ҚЎлпыбаев с



бет255/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

KazPrime индикаторы банкаралық депозиттердің қазақстандық рыногында ақшаларды орналастыру мөлшерлемелері бойынша орташа мағынаны бейнелейді. Индикатордың есеп-қисабын KASE күн сайын Индикаторды қалыптастыру туралы келісім қатысушылары биржаның сауда жүйесіне берілетін баға белгіленімдері бойынша жүргізеді.
KIBOR – әр түрлі мезгілге – 7,14 күнге, 1, 2 және 3 айға ақшаларды орналастырудың банктер жариялаған мөлшерлемелер бойынша орташа мәні. KIBOR-ды, KIBID-ты және KIMEAN-ды KASE күн сайын жұмыс күндері бойынша есептеп шығарады және биржанң веб-сайтында жарияланады.
KIBOR – депозитке ақшаларды орналастыру мөлшерлемелері бойынша орташа мәні (банктің басқа банкте депозитке ақшаларды орналастырғысы келген мөлшерлемесі – ұсыным параметрі).
KIBID – депозитке ақшаларды тартудың мөлшерлемелері бойынша орташа мәні (банктің депозитке орналастыру кезінде басқа банктен ақшалар қабылдағысы келген мөлшерлемесі – сұраным параметрі).
KIMEAN – орналастыру мен тарту мөлшерлемелері арасындағы орташа мән (индикативтік есептік көрсеткіш).
Шетелдік валюталар секторы бойынша рынок индикаторларының тобы есеп айырысудың әр түрлі тұрпаттарымен биржада саудаланатын шетелдік валюталарға теңгенің орташа безбенделген бағаның мәнін бейнелейді: TOD (today – мәміле жасасу күніндегі есеп-қисаптар); TOM (tomorrow – мәміле жасасу күніне қатысты келесі жұмыс күніндегі есеп-қисаптар) және SPT (екінші жұмыс күніндегі есеп-қисаптар).
Депозиттердің банкаралық мөлшерлемелерін (KIBOR, KIBID және KIMEAN) қор биржасы сауда жүйесіндегі қатысушылар түзетілімдерінің негізінде есептеп шығарады; мөлшерлемелер көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі LIBOR-ға ұқсас.

21.7 Капиталдардың жылыстауы, әкетілімі, безенуі ақшалардың ағылуы


Капиталдың құпия әкетілімі (жылыстауы)- бұл қолданыстағы нормативтік шешімді бұзумен жүзеге асырылатын шетелге капиталды аудару немесе оны қайтарудан бас тарту. Алайда капиталдың әкетілімі қолданыстағы заңнаманың шеңберлерінде де болуы мүмкін, бірақ тек экономикалық көз қарас тұрғысынан жария әкетілім ретінде сыныпталғанда, өйткені қазақстандық құқықтық режим экономикалық субъектілерге қолданыстағы құқықтық нормаларды бұзбайтын схемаларды қолдануға жағдай жасайды.


Капиталдың жылыстауын халықаралық экономикалық қатынастар кең таралған нысанынан- капиталдың әкетілімінен айыра білу керек.Капиталдың әкетілімі, мысалы әр түрлі елдердегі пайыздық мөлшерлеменің динамикасы сияқты рыноктық факторлардық ықпалынан болады.Капиталдың жылыстауы негізінен рыноктық емес факторлармен арандатылады.
Капиталдың безінуі- қаражаттарды неғұрлым сенімді және пайдалы орналастыру, инвестициялау, сондай-ақ олардың экспроприациялануынан құтылу мақсаттарында кәсіпорындар мен халықтың шетелге жағдайлық, мемлекет реттемейтін ақшалай қаражаттарының ( валютаның) кетісі жылыстауы.
Сөз жоқ, Қазақстан шегінен капиталдардың жылыстауының немесе безінуінің негізгі себептері экономикалық сферада жатыр және қашқан капиталдардың меншіктенушілерінің немесе иелерінің экономикалық мүдделерімен түсіндіріледі. Өз кезегінде, бұл экономикалық мүдделер ұмтылысты қалыптастырады: өзінің капиталдарын сақтандыруға; бұл капиталдарды молайтуға, оларды жұмыс істеуге мәжбүр етуге; тіршіліктегі капиталдардан салық төлеу қажеттігінен кетуге; мұра бойынша оларды беруге, оларға ресми түрде билік ету үшін әр кезде заңсыз жолмен алынған өзінің капиталдарына жариялық сипат беруге;капиталдардан Қазақстан аумағында мүмкіндігінше жоғары табыс алуға, т.с.с.
Шет жаққа капиталдар безінуін басқа қалған себептері экономикалық себептерден туындаған сипат түрінде болады.
Шетелге капиталдарды жылыстауынан шегетін зиян негізінен мыналарда болады:
мемлекет салықтар мен баждарды толық көлемде жинай алмайды;
отандық қаражаттар елде емес, одан тыс жерлерде инвестицияланады;
инвестициялық климат нашарлайды, соның салдарынан күрделі қаржы жұмсалымдары қысқарады;
қылмыстық капитал шенеуліктерді заңсыз операциялар жүргізу үшін параға сатып ала отырып, мемлекеттік билікті жемқорлық етеді.
мораль азап шегеді- қоғам екі жүзділік қағидаттарында құрылады;
Капиталдар жылыстауының негізгі амалдары:

  1. елге экспорттық валюталық түсім ақшаның қайтарылмауы;

  2. елге тауарлар жеткізіліміне жалған контракттар есебінен негізсіз аванстық аударым және және жалған импорттық қызметтерде ( ақпараттық, маркетингтік, консалтингтік, комиссиялық және басқадай) ақы төлемдері;

  3. шетелге қаражаттардың бір бөлігін кейін инвестициялаумен валютасы, тауар айырбасының мәмілелері (баспа-бас айырбас, клирингтік, өтемдік және т.б.)жасау;

  4. экспорт кезінде бағаларды кемітіп көрсету және тауарлар мен қызметтердің импорты кезінде бағаларды асырып көрсету;

  5. кейін одан бас тарту кезінде кредит алу үшін немқұрайды ниетпен шетелдік банке сақтық депозиті салу;

  6. салық салудан пайызының бір бөлігін шығару үшін оффшорлық компаниялар құру;

  7. шетелден қаржылық көмек алу кезінде бөлінген соманың бір бөлігін шетелде шөктіріп қалдыруымен теріс пайдаланулар;

  8. экспорттық жеткізілгендерге ақы төлеу кезінде қаржылық тәртіпті бұзу

( контрактқа төлем мерзімінөткізіп алумен, пайыздарды жасырумен ақы төлеу);

  1. экспорттық өнімге ақы төлеу бойынша мерзімді ұзарту (фирмалық кредит) ;

  2. халықаралық қайта сақтандыру операцияларын пайдалануы;

  3. заңсыз трансферттік валюталық- қаржылық операцияларды жүзеге асыру;

  4. импорттық операцияларды қалтарыстық қаржыландыру кезіндегі трансферттер және салықтық түсімдерді төмендетулер;

  5. шетелге Қазақстан азаматтары мен шетелдіктердің қолма- қол валютасының бақыланбайтын әкетілімі.

Шет жаққа капиталдардың безінуіне қарсы әрекеттің экономикалық шараларын жүзеге асырудың жолдары әр түрлі болуы мүмкін:

  1. бұл дамыған күшті және жоғары тиімді экономикалық жасауға бағытталған елдегі негізінен жұмсақ экономиклық реформаны жүргізуде болатын либералдық-- рыноктық жол.Әкімшілік ету, экономикалық қызмет субъектілерінің қандай болсада айқын емес қоғамдық қауіпті экономикалық қылығына, соның ішінде шетелге капиталдардың жылыстауын тыю, қаншалықты жоққа шығарылсада бұл ретте мейлінше қысқартылған ( ең алдымен, бұл өз мемлекетінің маңынан капиталдарды жылыстатудың түрлі контрабандалық амалдарына тиым салу)Мұндай амалдармен капиталдардың безіну проблемасы жатық, біртіндеп безінку субъектілеріне жанама жағымды экономикалық ықпал ету жолымен шешіледі.Соңғысы ұлттық ортада капиталдардың өмір сүруінің басымдылығын дәлелдеә отырып, баяу, бірақ дәйекті түрде шетелге капиталдың жылыстауын қысқартуға жеткізеді. Мұндай жолдың кемшіліктері айқын— ол тым ұзақ, сондықтан әр уақытта нәтижелерді өте тез, дереу алуға тырысатын мемлекеттер үшін қолайлы бола бермейді.Бұл жолмен экономикалық жағынан дамыған дамыған мемлекеттердің көбі жүреді.

  2. Өзіне, бейнелеп айтқанда «қамшылауды, арбауды» уйлестіретін либералдық—әкімшілік жол. Инвесторлар үшін ішінде жылыстауын капиталдың иелері болып табылатын әлдетті инвесторлар үшін ұлттық экономиканы тартымдылықты арттыратын елдегі экономикалық реформаны біртіндеп жүргізу деп танылады.Алайда капиталдардың безінуіне қарсы әрекет ісінде шапшаң нәтижелер алу үшін әкімшілік әдістер, тыйым, соның ішінде қылмыстық – құқықтық әдістер жеткілікті кем пайдаланылады.Сыртқы экономикалық қызметтің бір қатар түрлерін жүзеге асыруға заң жүзінде шектеулер енгізіледі.Елден тысқары жерден алынған валюталық түсім—ақша елге қайтарудың тәртібі қатал реттеледі, шетелде ақшалай қаражаттарды орналастырудың тәртібі едәуір шектелімдермен реттелген және т.б. Алайда толық мемлекеттік валюталық сыртқы экономикалық монополия енгізілмейді. Либералдық—әкімшілік әдістердің пайыздық мазмұны бар бұл жолды экономикалық және жағынан көптеген дамушы мемлекеттер пайдаланылады.Бұл жолмен қазіргі кезде Қазақстанда жүріп келеді және де біз үшін талданып отырған жолдың әкімшілік бөлігінің біртіндеп әлсіреуі сипатты.

  3. Әкімшілік жол немесе сыртқы экономикалық және валюталық қызметке мемлекеттік монополияларды енгізу жолы.Ол шет жаққа капиталдардың жылыстау проблемаларын толық және түгелдей шешумен сипатталады.

Сыртқы экономикалық қызмет, валюталық реттеу—мемлекеттің монополиялары, оларды бұзу экономикалық әдістерімен ғана емес, сонымен бірге мәжбүрлеу әдістерімен, ең алдымен, қылмыстық—құқықтық әдістермен қатты жазаланады. Бұл өзінің болған Кеңес Одағы кезінде жүрген жөн.
Сондықтан сыртқы экономикалық қызмет саласындағы заңнамалық саясат ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын бейнелеп көрсетуі, әлеуметтік проблемаларды шешуге барынша жәрдемдесуі, экономикалық саясаттың мақсаттары мен басымдықтарына сәйкес келуі тиіс.
Бұл контексте қаржы жүйесінің құрылымындағы өзгерістермен, қалыпты нысандарда капитал экспортын қолдаудың қуатты базасын жасаумен байланысты арнаулы шаралар керек.Заңнаманың жетілдірілмегеніне қарай елден кеткен және қолайлы жағдай жасалған кезде қайта оралуға дайын капиталдарға өте мұқият, таңдап алынған тәсілдеме қажет.
Қазіргі жағдаятта айрықша мәнділікке ие болып жатқан қаржы—кредит жүйесіне сенімді қалпына келтірк сияқты шаралар да керек.Сыртқы экономикалық тасқындарды ретттеу мемлекеттің бөлектенген және өзіне—өзі жеткілікті саясаты ретіне қарастырыла алмайтынынын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл тәрізді әрекеттер міндетті түрде ұзақ мерзімді әлеуметтік—экономикалық стратегияның бір бөлігі, буыны болуы тиіс. Капиталының әкетілімінен ( жылыстауынан) және капиталдың безінуінен айырмасы ақшалардың ағылуы—заңсыз жолмен алынған ақшалай қаражаттарды жария ету, яғни оларды қалтарыстағы бұл қаражаттарды ашық және көпшілік алдында пайдалануға мүмкіндігі болуы үшін, ауыстыру бейресми экономикадан ресми экономикаға ауыстыру. Ақшалардың ағылуы заңсыз табыстарды « тазарту», сөйтіп ................... оларды қылмыстық қызметтен бөліп алу;
Ақшалардың ағылу үдерісі мынадай үш кезеңнен турады:
а) қылмыстық әлемнің кәдүлгі қызметінің нәтижесі ретіндегі заңсыз капиталдардың қорлану үдерісі;
ә)заңсыз капиталдарды оларды бүркемелеу жолымен,табысты оның заңсыз көздерін бөліп алуға бейім перде қою көмегімен заңды ғана емес,сонымен бірге географиялық көзқарас тұрғысынан да заңды капиталдарға айналдыру;
б)Жуылған капиталдарды заңды қызметіне жұмсау.
Бұл үш кезең бір елде жүзеге асуы мүмкін,сонымен бірге—бұл норма да (ереже де)болып табылады—тоқтайласуы да және бірнеше елдің аумағын басып өтуі де мүмкін.
«Лас» капиталды жууға көзделген операцияларды әр түрлі жүйелердің көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін:
Курьерлердің көмегімен елден қолма-қол ақшаның әкетілуі немесе шетелдік банк арқылы өзін ары репатриациялау мақсатымен оларды тасымал жүгіне жасыру;
ақпараттық-анықтамалық сипаттағы әр түрлі қызметтер көрсетуге шетелдік фирмалармен контракт жасау;
жоқ тауарлардың жеткізіліміне жалған келісімшарттар және жалған контрактар жасау;
бағалы қағаздарды басқа банкке аударумен оларды сатып алу ;
ақшаның нағыз шығарылған жерін жасару (шетелдік банктердегі шоттар және инвестициялық компанияларғы орналастыру,жалған компаниялар ұйымдастыру,бағалы қағаздар,антиквариант,шет жақта жылжымайтын мүлік және с.с. сатып алу;
Ақшалай соммаларды бөлшектеуемен қолма-қол ақшаны жасанды тұлғалардың шоттарына аудару ( салу);
Құмар ойын үйлерін (ақшаларды фишкаларға айырбастауды) пайдалану;
Импорт кезінде шоттарды асырып көрсету және экспорт кезінде шоттарды кемітіп көрсету жүйесі;
Жалған лизингтік контракттар жасасу;
«Өтемақылар» шет жақта тұратын әріптестің пайдасына біздің елде орындалатын ұқсас рәсім сияқты шет жақта үшінші елде тұратын азаматтың пайдасына кредит ашылады.
Халықтың тұрмыс деңгейіне, күрделі жұмсалымдардың көлеміне, бюджеттің кірістеріне, алтын—валюта резервтерінің мөлшеріне жағымсыз капиталдың әсер ететіндіктен кез келген нысанда капиталдың әкетілімі (жылыстауы), безінуі ақшалардың ағылуы қазіргі Қазақстанның ұлттық экономикасы үшін елден қаржылық активтердің шығу проблемасын ерекше өткер болып тур.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет