Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша төмен нәтиже көрсеткен М. Горький атындағы орта мектебінің, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің, Ақтоған орта мектебінің 11 сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстарының жүргізілуін



бет2/3
Дата11.03.2017
өлшемі0,53 Mb.
#11458
1   2   3

Ұсыныс

  1. 11 сыныпқа сабақ беретің пән мұғалімдеріне жаңа әдіс-тәсілдерді жетілдіру, сабаққа енгізу.

  2. ҰБТ –ге даярлықты күшейту,әр тест бойынша толық анализ жасау .

  3. Орыс тілі пәні мұғалімі Т.Дузбаевқа Ұлттық бірыңғай тестке дайындық папкасын толықтыру және тесттерді жинақтау керек.

4. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс мектеп әкімшілігінің бақылауына алынсын.

5. Мектепте әдістемелік жұмысты күшейту.

М.Горький атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушыларының ағылшын тілі пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестке дайындық жұмыстары мен пәннің оқытылу жағдайы, пәндегі білім сапасы тексерілді.

Тексеру кезінде 11 сыныптарға ағылшын тілі пәні бойынша сабақ беретін пән мұғалімдері Скендирова Жанар, Мусаева Лаззаттың іс-құжаттары мен сабақты меңгерту әдіс-тәсілдері зерттелді.

Күнтізбелік жоспарлары бағдарламаларға сәйкес жасалған, күнделікті сабақ жоспары бар. Журналдар толтырылған, талапқа сай келеді.Бастапқы бақылау жұмысы алынған,білім сапасының мониторингі жасалған.

Скендирова Ж. 11 а сыныбында тақырыптық тест алынды. 18 оқушы қатысты. Ағылшын тілі пәні бойынша бастапқы бақылау мен тексеру барысындағы тест жұмыстарының қорытындысы.



Сынып

Барлығы

жазғаны


5

4

3

2

Білім

сапасы


Барлығы

жазғаны


5

4

3

2

Білім сапасы

11 А

18

-

6

12

-

33%

Тексеру кезінде



18

-

7

11

-

38%

0-дік бакылау бойынша



Мусаева Л. 11 Ә сыныбына «Revision of Conditionals» тақырыбындағы сабағы талданды. Тест жұмыстары арқылы үй тапсырмасы сұралды.

Бейнематериалдар, қосымша мәліметтер өте көп қолданылды.Cабақта Садуллаева Айсара белсене қатысты, себебі ол Ұлттық бірыңғай тестте ағылшын тілі пәнін таңдап отыр екен. Мұғалім жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға тырысты, сабақ дәстүрлі формада өтті. Сергіту сәті ұтымды шықты. Үй тапсырмасына эссе жазу тапсырылды. Сыныпта 4 оқушы баға алды. Ұлттық бірыңғай тестке баратын оқушымен Садуллаева Айсарадан екі тест алынды.

Пән мұғалімінің Ұлттық бірыңғай тестке арналған папкасы жасалған, Бірақ тақырыптық тесттер аз, алынған тестке талдау қысқаша жасалған.

Ағылшын тілі пәні бойынша бастапқы бақылау мен тексеру барысындағы тест жұмыстарының қорытындысы.



Сынып

Барлығы

жазғаны


5

4

3

2

Білім

сапасы


Барлығы

жазғаны


5

4

3

2

Білім сапасы

11Ә

10

-

3

7

-

30%

Тексеріс кезінде



10

-

4

6

-

40%

0-дік бақылау бойынша



Ұсыныс: Пән мұғаліміне жаңа әдіс-тәсілдерді жетілдіру, сабаққа енгізу, сабақ формаларын түрлендіру ,ҰБТ-ге даярлықты күшейту,әр тест бойынша толық талдау жасалу ұсынылды.

Аталған мектепте орыс-қазақ сыныптарына математика пәнінен 3 мұғалім, физика пәнінен 2 мұғалім сабақ береді.

11 «А» қазақ сыныбы жаратылыстану-математикалық бағытта білім алуда, пән мұғалімі М.Иманбаева. Осы мерзімге дейін тақырыптық, тараулық дайындық жұмысын бастамаған. Осы сыныптың сабақтағы бөлім деңгейлері мен белсенділіктерін бақылау мақсатында геометрия пәні сабағы талданды. Сабақта оқушылар емес, пән мұғалімінің (М.Иманбаева) белсенділігі жоғары. Сабақта отырған 18 оқушының 7-і ғана сабақта қойылған сұрақтарға жауап берсе, оның ішінде тек 2 оқушы жоғары белсенділік көрсетіп, берілген тапсырманы толық орындады. Алайда сабақта пән мұғалімі оқушылардың өз бетінше тапсырманы орындауына, ойлануына мүмкіндік бермейді, барлық сұрақтар мен есептерді орындауда өзі бағыт беріп, формулаларды айтып, есептеулер мен анықтамалырдың айтылуына араласып отырады. Сабақ бірсарынды өтті.

11 «Ә» қазақ сыныбы қоғамдық-гуманитарлық бағытта 10 оқушы білім алуда, пән мұғалімі Б.Байтілеуов. Пән мұғалімі жоспар бойынша тарау, тақырыптық дайындықты бастаған, алайда оқушылардың білім деңгейлері төмен. Осы сыныптың алгебра пәнінен білім деңгейлерін бақылау мақсатында сабақтарына қатысу барысында сыныптағы оқушылардың білім деңгейлерінің төмендігі байқалды. Пән мұғалімі тарапынан түсіндірме жұмыстары нақты жүргізілсе де, сыныптағы қыз –балалар тақтаға шыққылары келмей, қыңыр мінездерін көрсеткендіктері, артық сөйлейтіндіктері, бұл сынып оқушыларының бірінші кезекте тәрбиесіне көңіл бөліну керек екендігі сынып жетекшісі мен мектеп әкімшілігіне атап айтылды.

11 орыс сыныбындағы 8 оқушының барлығы ҰБТ-ге барудан бас тартып отыр, алайда математика пән мұғалімі З.Мұстафаева дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Физика пәнінен қазақ сыныптарына К.Аликулова сабақ береді. Жоспар бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде, алайда 11-сынып оқушыларынан сынама тестін алу барысында оқушылардың физика пәнінен білім деңгейлерінің өте төмен екендігі анықталды. Олай болса, пән мұғалімі бұл мерзімге дейін дайындық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізбеген деген қорытынды жасауға болады.

Осы мерзімге дейін ең болмағанда, өздері сабақ беретін сыныптардың басқа пәндердегі білім деңгейлерін, белсенділіктерін, тәртіптерін бақылау мақсатында М.Иманбаева, Б.Байтлеуов, К.Аликулова бірде-бір сабаққа қатыспаған.

11-сыныптардан алынған математика, физика пәндерінен сынама тест қорытындысы төмендегідей болды:





Пәндер

11 «А» сыныбы

11 «Ә» сыныбы

11 орыс сыныбы

Жалпы

Білім сапасы

Үлгермеу

Орташа балл

Білім сапасы

Үлгермеу

Орташа балл

Білім сапасы

Үлгермеу

Орташа балл

Б/с

Үлгерм

Орташа балл

1

Математика

40%

13%

9

20%

10%

7

28%

14%

7

29%

12%

8

2

Физика

19%

-

7

10%

-

7

-

-

-

15%

-

7

Мектепте 11 сыныптарға химия пәнінен екі мұғалім сабақ береді. Химия пәні мұғалімі Тіркесбаева Сандуғаш Рахманбердиевнабілімі жоғары, еңбек өтілі 8 жыл, санаты жоқ, апталық жүктемесі – 18 сағат.Тексеру барысында мұғалімнің бірнеше сабағы талданды. Пән мұғалімінің 11 сыныпда «Алкандар» тақырыбындағы сабағы талданды. Оқу бағдарламасы шектеу мөлшерде білімге ие. Аталған салада оқиғалармен, дәлелдермен, жаңашылдықпен озықтық танытады. Тақырып бойынша жауап бере алады. Пікірталасты ұйымдастыра біледі. Сөйлеу мәдениеті жоғары. Жоспарлау мезгілі жақсы ұйымдастырылған. Сабақ мақсатын қоюда қиындықтар кездеседі. Сабақ әдістемелік сауаттылықпен өткізіледі. Сабақ кезеңдерінде логикалық реттілік сақталмайды.Уақытты ұтымсыз пайдалануда. Бағалау және оқушыларды өзін- өзі бағалау әдістемесіне қойған мақсаттарға жетуде қиындықтар бар.Негізгі мәліметті кітаптан алады. Мәліметті нақ білуде, атауларды түсініктерді анықтауда қатеге жол береді. Мәліметті түсіндіруде тілдік қиындықтарға кезігеді. Оқу іс–әрекетін ұйымдастыра біледі. Сабақ кезеңі логикалық қорытындыға және реттілікке ие емес. Оқушылардың білімге деген іс- әрекетін ынталандыруды жақсартуға тиісті. Сабақтың екпінін орташа қамтамасыз етеді. Оқу барысында әр оқушылырдың ерекшеліктерін ескермейді. Сабақты міндетті түрде жоспар бойынша жүргізеді. Стандартты сұрақтар қояды. Кері байланыс орташа деңгейде. Оқушыларды әділ бағалайды. Мониторинг ұйымдастыруда қиыншылыққа кезігеді. Мұғалім жаңа сабақтың талабы бойынша жоғарғы талап қоймайды. Әр түрлі қиындықтардағы тапсырмаларды тек тексеріс, ашық сабақтар уақтында дайындайды. Қосымша мәлімметтер пайдаланғанды мадақтайды. Оқушының өсу дәрежесін қадағалайды.

Химия пәнінің мұғалімі Қыстаубаева Рысжан Тоқтамысовна – білімі жоғары,еңбек өтілі 23 жыл, бірінші санатты.Апталық жүктемесі -9 сағат. Пән мұғалімі 11 сыныпта «Алкандардың қасиеттері» тақырыбында өткізген сабағы талданды. .Оқу іс–ірекетін ұйымдастыра біледі. Сабақтың кезеңдері логикалық қорытындыға және реттілікке ие. Оқушылардың білімге деген іс- әрекетін ынталандыру қабілетіне ие. Сабақтың ұстамдылық екпінін сақтайды. Сабақ барысында жеке қабілеттілік ерекшеліктерін ескеріп отырады. Жағдайға байланысты сабақ жоспарына өзгерістер енгізіп отырады. Стандарттық сұрақтармен қатар оқушылардың ой-өрісін дамытатын сұрақтарды қоя біледі. Жүйелі кері байланысты ұйымдастырады. Оқушылардың ой іс - әрекетін дамытуға арналған сұрақтарды қояды. Үнемі мониторинг жүргізеді және әділ бағалайды. Өздік жұмыстардың түрлері, кері байланыс орнату тәсілдері, өз-өзін бақылау әдістерін қалыптастыруы, оқушыларға тапсырмаларды өз ерекшеліктері мен дайындық деңгейіне қарай жекешелеп беруі, оқушылардың білімін бағалауы, үй тапсырмасының көлемі талапқа сай келеді. Оқушылардың ынтасы жоғары, мұғалім оқушыларға сол тақырыпты жоғары дәрежеде меңгерте білді.

Мектепте химия пәніне арналып 1 кабинет жасақталған. Кабинеттің даму жоспары бар, паспорты бекітілген. Кабинетте химиядан өте қажет ерігіштік кестесі, кернеу қатары т.б. стендтер жоқ. Интерактивті тақтамен жабдықталғанымен, ол жұмыс істемейді. Кабинетте жеке үлестірмелі, дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдар картотекаланып, жүйеленбеген. Зертханалық реактивтер мен құралдар-жабдықтар қоры аз. Тартпа шкафы бар болғанымен, ол жұмыс істемейді. Пәнге арналған жеке сыныптық тесттер қоры жеткілікті, тек үлестірмелі қима қағаздарды толықтырып жүйелеу қажет.

Мұғалімдердің күнтізбелік жоспарлары бағдарламаға сәйкес жасалған, күнтізбелік жоспар мен журналдардың сағат сандары сай, бағдарламадан артта қалушылық, ауытқушылық жоқ. Сабақ жоспарлары талапқа сай жазылып,бекітілген.Сынып журналының толтырылу сапасы жақсы. Оқушылардың үлгерім жағдайы, сабаққа қатысуы , баға жиынтығы қалыпты. Жазба жұмыстары уақтылы тексеріліп бағасы қойылған. Қатемен жұмыс жүргізіледі. Оқушылардың жұмыс дәптерлерінің сырты талапқа сай толтырылған. Бақылау, тест, зертханалық, практикалық жұмыс дәптерлері арналған. Жазба жұмыстары уақтылы тексеріліп бағасы қойылған.

2015-2016 оқу жылында ҰБТ–ның білім сапасының іске асырудың жоспары, 11 сынып оқушыларына аралық бақылау тестінің өту   кестесі, пән мұғалімдерінің ҰБТ-ге дайындық жоспарлары, ҰБТ -ның қосымша сабақтарының кестесі жасалып бекітілген. Аралық бақылау тестіне пән бойынша әр оқушыға арналған жеке мониторинг   нәтижесі толық жазылған. Аралық тесте төмен нәтиже көрсеткен оқушыға арналған пән мұғалімінің түзету жұмысының жоспары ( тоқсан бойынша) жасалмаған. Аралық тестінің және бастапқы бақылау көрсеткіштерінің салыстырмалы диагностикасы жасалмаған. Аралық бақылау тестінің талдауы жазылған. Оқушылардың жіберген қателеріне талдау жасалғанымен, талапқа сай емес.Талдау өте қысқа жазылған. Төмен ұпай жинап отырған оқушымен жеке жұмыстар өткізілмеген. Барлық 11 сынып оқушыларынан таңдау пәніне химия таңдаған 1 оқушы бар. Химия пәнін таңдаған Керім Акеркеден осы кезге дейін 3 рет тест жұмыстары алынған. Оның нәтижесі төмендегідей болған. 4.09.15. алынған тест тапсырмасынан 13 ұпай.Бағасы «3». 18.09.15. алынған тест тапсырмасынан 16 ұпай.Бағасы «4».



25.09.15.мектеп әкімшілігі тарапынан алынған тест тапсырмасынан 6 ұпай.Бағасы «3».

Тексеру кезінде алынған тест тапсырмасынан 10 ұпай. Бағасы «3»

Алынған бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша білім көрсеткіші төмендегідей болды.



Оқушылардан алынған бақылау жұмысының қорытындысы

Сынып

Оқушы саны

Пәні

Бастапқы бақылау қорытындысы

Тексеру барысында

Айырмашылығы

Пән мұғалімі

б/с

ү/с

б/с

ү/с

б/с

үлгермеуші




11 А

17

химия

29%

100%

23%

100%

-6

0%

Тіркесбаева С

11Ә

10

химия

30%

100%

20%

100%

-10

0%

Қыстаубаева Р

11В

8

химия

37%

100%

25%

100 %

-12

0%

Қыстаубаева Р

Кемшіліктер:

  1. Аралық тестте төмен нәтиже көрсеткен оқушыға арналған пән мұғалімінің түзету жұмысының жоспары ( тоқсан бойынша) жасалмаған.

  2. Аралық тестінің және бастапқы бақылау көрсеткіштерінің салыстырмалы диагностикасы жасалмаған.

  3. Аралық бақылау тестінің талдауы жазылған. Оқушылардың жіберген қателеріне талдау жасалғанымен, талапқа сай емес.Талдау өте қысқа жазылған.

  4. Төмен ұпай жинап отырған оқушымен жеке жұмыстар өткізілмеген.

Ұсыныстар:

  1. Аралық тесте төмен нәтиже көрсеткен оқушыға арналған пән мұғалімінің түзету жұмысының жоспары ( тоқсан бойынша) жасалсын.

  2. Аралық тестінің және бастапқы бақылау көрсеткіштерінің салыстырмалы диагностикасы жасау керек.

  3. Аралық бақылау тестінің талдаулары талапқа сай жазылсын.

  4. Төмен ұпай жинап отырған оқушымен жеке жұмыстар өткізілсін.

Биология пәні бойынша 2 мұғалім 11 сыныптарға дәріс береді. Құттымұратова Гулбаршын Әуелбайқызы 2015-2016 оқу жылында 11 сыныпты алғаш рет ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр . Қарапайымнан күрделенген тест жинақтары салынған папкалары бар. 11 сынып оқушыларына арналған бақылау тестінің оқу кестесі бар.

ҰБТ-ге арналған дайындық жоспары бар бекітілген. Осы күнге дейін 5 рет тест жұмысы алынған. Таңдаған оқушылары түгелімен қатысып, тапсырмаларды орындаған. Аптаның бейсенбі күні дайындақ жұмысы жүргізеді. Үлгермеуші көрсетілмеген.



№1

№2

№3

№4

№5

Б/С-0

Б/с-9

Б/с-54

Б/с-63

Б/с-81

О/б -08

О/б-11

О/б-13

О/б-13

О/б-15

Осы алынған тест нәтижесінде алға жылжушылық бар .

1 ғана Тұрғанбек З .Қ жоғары нәтиже көрсеткен. 2 оқушы Тоқтағұл . Г, Алибаева Н. ең төменгі көрсеткіш көрсеткен . Мұғалімде ҰБТ-ге дайындық папкасында мақсат, міндет қойылған. Мәтіндік талдау алынған тест жұмыстары бойынша оқушының жинаған ұпайына қарай қатемен жұмыс жүргізіліп, нәтижесі көрсетілген. Әрбір оқушы папкасында алынған тест жұмыстары салынған

Тексеру нәтижесінде 11 «А» «Ә» сыныптарынан тест жұмыстары алынды. 11 «А» сыныбы бойынша білім сапа -41% көрсетсе, бастапқы бақылау бойынша 37% білім сапасын көрсеткен. 11 « Ә» сынып бойынша бойынша білім сапасы -30% көрсетсе, бастапқы бақылау бойынша 37% білім сапасын көрсеткен. 11 орыс сыныптан тест жұмысы алынып, нәтижесінде білім сапасы -0 көрсетті.

Биология пәні бойынша орыс сыныптарына Молдабекова Назира дәріс береді. Орыс сыныптарында ҰБТ - ны биология пәні бойынша ешқандай оқушы таңдамаған. Сабағына қатысып, мұғалімнің сабақ беру және теориясы талданды . Сабақта АКТ технологиясын қолданды. Дегенмен мұғалімнің теориялық деңгейі төмен екендігі көрінді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы жоқ.Сабақ қорытылып , үй тапсырмасы толық берілмеді.



Ұсыныс:

1. Мұғалім ҰБТ-ге дайындық жұмыстарына жан-жақты ізденсін.

2.Тест түрлерін көбейтіп, оқушыларға тереңдете білім беру жолдары қарастырылсын.

3. Мұғалім теорияны жете меңгеріп , сабақты қызықтырып , түрлендіріп өткізсін.

4. Оқушылармен тығыз қарым- қатынаста болып , сабақта барлық оқушы түгел қамтылсын.

11 сыныптарда Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы пәндерінің оқытылу барысы тексерілді. Державин Леонид Юрьевич тарих пәнінің мұғалімі ретінде сабақ беру әдістемесін меңгерген. Күнделікті сабақ жоспары мен күнтізбелік жоспарда ауытқушылық жоқ. Журналды уақытында толтырады. 7 қазан күні 11 «В» сыныбында дүниежүзі тарихы пәнінен «ФРГ» тақырыбында сабағы талданды. Мұғалім сабақты жақсы түсіндіреді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін пайдаланады. Бір-біріне сұрақтар қойып, бірін-бірі толықтыра алады. Сабақ барысында көрнекі құралдарды жүйелі пайдаланады.

Тексеру барысында 11 «В» сыныбынан бақылау жұмысы алынды. Нәтижесі төмендегідей:11 «В» сыныбында 8 оқушы. Бақылау жұмысын орындаған 7 оқушы. «5» - жоқ;«4» - 3;«3» - 4; «2» - жоқ;Білім сапасы – 43 %. Үлгермеуші жоқ.Бастапқы бақылаумен салыстырғанда, білім сапасы 7 %- ға төмен.

Умирбаева Күлжан-тарих пәнінің мұғалімі.Еңбек өтілі – 19 жыл. Санаты І-ші.Тексеру барысында 6 қазан күні мұғалімнің Қазақстан тарихы пәнінен «К. Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс» және Дүниежүзі тарихы пәнінен «ГФР» тақырыптарында 2 сабағы талданды. Сабақтарында оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе алатын «СТО» оқыту технологиясының элементтерін үйлесімді пайдаланады. Сабақты жақсы түсіндіреді. Оқушылар алған білімдерін картамен байланыстыра алады. Сабақ барысында электрондық оқулықтарды қолданады. Мұғалім сабақ беру методикасын меңгерген. Күнделікті сабақ жоспары мен күнтізбелік жоспарда кемшілік жоқ. Журналды уақытында толтырады. Тексеру барысында 11 «Ә» сыныбынан бақылау жұмысы алынды. Нәтижесі төмендегідей:



11«Ә» сыныбында барлығы 10 оқушы, бақылау жұмысын 10 оқушы орындады. «5» - жоқ; «4» - 4; «3» - 6; «2» - жоқ; Білім сапасы – 40 %; Үлгермеуші жоқ.

Бастапқы бақылаумен салыстырғанда, білім сапасы 13 %- ға көтерілген.

Төлендиева Назым тарих- география пәндерінің мұғалімі.Еңбек өтілі – 10 жыл. Санаты- І; Тексеру барысында 11 «А» сыныбынан бақылау жұмысы алынды. Нәтижесі төмендегідей:11«А» сыныбында барлығы 18 оқушы, бақылау жұмысын 16 оқушы орындады. «5» - 2; «4» - 6; «3» - 8; «2» - жоқ

Білім сапасы – 50 %. Үлгермеуші жоқ.Бастапқы бақылаумен салыстырғанда білім сапасы 15 %- ға көтерілген.

Барлық пән мұғалімдеріне қатысты оқушыларды ҰБТ-ге даярлау туралы құжаттары бар: жылдық жоспарлар, сынама тесттер, мәтіндік талдаулар, білім сапасының мониторингілері жинақталған.

Кемшілігі: Барлық пән мұғалімдеріне қатысты оқушыларды ҰБТ-ге даярлау бойынша 11 сыныптар арасында өзара сабақтарға аз қатысқан (2-3 сабақ).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет