ҚЎлпыбаев с



бет280/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Банкроттық – қаржылық күйреу, жұтау, жоспардың күйреуі.
Бақылау объектілері – бюджеттік үдеріске қатысушылар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ бюджеттік қаражаттарды алушылар, байланыстырылған гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдендірген қарыздарды пайдаланатын жеке жəне заңи тұлғалар.
Басқа міндетті төлемдер – уəкілетті мемлекеттік органдардың заңдық мəні бар іс-əрекеттер жасағаны, мемлекеттік меншіктегі объектілерді пайдалану жəне мемлекет берген қызметті жүзеге асыру құқығына Қазақстан Республикасы заңнамасына сəйкес рұқсат беру үшін бюджетке белгілі бір мөлшерде жүргізілетін міндетті ақшалай аударымдар (кедендік баждарды қоспағанда, төлемақы, алымдар, баждар).
Бекітілген бюджет – Қазақстан Рес­публикасының Парламенті немесе тиісті мəслихат бекіткен бюджет.
Белсенді рынок – мынадай шарттар ор­ындалатын рынок; рынок айналымындағы тауарлар біртекті болып табылады; іс жүзінде мәміле жасауға ниетті кез келген уақытта сатып алушылар мен сатушылар бар; баға туралы ақпарат жалпы қолжетімді болып табылады.
Бересі – салықтық тексеру нəтижелері туралы хабарламада Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде көрсетілген соманы қоспағанда, есептелген, есепке жазылған жəне мерзімінде төленбеген салықтың жəне бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің сомасы.
Бизнес – пайда беретін экономикалық қызмет; баюдың көзі болып табылатын табыс əкелетін кез келген қызмет түрі (іс, кəсіп, кəсіпкерлік жəне басқалары).
Бизнес-жоспар – фирманың бизнес операциясын, іс-қимылдарын жүзеге асыру жоспары, бағдарламасы, ол фирма, тауар, оның өндірісі, өткізу рыноктары, маркетинг, операциялардың ұйымдастырылуы жəне олардың тиімділігі туралы мəліметтерден тұрады.
Биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушы клиенттерінің арасында баға белгілеуді алмастыру жүйесін пайда лану мен қолдау арқылы сауда-саттықты ұйымдық жəне техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңи тұлға.
Боналар – мемлекеттік, қазынашылық, муниципалдық органдар, мекемелер, фирмалар шығаратын жəне ұстаушылары сатып алу жəне төлем құралдары ретінде пайдаланатын борышқорлық міндеттемелер.
Бонус – жер қойнауын пайдаланушы­ның тіркелген төлемдері, жер қойнауын пайдалануға жасасылған контракта белгіленген мөлшерде жəне тəртіппен ақшалай нысанда төленеді. Жер қойнауын пайдаланушы оны пайдаланудың жеке жағдайларын ескере отырып бонустардың мынадай түрлерін – қол қойылатын бонусты, коммерциялық табу бонусын төлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет