Өткен жылғы бастаманы жалғастыру мақсатында 2021 жылдың 8 желтоқсанынан бастап Ұлттық тестілеу орталығы білім беру орталықтарымен бірлесіп, тікелей эфирде әрбір пән бойынша ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін онлайн-сабақтар өткізуде.
2020 жылыLIVE режимінде 2 білім беру орталығы ("QAZBILIM", "EduCon") 1000-нан астам адамды қамти отырып, 376 эфир (22 560 минут) өткізді.
2021 жылы LIVE режимінде 6 білім беру орталығы 200-ден астам адамды қамти отырып, 27 эфир (1650 минут) өткізді. Ағымдағы жылғы 23 желтоқсандағы жағдайы бойынша қаралымдар саны 26 000 құрады.