ҚЎлпыбаев с



бет268/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Экспортталатын инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы-елдерде, соның ішінде дамып келе жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар халықаралық корпорациялардың – рыноктардағы үстемдік жағдайды пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық операциялары олар болған елдерде несиелік капиталдың қосымша ұсынымын және сұранымының артуын жасайды; сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және коммерциялық және орталық банктер арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады.
Тұтас алғанда инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама-қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оның өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен тиімділігінен болады.
Инфляцияның көрініс нысаны – ақшаның құнсыздануы мен өнімге, тауарларға және қызметтерге бағаның көтерілуінде тұлғаланатын оның сатып алуға қабілеттілігінің тиісінше төмендеуі.*
Инфляцияның табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар ауқымынан оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілеттілігінде. Ақшаның жұмыс істеу негізі болып табылатын оның бұл қасиеті оған өзінің арналымын – тауар, төлем айналымына қызмет көрсете отырып, тиімді орындауға, қорланым мен құнды сақтаудың құралы болуға мүмкіндік береді. Бірақ ақшаның бұл қасиеті мемлекет белгілеген өлшемге сәйкес оның саны мен оған қарсы тұратын құнның натуралдық-заттай компоненттерінің сәйкестігі жағдайында көрінеді. Жалпы түрде мұндай тәуелділік айырбас теңдеуі арқылы көрінеді:
P x Q = M x V,
мұндағы сол жақ бөлігі қоғамдық өнім құнын (Р – баға, Q – саны), ал оң жағы ақша айналысының жылдамдығын ескере отырып ақшаның санын (М – ақша массасы, V – айналыс жылдамдығы) білдіреді.
Ұлттық өндірістің артуы жағдайында ұдайы өндіріс үдерістерінде материалдық ағындарға қалыпты қызмет көрсету үшін ақшаның саны үйлесімді өсуі тиіс, өндіріс төмендеген кезде ақшаның артық санын айналыстан алу қажет. Алайда, практикада соңғы шарт бірқатар себептер бойынша ылғи орындала бермейді, бұл себептер тиісінше инфляцияның өмір сүруінің себептері де болып табылады.
Қазіргі мемлекет қаржылық қаражаттардың, бірақ өзінің негізгі бөлігінде тауар айналысымен байланысты емес едәуір көлемдерін керек ететін саналуан функциялар орындайды. Бұл халықтың аз қамсыздандырылған топтарын әлеуметтік қолдау шығыстары, денсаулыққа, мәдени-ақпараттық мақсаттарға, білімге, басқаруға, қорғанысқа жұмсалатын шығыстар. Кінәратсыз экономика жағдайында мұндай шығыстардың көбеюі оның өздігінше дамуына жәрдемдесуі мүмкін, өйткені тауарлардың көбеюін және ұлттық өндірістің өсуін ынталандыра отырып, тиісті өнімге, қызметтерге, тауарларға қосымша төлем қабілеті бар сұранымды туғызады.
Тұралаушы экономикада мұндай шараларды қаржыландыру үшін шаруашы­лық жүргізуші субъектілер мен халықтың қарыздар арқылы жұмылдырылуы мүмкін болатын бос ақшалай қаражаттарының сияқты салықтық түсімдердің жетіспеушілігі сезіліп тұрады. Мұндай жағдайда бұл шығыстарды жабудың бірден-бір көзі ақшаның қосымша эмиссиясы болып табылады.


* сноска
Өндірістік емес сфераны қаржыландыру міндеттіліктерімен қатар мемлекет дағдарыстық жағдайда көпшілік қолды тауарларға салыстырмалы төмен бағаларды қолдау қажеттігінен залалды болып табылатын өндірістік сфераның қызметін қамтамасыз ететін салаларды қолдап отырады. Бұл қолдау не шаруашылық субъектілерге тура қаржылар бөлуде, не залалдарды өтеуге берілетін жәрдемақыларда, не мұндай субъектілерді жеңілдікпен несиелендіруге банктердің төмен пайыздық мөлшерлемелерін өтеуде көрінеді; сондай-ақ бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерге берілетін кредиттерге кепілдік берілуі мүмкін. Барлық жағдайда, әдеттегідей, баламалы қаржылық ресурстардың алынған көлемі түрінде экономикаға қажетті қайтарым әкелмейтін қосымша ақшалай қуат беру болады.


Инфляция өндірістік сфераға, халықтың көптеген жігінің материалдық жағдайына, инвестициялық қызметке қауіпті әсер етеді.
Тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуінде тұлғаланған ақшаның сатып алуға жарамдылы­ғының құлдырауы, баға құрылымының өзгеруі халықтың, әсіресе төмен, сондай-ақ тіркелген табыстар алатын оның жіктерінің материалдық жағдайын түсіреді. Бағалардың көтерілуінен халықтың атау­лы табыстары өсуінің артта қалуының нәтижесінде нақты табыстар қысқарады. Табыстардың үнемі инфляциялық құнсыздануы халықтың жаңа және жаңа массаларын кедейлік шегінің сыртында қалдыра береді. Өндірістің қысқаруы жұмыссыздар санының өсуі есебінен әлеуметтік жайсыз жағдайдың үдерісін күшейтеді; оларды ұстау мемлекетке аударып салынады, ал мемлекет өз кезегінде мемлекет кірістерінің құнсыздануымен және шығыстарының, соның ішінде әлеуметтік мұқтаждарға көбеюімен байланысты қиыншылықты бастан кешеді.
Инфляция инвестицияларға ауыр соққы болып тиеді; қаржыландыру көздерінің құнсыздануынан ұзақ мерзімді жұмсалымдар жүзеге аспай қалады. Жобаны жүзеге асыруға жұмсалатын болашақ шығындардың тұрлаусыздығы кезінде бұл жобаның нақты құнын анықтау қиынға түседі. Инвестициялық тауарлардың шапшаң өскелең бағалары тапсырыс берушілердің қарамағындағы қорланымдары қорларына немесе жекеше тұлғалардың жинақақшаларына сиыспайды. Инвестициялық белсенділік әлсірейді, мұның өзі болашақ өндіріске қауіп төндіреді, өйткені қолданыстағы негізгі капиталдар тозады, сапалық және табиғи жағынан ескіреді. Негізгі капиталдар тозуының артуы өнімділіктің төмендеуіне және ұсынымды төмендететін өнім өндірудің қысқаруына жеткізеді.
Бұл үдеріспен қосарлана өндірісті ғылыми-техникалық жетілдіру шектеледі. Бұл сфера инфляцияның өзіндік ерекшелігіне қарай күйреткіштік іс-әрекетін бастан кешіреді: ғылыми-техникалық және технологиялық зерттемені жүргізу және ендіру жұмсалынған қаражаттардың тез қайтарымымен қосталынбайды және оларды қаржыландыру пайдасыз болады. Бұл қоғамды ғылыми-техникалық және технологиялық тоқырауға ұшыратады.
Шығындар инфляциясымен және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануымен қоздырылатындықтан бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болғанымен инфляцияның классикалық көзі – мемлекеттік бюджет тапшылығы Қазақстан үшін де сипатты.
Тапшылықты ақша эмиссиясымен жабу оның инфляциялық құнсыздануына ұшыратады және бұл үдерістерде инфляция мен бюджет тапшылығы тұйық себеп-салдарлық заңдылықты жасай отырып өзара күшейе түседі. Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің тапшылығы тіпті КСРО-ның кезінен экономиканың теңгерімсіздігінің тұрақты салдары болып табылады. Ол ірі жәрдемқаржылармен, ал кейін одақтық бюджеттен субвенциялармен жабылып отырды. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталып отыр: бюджеттің шығыстар бөлігіне қатысты ол 1991 ж. – 20,4%-ды, 1992 ж. – 8,6%, 1993 ж. – 11,9%, 1994 ж. – 10,2%, 1995 ж.– 17,4%, 1996 ж. – 15,4%, 1997 ж. – 16,1%, 1998 ж. – 15,6%, 1999 ж. – 14,3%, 2000 ж. – 0,5%,
2001 ж. – 1,7%, 2002 ж. – 1,6%, 2003 ж. –4,3%, 2004 ж. – 1,4%-ды құрады. 2005-2006 жылдары бюджет про­фицитпен атқарылды – тиісінше + 2,4 және +3,8% болды; 2007 жылы бюджет тапшылығы
– 8,0%-ды, 2008 ж. – 9,8%-ды, 2009 жылы – 3,1%-ды, 2010 жылы 2,7%-ды құрады.
Инфляциялық нәтижені тудырған жаңа салықтарды – алғашқы мөлшерлемесі 28% қосылған құн салығын, акциздерді, экспорттық және импорттық кедендік баждарды енгізу, өнімнің өзіндік құнына қосылатын қаражаттар аударымдарын Экономиканы жаңғырту қорына (бұрын – инвестициялық қор), Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорына аудару, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын аударымдарды бірден көбейту сияқты қаржылық және әлеуметтік шараларды асығыс жүргізу инфляцияның дамуына мүмкіндік туғызды.
Инфляция дамуының қосымша факторы пайдаланылатын кредиттер бойынша пайыздарды өндіріс шығындарына жатқызудың тәртібі болып табылды; кредит үшін төлемақының өсуі жағдайында бұл өнімнің өзіндік құнының, оның ізін шала бағаның да өсуіне соқтырды.
Айтылған факторлар өндіріс шығындарын – өндірушілер инфляциясын арандатушы фак­торларға жатады.
Бағалардың артуы жағдайында халықтың, әсіресе жекелеген кәсіптік және әлеуметтік топтардың әлеуметтік дәмегөйліктерінің өсуін инфляцияны жеделдету факторы деп есептеуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет