ҚЎлпыбаев с



бет253/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Клирингтік комиссия қор мәмілелерінің қатысушылары арасында есеп-қисаптарды ұйымдастыру нысанындағы сауда-саттықтан кейінгі операциялармен айналысады, сонымен бірге тауарды жаңа иеленушілерге жеткізуді ұйымдастырады. Төрелік комиссиясы қор биржасының атқарушы органы болып табылады және мәмілелер қатысушыларының арасында пайда болатын құқыққа сәйкестілігі мен операцияның заңдылығына қатысты дауларды шешумен айналысады.
Сауда-саттықтарға қатысуға жіберлетін өзге тұлғалар тек байқаушылар (қадағалаушылар) рөлінде бола алады.
Қор биржасындағы сауда-саттықтардың негізі – биржаның сауда жүйесі, ол тиісті үй-жайлардың, құрал-жабдықтың, бағдарламалық-техникалық құралдардың, сондай-ақ көмегімен бағалы қағаздармен мәмілелер жасасылатын ішкі құжаттар мен рәсімдердің жиынтығы болып табылады. Сауда-саттықтардың қатысушылары биржа залындағы өз орнынан тікелей және «интернеттрейдинг» жүйесі бойынша қашықтықтан қол жеткізу режімінде жұмыс істей алады. Биржада сауда-саттықтар күнде жүргізіледі. Бағалы қағаздың және шетелдік валютаның әрбір түрі үшін өзіндік регламент анықталған.
Сауда-саттықтарды өткізудің негізгі әдісі үздіксіз ыңғайласпа аукциондық әдіс болып табылады, бұл әдіс кезінде алдын ала өтінімдер беруге мүмкіндік болады. Бұл әдіспен биржаның ресми тізіміне кіріктірілген акцияларды сатуға және сатып алуға өтінімдер бағаларының тоқайласу немесе бұлтартпау, сондай-ақ сатуға және сатып алуға алдын ала ыңғайласпа өтінімдерде көрсетілген бағалардың тоқайласу немесе бұлтартпау мезеті айқындалады.
2008 жылы Қазақстан қор биржасының сауда айналымының құрылымында мәмілелердің ед­әуір бөлігі (61,9%) «репо» операцияларына, 33,7% – шетелдік валютамен операцияларға, 2,2% – мем­лекеттік бағалы қағаздармен операцияларға тиді; корпоративтік бағалы қағаздармен операцияларға небәрі 2,2%, соның ішінде акциялармен операцияларға 1,1% және корпоративтік облигациялармен операцияларға 1,1% тиді.
«Репо» операциясы сауда жүйесінде екі әдіспен жүзеге асырылуы мүмкін:
1) «тура» әдіспен – тура мәмілелер жасасу әдісімен жүргізілетін сауда-саттықтарда;
2) «автоматтық» әдіспен – автоматтық репо рыногында үздіксіз ыңғайласпа аукциондық әдіспен жүргізілетін сауда-саттықтарда.
«Автоматтық» әдіспен жүзеге асырылатын репо операциялары сауда жүйесінде жекелеген қаржылық құралдар (инструменттер) ретінде пайдаланылады.
«Тура» әдіспен жүзеге асырылатын репо операцияларының предметтері ретінде пайдаланылатын бағалы қағаздарды биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздар ішінен осы операциялар қатысушылары өзінше анықтайды.
«Автоматтық» әдіспен жүзеге асырылатын репо операцияларының предметтері ретінде пайдаланылатын бағалы қағаздарды репо сатушылары биржаның ішкі құжатына сәйкес анықтайды.
Мәміле қорытындысы биржаның сауда жүйесінде тіркелінеді және тиісті биржалық куәліктермен ресімделеді. Биржалық куәлік – бұл бағалы қағаздар сатып алу-сату мәмілесін жасасу фактін және осы мәмілені биржаның есепке алуын растайтын басты құжат.
Қор биржасында операцияларды тек оның мүшелері жүзеге асырады. Олардың тапсырмасымен тікелей бағалы қағаздарды сату-сатып алуды брокерлер мен дилерлер жүзеге асырады.
Мысалы, брокер – клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүдделерiн көздеп, эмиссиялық бaғалы қағаздармен және өзге қаржылық құралдармен мәмiлелер жасайтын бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушы. Ол өз клиенттерiнiң бағалы қағаздарымен жасалатын операциялар есебiн арнаулы шоттарда жүргiзедi. Брокер клиенттердiң бағалы қағаздарының нақты ұстаушысы ретiнде болуы мүмкін.
Бағалы қағаздармен операцияларды сондай-ақ мұндай қызметке лицензиялары бар дербес құрылымдық бөлімшелер ретіндегі тауар және валюта биржаларының қор бөлімдері де жүзеге асырады.
Өзгедей биржалардың қор биржасы мен қор бөлімдері заңнамалық тәртіппен бекітілген қағида, Биржаның жарғысы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасаудың ішкі ережелері негізінде іс-әрекет етеді.
Биржаны басқарудың жоғары органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады, жиналыстар арасындағы үзілісте биржалық кеңес жұмыс істейді.
Биржа мүшелері, бағалы қағаздар эмитенттері, трейдерлер биржалық сауда-саттықтардың қатысушылары бола алады.
Бuржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгiлеу ұйымы акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушы клиенттердiң арасында баға белгiлеу арқылы айырбастау жүйесiн пайдалану мен қолдау арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңи тұлға. Бұл ұйымның негiзгi мақсаты оның клиенттерi apacындaғы бағалы қағаздарға баға белгiлеудің алмасу жүйесiн ұйымдастыру болып табылады. Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары ғaнa баға белгiлейтiн ұйымның клиенттерi бола алады.
Бағалы қағаздармен сауда-саттық, әдеттегідей, акциялардың стандарттық сандарымен анықталған лоттармен жүреді. Бір лоттағы олардың кәдуілгі саны жүз дана. Жеткізілім мен төлемнің мезгілдері, әдеттегідей, бір-үш күнді құрайды.
Биржаны басқарудың жоғары органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады, жиналыстар арасындағы үзілісте биржалық кеңес жұмыс істейді. Биржаның атқарушы органы дирекция болып табылады.
Сауда-саттықты ұйымдастырушының табысы оның негiзгi қызметiнен алатын қаражат есебiнен құрылады. Сауда-саттықты ұйымдастырушы мынадай жaғдайларда:
сауда-сатықты ұйымдастыушының мүшелiгiне кipгeнi үшiн;
сауда-саттықты ұйымдастырушының мүлкiн пайдаланғаны үшiн;
бағалы қағаздар листингi үшiн және олардың сауда-саттықты ұйым­дастырушысының тiзiмiнде болғаны үшiн;
мәмiлелердi тipкey және ресiмдеу үшiн;
ақпараттық қызмет көpceткeнi үшiн және өзге де жағдайларда ақшалай жарналар мен алымдар алады.
Биржаның табыстары оның өзiнiң функцияларын жүзеге асырумен, оның қызметiн ұлғайтумен және жетiлдiрумен байланысты шығыстарды жабуға бағытталады.
Биржаның негіз қалаушы қағидаты бағалы қағаздар рыногының өтімділігін қамтамасыз ету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет