ҚЎлпыбаев с



бет258/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Импортта негізгі баптар машиналар, құрал-жабдық, тұтыну арналымының тауарлары болып табылады. Машиналардың, құрал-жабдықтың, көлік құрал­дырының, приборлардың үлес салмағы 46,6%-ды, металдар және олардан жасалынған бұйымдар – 13,3%, минералдық өнімдер, электр қуатын қоса – 13,1%, химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 10,6%, азық-түлік тауарлары – 6%-ды құрайды.
Экспорт бойынша Қазақстанның қазіргі әріптестері (жеткізілімдердің азаюы ретімен) Италия, Швейцария, Ресей, Қытай, Франция болып табылады; ұзақ уақыт (2004 жылға дейін) қазақстандық экспорттың негізгі тұтынушыларының ішінде оффшорлық аумақтар – Бермуд және Виргинд аралдары есептеліп келді. Импорт бойынша Ресей, Қытай, Германия, Украина, АҚШ, Италия, Жапония әріптестер болып табылады.
Макроэкономикалық теорияға сәйкес экспорттың импорттан асып (таза экспорт) таза ұлттық өнім көлеміне (20.2 параграфты қараңыз) оның мультипликациялануы (көбеюі) әсеріне байланысты ұлттық экономиканы дамытудың қолайлы факторы деп есептеледі. Сонымен бірге бұл асып түсу елдің төлем балансының (ондағы сауда балансының едәуір арасалмағы жағдайында) оң айырмасын тудыруы мүмкін. Жалпы валюталық қаражаттардың экспорттық түсімдері есебінен елдің импорты қаржыланады. Қысқа мерзімді жоспарда импорттың экспорттан асып түсуі қолайсыз фактор болып табылмайды, өйткені отандық тұтынушылар қажетті тауарларды, әсіресе олардың меншікті рыноктағы тапшылығы кезінде көп алады. Алайда ұзақ мерзімде бұл құбылыс төлем балансының пассивін теңестіру үшін пайдаланылатын ресми валюталық резервтердің сарқылуына ұрындыруы мүмкін. Төлем баланстарының орнықты және ұзақ тапшылықтары экономиканы күрделі қайта құруды, сауда тосқауылдары мен басқа шектеулерді қажет етеді, ұлттық валютаның құнсыздануына, елдің сыртқы берешегінің көбеюіне соқтырады.
Экспорттық операцияларды жүргізуде Қазақстан Республикасының негізгі әріптестері ТМД елдері – 15%, басқа елдер 85% болып табылады, импорттық операцияларда ТМД елдері 47%, басқа елдер 53%-ды алады.
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспекті – шетел инвесторлары­ның қатысуы және Қазақстан экономикасы тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту және экспорт­тық әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюталық резервтер жасалған, олар сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді қамтамасыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың босалқы қорлары болып табылады.
Шетелдік капитал елге кредит,дамуға ресми көмек, инвестициялар сияқты үш әр түрлі нысанда түседі. Алғашқы екі нысан туралы оқулықтың 17-ші тарауында баяндалған болатын.
Инвестициялардың екі түрі болады: тура және портфелдік. Тура инвестициялар дегеніміз шетелдік капиталды оның егесінің өз тәуекелдігімен пайда алу үшін басқа елдің экономикасына жұмсауы. Портфелдік инвестициялар – қаражаттарды жалған капиталға – басқа елдің заңи және жеке тұлғалары шығаратын бағалы қағаздарға жұмсау.
Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету талап етіледі:
шетелдік инвесторлардың қызметімен жұмыс істеу құқығына рұқсат берумен, ел ішінде жүріп-тұрумен, кедендік және шекаралық бақылаудан өтумен, рұқсатнама берумен және т.б. байланысты әкімшілік рәсімдерді ықшамдау.
елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру (жеңілдетілген мөлшерлемелер, инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген баждар, жеделдетілген амортизация (өтелім) және басқалары);
жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын қамтасасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;
пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру.
Ұлттық банктің мәліметтері бойынша тәуелсіздік жылдарында еліміздің экономикасына тура шетелдік инвестициялар ағылуының тұрақты өсу динамикасы байқалуда, жалпы сомасы 130 миллиард АҚШ долларынан аса шетелдік инвестициялар тартылды. Қарастырылып отыған кезеңде шетелдік инвестициялардың құрылымында басымдық жағдайда Нидерланды (21,6%) мен АҚШ (17,18%), сонымен бірге Ұлыбритания (8,3%), Франция (5,6%) және Виргин аралдары (5,3%) алады. Негізгі инвестор елдерінің бірінші бестігінің үлесіне барлық жинақталған инвестициялардың (68,6 миллиард АҚШ доллары) 57,9%-ы тиеді. Және де бұл секторда инвестициялардың негізгі ауқымы геологиялық барлауға келіп отыр. Қазіргі уақытта инвестициялар тарту жөнінен Қазақстан ТМД елдері бойынша көш басында келеді.
Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялардың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Бүкіләлемдік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты.
Қазақстан Халықаралық валюта қорының, Халықаралық қайта құру және даму банкінің, Халықаралық қаржы корпорациясының, Халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияларды кепілдендірудің көпжақты агенттігінің, Инвестициялық дау-дамайларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың мүшесі болып табылады. Осыған сәйкес Қазақстан көрсетілген ұйымдар қатысушысының барлық міндеттемелерін өзіне алады, халықаралық қаржы-кредит және басқа ұйымдарға қатысудан туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша қажеті төлемдерді жүзеге асырады. Мүшелікке байланысты Халықаралық валюталық қордан еліміз валюта бағамын реттеу үшін және алынған қарызды тиімді пайдалану және экономикалық өсуді жүзеге асыру бойынша реформалар серияларын жүргізу жағдайында сыртқы экономикалық есеп айырысу саласындағы қиыншылық кезінде кредиттер алады. Қарыздар мен кредиттерді Халықаралық банк пен оның филиалдары – Халықаралық даму ассоциациясы (жеңілдікті ұзақ мерзімді кредиттер) мен Халықаралық корпорация (несиелік капиталдар рыногында орташа жылдық мөлшерлемелерден асатын мөлшерлемелер бойынша жоғары рентабелді жекеше кәсіпорындарға жұмсалатын қаржыландырады) бере алады.
Туризм әлемнің көптеген елдерінде экономика мен қоршаған ортаға әсер ететін маңызды әрі кешендік фактор болып табылады. Бүкіләлемдік туризм ұйымының мәлімдеуінше, әлемдегі жалпы өнім көлемінің 10 пайызын туризм саласындағы кіріс құрайды, халықаралық инвестицияның 11 пайызын береді екен. Туризмнен түсетін кірістің жаһандық ауқымы 4 миллион долларға жетеді. Туризм саласындағы бизнес әлемі барлық мемлекеттің 800 миллиардтан астам долларын салықтық түсімдермен қамтамасыз етеді. Бұл туризмнен түсетін пайданың мұнай мен көлік тасымалынан кейінгі үшінші орынды мығым иеленіп отырғанын көрсетеді.
2008 жылы еліміздегі туризмнен түскен жалпы кіріс 74 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2007 жылға қарағанда 17%-ға артық.
Ел экономикасын дамытуға үлес қосуға тиіс туризмді өркендету Қазақстанда арнайы заңдастырылғаны мәлім. 2006 жылдың аяғында «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы қабылданған.
Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын арттыруға және Қазақстанның әлемдік туристік рынок жүйесіне кіруіне жәрдем ететін болады. Мемлекет экономикасының шикізаттық емес секторы ішіндегі біршама табысты саласына айналуға мүмкіндігі бар, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құрылатын болады. Бұл ретте республикада Қазақстанның Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналуына нақты жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалады.
Шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді ұстауды және олардың жұмысын қаржыландыру дамудың казіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстар қызметінің бірі болып отыр.
Тәуелсіз даму жылдарында еліміздің сыртқы саясатын белгілейтін Президенттің тікелей басшылығымен Қазақстан дипломатиясы ойдағыдай дамып, ол біздің мемлекеттің әлемдік қауымдастықтан өзінің лайықты орын алуына жақсы қызмет етіп отыр. Қазіргі кезде 80-астам елде Қазақстанның елшіліктері мен консулдықтары жұмыс істейді.
Сыртқы экономикалық қызметті дамытудың негізі көптеген шаруашылық заңдарында қаланған. Бұл қызметті кеңейту өзара байланыста және әлемдік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономиканы қалыптастыруды қажет етеді.
Сыртқы экономикалық қызметті жетілдірудің негізіне сыртқы рынокта Қазақстан кәсіпорындарының, ұйымдарының және өңірлерінің дербестігін кеңейту идеясы, коммерциялық операцияларды шаруашылық жүргізуші субъектілерге бере отырып сыртқы экономикалық қызметті мемлекет иелігінен алу және орталықсыздандыру қойылған (олардың іскерлік дербестігін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың функцияларын бұл операцияларды реттеу мен ынталандыруға шоғырландыру кезінде). Сыртқы экономикалық кешенді реттеу негізінен құқықтық (ішкі және халықаралық заңнама) және экономикалық тұтқалар (кедендік баждар, салықтар, валюта бағамы, банк пайызы) арқылы жүргізіледі. Сыртқы экономикалық қызметтің стратегиялық бағыты – ұлттық валютаның айырбасталымдылығына жету жөніндегі шараларды әзірлеу мен енгізу және валюта рыногын дамыту. Валютаның рыноктық бағамы экспортты кеңейту мен импортты оңтайландыру (рационалдандыру) жөніндегі сыртқы экономикалық қызметті ынталандыру мен реттеудің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Кәсіпорындардың валюталық дербестігін кеңейту үшін рыноктық бағамдар бойынша оны еркін сатып алу-сатудың валюталық ішкі рыногы құрылған. Қалыптасқан валюта бағамының негізінде валюта биржасында сауда-саттықты жүргізгенде валютаға сұраным мен ұсынымның ағымдағы ара салмағының негізінде Ұлттық банк валюталардың бағамын белгілейді. Валюталық және кредиттік операцияларға коммерциялық банктер шығады, шаруашылық жүргізуші субъектілер мүлікті кепілдікке салып шетелдік кредиттерді өздігінше тартуға құқық алады. Компаниялардың, фирмалардың, ұйымдардың, банктердің сыртқы экономикалық кепілдіктерін сақтандырудың жүйесі құрылған.
Сыртқы экономикалық қызмет қалыпты жүзеге асырылуы үшін дамыған сыртқы экономикалық инфрақұрылым қажет. Осы мақсатпен Үкіметтің, Қар­жы министрлігінің, Ұлттық банк­тің құрылымында сыртқы байланыстарды басқарудың органдары құрылған. Валюталық операциялар жасауға лицензиясы бар екінші деңгей (коммерциялық) банктерінің, мамандандырылған тауар биржаларының желісі; сыртқы экономикалық конъюнктура мәселелерінде білімдері мен машықтарына ие мамандары бар делдалдық ұйымдардың әлемдік, тауар және валюта рыноктарының жай-күйі пайыздық мөлшерлемелердің қозғалысы және т.б. туралы ақпараты бар, дамыған желісі жұмыс істейді. Қазақстан тең құқықтық негіздерде әлемдік шаруашылықтық үдерістерге белсене қосылуда.
Дамудың бағдарламаларына сәйкес сыртқы экономикалық саясат сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға бағытталған. Әлемдік конъюктура мен шетелдік бәсекенің қолайсыз дамуынан ұлттық рыноктың мүдделерін қорғау үшін импорттық тауарлардың түсуін реттеу мақсатына сәйкес импорттық баждар қайта қаралды. Ортақ мүдделері бар елдердің біртұтас экономикалық кеңістігінің шекарасындағы сыртқы экономикалық қатынастардың негізгі мәселелері жөніндегі ұлттық заңнама сәйкестендірілді.
ТМД елдерімен сыртқы экономикалық қатынастар бөлігінде стратегиялық курс экономикалық одақты сақтау және тәртіпке келтіру, бұл елдердің кәсіпорындары арасында қалыптасқан кооперацияны қолдау, көлік, байланыс, энергетика, ғылыми-техникалық прогресс, кадрларды дайындау сферасында, экологиялық проблемаларды, қорғанысты шешуде қайта бағдарлау жөніндегі күш-жігерді біріктіру болып табылады.
Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру үдерісінің тиімді алға басуы, әлемдік экономикаға және халықаралық сауда жүйесіне бірігу (интеграция) кезінде қоғамдастық мемлекеттерінің іс-қимылдарын үйлестіру үшін Еуразиялық экономикалық қоғамдастық – ЕурАзЭҚ құрылған. Ұйым қызметінің басты векторларының бірі – халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мақсаттарында олардың экономикалық әлуеттерін тиімді пайдалану кезінде әлеуметтік-экономикалық қайта құруларды келісу арқылы Қоғамдастық елдерінің серпінді дамуын қамтамасыз ету. Қоғамдастық бюджеті үлестік жарналар есебінен қалыптасады: 40 пайызын Ресей, 15 пайыздан Беларусь, Қазақстан және Өзбекстан, 7,5 пайыздан Қырғызстан мен Тәжікстан салады.
Еуразиялық кеңістікте қаржылық инфрақұрылымның негізгі элементтерінің бірі, интеграциялық үдерістерді тереңдету мақсатында қатысушы-елдердің ынтымақтастығын дамытудың тиімді инвестициялық механизмі Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) болуы тиіс. Банктің қаржылық қызметінің негізгі бағыттары электроэнергетикамен, су-энергетикалық кешенімен, көлік инфрақұрылымымен, жоғары техникалық және инновациялық салалармен байланысты.
Сондай-ақ ЕурАзЭҚ-нің дағдарысқа қарсы қоры жұмыс істейді, оның мақсаты – қаржылық дағдарыстың зардаптарымен күресу, қатысушы – елдердің экономикалық және қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету.
Үш мемлекеттің-Беларусьтың, Қазақстанның және Ресейдің Кедендік одағын қалыптастыру елдің экономикасы үшін зор мүмкіндіктер береді және бұл елдер арасында одан ары экономикалыққ интеграцияға жолда қадам болып табылады.
Кедендік одақтың артықшылықтары:

  1. өзара сауда үшін тосқауылдардың көбісі күшін жояды, мұның өзі елдер арасындағы сауда айналымын

ұлғайтады. Отандық кәсіпорындар үшін өткізім рыноктары кеңейеді.Тұтас алғанда рыноктың сыйымдылығы –170 миллион адам,бұған ішкі салалардағы кедендік бақылаудың жойылуы мүмкіндік туғызатын болады;

  1. әріптестермен кедендік тарифтерді сәйкестендірудің нәтижесінде үшінші елден әкелінетін тауарлар

бойынша неғұрлым жоғары тарифтер белгіленеді, бұл өз кезегінде қазақстандық тауарларға ішкі рыноктағы үшінші елдерден (атап айтқанда Қытайдан) әкелінген тауарлармен мықты толған қуыстарды толтыруға мүмкіндік береді;

  1. Қазақстанда қол жеткен неғұрлым қолайлы инвестициялық және бизнес-климат, сонымен бірге

неғұрлым ықтиярлы (либералдық) салықтық саясат Кедендік одақ елдерінің рыногына бағдарланған шикізаттық емес секторға шетелдік инвестициялардың құйылымына сенуге мүмкіндік береді;

  1. Кедендік одаққа Қазақстанның кіруі кооперацияға және өзара толықтырылатын кәсіпорындарға және

Ресейдің, Беларусьтің және Қазақстанның біріккен сатылас-интеграцияланылған коорпарацияларын құруға ынталандырма болады. Бұл өнімнің үлкен бәсекелік қабілеттілігін және сыртқы рыноктарға тауарлардың бірлесіп шығуы мен экспанциясын қамтамасыз етуге жағдай жасайды;

  1. Кедендік тарифтерді сәйкестендіру Қазақстан үшін олардың белгілі өсуіне жеткізеді, ал

инвестицияларды қосымша тартумен бұл мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қосымша көбейтуді алуға жағдай жасайды.
Қосымша табыстарды пайдаланудың нысаналы бағыттылығы маңызды фактор болады. Бұл ресурстарды жұмыс істеп тұрған және Кедендік одақтың қажеттіліктеріне және сыртқы рыноктарға бағытталынған жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруды қолдауға шоғырландыру маңызды.
Мұндай шаралардың нұсқамасы – бұл Кедендіке одақта және одан тыс жерде тауар өндірушілердің бәсекелік қабілеттігін арттыруға оларды нүктелік қаражаттандыру;кредиттік ресурстарға кәсіпорындардың қолжетімділігін және оларға қызмет көрсету ауыртпалығын азайтуды қамтамасыз ету;шикізаттық емес секторға қосымша салықтық ынталандырмалар беру; инвестицияларды тарту мақсатымен инфрақұрылым құру.
Жаңа мүмкіндіктермен бірге жаңа шақырылымдарда пайда болады. Өз рыноктарын ұстап тұру және жаңаларын алу үшін тауарлар сапасына және қазақстандық компаниялардың бәсекелік қабілеттілігіне қойылатын талаптар жоғарлатылуы тиіс.Сондықтан жаңғырудың, жұмыс істеп тұрғандарын модернизациялаудың және жаңа технологиялық өндірістерді құрудың, сапалы бақылаудың алдыңғы қатарлы жүйелерін енгізудің басымдылығы артады.
Интгерацияның келесі кезеңі – бұл бірыңғай экономикалық кеңістік құру, бұл Қазақстан үшін, ең алдымен, біздің әріптестеріміздің инфрақұрылымына дискредициялық емес қол жеткізуді (кіруді) белгілеуді білдіреді. Бұл өткізімнің негізгі рыноктарынан алыс және теңіз порттарына шығуы жоқ республика үшін өте-мөте маңызды.
Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ-ға) кіру Қазақстан үшін көкейтесті болып табылады. Бұл акция осы ұйымда қабылданған ережелерге, нормаларға, механизмдерге сәйкес сыртқы сауданы жүзеге асыру және тауарлар мен қызметтерді өндірудің ішкі жағдайларын түбірлі қайта құру есебінен орнықты экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатын көздейді.
БСҰ-ға мүшелік экономиканы әртараптандыру, өндірісті дамыту, өнімді сыртқы рыноктарға жылжыту БСҰ-ның нормаларының, ережелерінің және механизмдерінің көмегімен отандық экспортшыларды қорғау үшін қажет. БСҰ-ға кіру жоғары технологияларға, арзан тұтыну тауарларына, шикі зат пен қызметтерге еркін кіруге жол ашады, шикізаттық емес секторға шетелдік инвестицияларды тартуға жәрдемдеседі. Бұл ұйымға мүшелік – отандық кәсіпорындарға шетелдік бәсеке үшін айырбасқа қазақстандық рынок ашуға, шетелдегі рыноктарда тең және қолайлы шарттар жасауға мүмкіндік береді.
БСҰ шеңберінде Қазақстанға саудалық саясат арқылы мына негізгі міндеттерді шешуге тура келеді:
қазақстандық экспортты кемсітушілікті болдырмау;
өркениетті халықаралық сауданың ережелері мен қағидаттарын қабылдаған ашық рыноктық экономикасы бар ел ретіндегі халықаралық бейнесін нығайту;
ЕурАзЭО және ТМД шеңберінде ұтымды интеграциялық үдерістерді дамыту;
нақты Кедендік одақты және біртұтас рынокты жасауға жылжыту, өзара саудада арнайы қорғаныш, демпингке қарсы және өтемдік іс-шараларды қолдануға белсенді қарсы әрекет;
экспортты көтермелеу бойынша шынайы іс-шараларды, соның ішінде экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді сақтандыру есебінен әзірлеу және іске асыру.
БСҰ-ның іс-шараларымен және механизмдерімен бұл міндеттерді шешу әсіресе дайын өнім экспортының өсуіне көшкен кезде көкейкесті бола бастайды, өйткені әлемдік рынок молыққан және қатаң бәсеке жағдайында дамып отыр.
Қазіргі кезде Қазақстан БСҰ-ның 144 мүше-елдерінің 135 елімен сауда жасайды. БСҰ-ға кіру сәйкестендірілген ережелер мен механизмдер бойынша осы елдермен сауданы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
БСҰ-ға мүшелік өнеркәсіпте осы заманғы технологиялар мен өндірісті ұйымдастыру әдістерін таратуға, ішкі рынокта бәсекені дамытуға және сыртқы рыноктарда қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, шетелдік инвестициялардың құйылуын көбейтуге жағдай жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет