2022 жылы ҰБТ форматында қандай өзгерістер болады деп күтілуде? 1) Тестілеу "бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера" қағидаты бойынша өткізіледі (бұған дейін бір камера). Түсуші тестілеу жүйесіне әрбір кіру және шығу кезінде, компьютерде орнатылған фронтальды камера арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялаудан өтеді;
2) Тестілеу кезінде электр қуаты ажыратылған жағдайда немесе тестілеу жазбасы жүргізілмейтін басқа да форс-мажорлық жағдайларда, тестілеуді тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт жасалады;
3) Мүгедек балаларжәне мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) тестілеуге қосымша 40 минут уақыт беріледі; 4) Қазақстан тарихы пәні тест тапсырмаларының құрамына контекс мәндегі тест тапсырмалар енгізілді (2021 жылы олар тек бейіндік пәндерде болды);
5) Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілер үшін тестілеу ұзақтығы өзгертілді, тестілеу уақыты - 70 минут (бұрын 65 минут);
Өтініштер беру мерзімі 24 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығы* 20 ақпан мен 10 наурыз аралығы 1 мамыр мен 10 маусым аралығы* 15 – 30 шілде аралығы Тестілеудің мерзімі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығы* 1 1 - 31 наурыз аралығы 2 1 - 30 маусым аралығы* 3 10 - 20 тамыз аралығы 4 ҰБТ-ның мерзімі Ескертпе: * көрсетілген ҰБТ мерзімдері (қаңтар, маусым) өзгеруі мүмкін
ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі