларының олардың көптен-көп нақтылануына қарай «қаржылық механизм» ұғымының іс-әрекет саласына өту заңдылығы бақылап отырылады. Тап осы феномен экономикалық категория ретіндегі қаржының функциялары арасындағы диалектикалық қарама-қайшылықтарды шешеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет