Ұсыныс: Оқытудың озық технологияларының элементтерін басшылыққа ала отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін сабақтарды түрлендіріп отыру қажет. Қосымша көрнекі құралдарды жиі пайдалану қажет. Тексеру барысында көрсетілген кемшіліктерді жою пән мұғалімдеріне жүктелсін.
Ақтоған орта мектебінің 11 сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары 2015 жылдың 6 – 8 қазан аралығында білім бөлімінің ағымдағы жылдың 05 қазандағы №763 бұйрығымен зерделенді.
Зерделеу барысында мектеп әкімшілігінің, пән мұғалімдерінің ағымдағы жылғы 11 сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары зерделенді.
Нәтижесінде: Мектеп директорының бұйрығымен «Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықты ұйымдастыру мақсатында техникалық хатшы болып, оқу ісі жөніндегі орынбасары Айтбаев Серік бекітілген.
Оқу-тәрбие жоспарында тамыз айында «ОЖСБ, ҰБТ-ге даярлық жұмыстарын ұйымдастыру», қаңтар айында «ҰБТ-мен ОЖСБ дайындық жұмыстарының жүргізілуі», наурыз айында «Алтын белгі» мен үздік аттестатқа үміткер оқушылармен жүргізілген жұмыс» тақырыптары жоспарланған.Бірақ үміткер оқушылар жоқ. Мерзім бойынша өткізілген іс-шаралардың хаттамалары мен анықтамалары жинақталған.
Директор жанындағы кеңестің жоспарында қараша айында «ОЖСБ және ҰБТ-ге дайындық жұмыстары туралы», ғылыми-әдістемелік жұмысының жоспарында қараша айында «ОЖСБ, ҰБТ-ге дайындық сапасын көтеру жолдары», ақпан айында «Оқушының ББД қалыптастырудың өзектілігі (қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша) Коучинг», «ОЖСБ, ҰБТ-да төмен білім сапасын көрсеткен оқушылармен жұмыс түрін жетілдіру жолдары» тақырыптары жоспарланған.
Қыркүйек айында екі кешенді тестілеу жүргізілген. Талдаулары бар, екінші тестілеудің талдауы салыстырмалы түрінде жазылмаған.
Ата-ана, пән мұғалімдері және оқушылармен бір рет жиналыс өткізілген, хаттамасы қысқаша жазылған. Мектептің дәлізінде, сыныптарда ҰБТ бұрыштары жасалынған. Әкімшіліктің сабаққа қатысу дәптерлері бар. Дарменова Э.Т – 18, Айтбаев С.Ш – 6 сабаққа қатысыпты.
Ақтоған орта мектебінде қазақ тілі пәні бойынша мектеп бітіруші түлектерді ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау барысы тексерілді.
Тексеру барысында аталған мектептің 11 «А» және 11 «Ә» сынып оқушы-ларынан қазақ тілі пәнінен тест тапсырмаларын алдым. Осы сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдерінің сабағы талданды.
Тексеру кезінде 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің күнтізбелік жоспары, сынып журналы, оқушылардың жұмыс дәптерлері, ҰБТ папкасы, қазақ тілі пәнінен нормативтік құжаттардың талапқа сай болуы қадағаланды.
Тексеру кезіндегі тест тапсырмаларының нәтижесі төмендегідей болды:
11 «А» сыныбы (Пән мұғ. Ахметова Сәуле) Барлығы–17оқушы, жазғаны–14оқушы «5»-0 «4»-2–14% «3» - 12 – 86 %
11 «Ә» сыныбы (Пән мұғ. Жаманқұлова Нұрлай) (Барлығы–20 оқушы, жазғаны – 19 оқушы) «5» - 0 «4» - 2 – 11 % «3» - 17 – 89 %
Тексеру барысында кездескен кемшіліктер:
Тест тапсырмаларының нәтижесі бойынша оқушылардың білім сапасы екі сыныпта да төмен деңгейде болды. Атап айтқанда, 11 «А» сыныбының 12 оқушысы 6-11 балл аралығын жинаса, 11 «Ә» сыныбының 17 оқушысы 4 балдан 12 балға дейін жинады. Ең жоғары ұпайдың өзі 15-16 балдан асқан жоқ.
Мұғалімдердің ҰБТ-ге арналған жинақ папкасы толықтыруды, реттілікті, жүйелілікті талап етеді. Тақырыптық және тараулық тест тапсырмалары өте аз.
Екі мұғалімнің де күнтізбелік жоспарында ауытқушылық кездесті (бұл туралы мұғалімдердің өздеріне ескертіліп, жөнделді). Журналдағы үй тапсырмасына арналған баған толтырылмаған.
Сабақ барысында оқушылардың белсенділігі төмен болды. Оқушылардың ынтасы мен пәнге қызығушылығы байқалмайды.
Ұсыныс:
11-сынып оқушыларын қазақ тілі пәнінен ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері пайдаланылсын;
ҰБТ-ге арналған мұғалімнің жинақ папкасы тақырыптық, тараулық, нұсқалық тестермен толықтырылсын;
сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арттырылсын;
өте төмен деңгейдегі (4 балл, 5 балл, 6-7-8-9 балл жинаған балалармен) оқушылармен жеке жұмыс жүргізілсін.
Гущина Людмила Александровна – жоғары санатты мұғалім, күндізгі бөлімін бітіріп, орыс тілі пәнінің мұғалімі деген мамандық алған. Еңбек өтілі – 24 жыл. Апталық жүктемесі – 9 сағат, оның ішіндегі 2 сағат 11 сыныптарда орыс тілінен, 1 сағат орыс әдебиетінен сабақ береді және 10 сыныптарға дәріс береді.
2015 жылдың 28 тамызында «Критериальное оценивание как фактор развития функциональной грамотности учащихся на уроках русского языка и литературы в условиях обновления содержания образования» тақырыбы бойынша білімің жетілдіру курсын оқып келіпті, сертификат №0081707
Спесивая Татьяна Алексеевна еңбек өтілі – 35 жыл. Апталық жүктемесі 20 сағат, оның ішіндегі 1 сағат 11 сыныпта орыс тілден сабақ береді және 7, 8, 10 сыныптарда сағаттары бар. Ең соңғы білім жетілдіру курсын 2009 жылы өтіпті.
Момынтаева Жанна Амиртаевна - бірінші санатты мұғалім,Еңбек өтілі – 23 жыл. Апталық жүктемесі – 19 сағат, оның ішіндегі 1 сағат 11 сыныптарда орыс тілінен сабақ береді. 6, 8,11 сыныптарға дәріс береді.
Мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары бағдарламаға сай құрылған. Күнтізбелік-тақырыптық жоспардағы бақылау жұмыстары екі мұғалімде де өз уақытында алынып, бағалар журналға қойылған. Мазмұндама, шығарма саны стандартқа сәйкес жоспарланған.
Журнал сабақ кестесіне сай толтырылған. Журналдағы бағалар талапқа сай қойылған. Сабақ саны күнтізбелік жоспармен сәйкес. Журнал бойынша кемшіліктер байқалған жоқ.
Күнделікті жоспарлары бар. Мектеп әкімшілік тарапынан тексеріліп, қол қойылған. Күнделікті жоспарда сабақтың әдісі мен сабақтың құрылымы жазылмаған. Барлық мұғалімдердің сабаққа қойылған мақсаттары сабақтың түріне сай келеді.
Мониторинг алынған тесттер бойынша
Сынып
|
І тест
б/с
|
үлгер
|
ІІ тест
б/с
|
үлгер
|
ІІІ тест
б/с
|
үлгер
|
IV тест
б/с
|
үлгер
|
барлығы
|
қатысқаны
|
Тексеру барысында тест қорытындысы б/с
|
11 «А» (Спесивая Т.А.)
|
17,6%
|
11,7%
|
17,6%
|
100%
|
5,8%
|
100%
|
-
|
-
|
16
|
14
|
21,4%
|
11 «Ә» (Гущина Л.А.)
|
66%
|
100%
|
34%
|
100%
|
66%
|
100%
|
44%
|
100%
|
10
|
7
|
71%
|
11 «Ә»
(Момынтаева Ж.А.)
|
15%
|
12%
|
12%
|
100%
|
25%
|
100%
|
25%
|
100%
|
10
|
6
|
50%
|
Қыркүйектен бастап алынған тесттің саны – 4. Гущина Л.А. мен Момынтаева Ж.А. 4 тест алған, ал Спесивая Т.А. – 3 тест алған. Спесивая Татьяна Алексеевнада ІІІ тестке бар жоғы 5 оқушы қатысқан. IV тест мүлдем алынбаған. Тексеру барысында мынандай нәтиже көрсетті:
Барлық оқушы – 16; Қатысқаны – 14; «5» - 0; «4» - 3; «3» - 11; «2» - 0
Білім сапасы – 21,4%; Үлгермеушілік – 100 %; Спесивая Т.Л.-да 3%-ға өсуі байқалады.
Гущина Людмила Александровнада (11 «Ә») жылдың басынан алынған тесттің саны – 4. Алынған тесттердің білім сапасы құбылмалы болып тұр, біресе өсуі, біресе төмендеуі байқалады. Тексеру барысында мынандай нәтиже көрсетті:
Барлық оқушы – 10; Қатысқаны – 7; «5» - 0; «4» - 5; «3» - 2; «2» - 0
Білім сапасы - 71%; Үлгермеушілік - 100%; Гущина Л.А. 5%-ға өсуі байқалады.
Момынтаева Жанна Амиртаевна (11 «Ә») жылдың басынан алынған тесттің саны – 4. Алынған тесттердің білім сапасының өсуі байқалады, І тестте 1 үлгермеуші болған, кейін үлгермеушілік жойылған. Тексеру барысында мынандай нәтиже көрсетті:Барлық оқушы – 10;Қатысқаны –6; «5» - 0; «4» - 3; «3» - 3;«2» - 0; Білім сапасы - 50%; Үлгермеушілік - 100%; Момынтаева Ж.А.-да өсуі байқалады.
Жалпы 11 «Ә» сыныбының қорытындысы бойынша:
Барлық оқушы – 20; Қатысқаны – 13; «5» - 0; «4» - 8; «3» - 5; «2» - 0
Білім сапасы - 61%; Үлгермеушілік - 100%; 11 «Ә» гуманитарлық бағыт 11 «А» жаратылыстану бағытынан білім сапасы жоғары болып тұр.
11 «Ә» - 61%; 11 «А» - 21,4%-ді көрсетіп тұр.
Орыс тілі пәнінен оқушылардың дәптерлерінің сырты дұрыс толтырылған. Дәптерлердің сырт келбеті таза. Оқушылардың шығармашылық пен бақылау дәптерлері бар. Тексеру барысында Спесивая Т.А.-да түзетілмеген қателер кездесті, ережелер жұмыс дәптерлеріне жазылады екен, ол мұғалімге ереже дәптер бөлек болу керектігін айтып, түсіндірілді.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдердің сабақтары талданды. Момынтаева Жанна Амиртаевнаның 1 сабағы талданды. 11 «Ә» сыныпта тақырыбы «Синтаксис. Понятие о синтаксисе и пунктуации». Сабақта барлық кезеңдер қамтылды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Қойылған мақсатына жетті. Спесивая Татьяна Алексеевнаның 1 сабағы талданды. 11 «А» сыныптағы «Синтаксис. Словосочетание и предложение» деген тақырыпта өтті. Сабақта көрнекіліктер пайдаланды (таблица, карточкалар). Сабақта барлық кезеңдер қамтылды. Сабақтың соңында тест таратылып, сол тесттің қорытындысымен бағаланды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Мұғалім қойылған мақсатқа жетті. Екі мұғалімінде сабақтары дұрыс жоспарланған. Мақсаттары дұрыс қойылған. Сабақтардың кезеңдері дұрыс қойылған. Әр кезең сабақта қамтылды. Сабақта үлестірме материалдарды қолданды. Балалар перфокартамен жақсы жұмыс жасай алады. Әр жауап берген оқушы сабақта бағаланды.
Сабаққа қатынасу дәптері талапқа сай жүргізілген. Сабақтарға толық анализ жасалған. Сабаққа қатысу мақсаты дұрыс жазылған. Бірақ та үш мұғалімдеде сабаққа қатысқан саны аздау болып тұр.
Оқушылардың білім сапасы туралы ұсыныс:
Орыс тілі сабақтарында деңгейлік тапсырмаларды, тесттерде, әр түрлі диктант түрлерін қолдану.
Мониторинг үзбей жүргізіп отыру.
Үлгерімі төмен оқушылармен жасалынатын жұмыстарға ұсыныс:
Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмысты жандандыру.
Үлгерімі төмен оқушылармен қосымша сабақтар өткізу
Үлгерімі төмен оқушыларға қосымша сабақтарға дәптер арнату
Оқушылардың дәптерлері бойынша ұсыныс:
Оқушылардың дәптерлердің сырт келбетіне көп көңіл бөлу.
Дәптерлердің сыртын толтырылуына көп мән беру
Дәптерлерді өз уақытымен тексеру.
Ақтоған орта мектебінде ағылшын тілі пәнінің берілу жағдайы зерттелінді. Бұл мектепте ағылшын тілі пәнінен үш мұғалім сабақ береді. Олар:
Бурбекова Гауһар Муратбековна. Білімі жоғары, еңбек өтілі 33 жыл, біліктілік санаты- жоғары. Апталық жүктемесі 24 сағат. Білім жетілдіру курсынан 2012 жылы өткен. Шығармашылық тақырыбы: « Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру»
Маханова Ағзира Абдижалиевна. Білімі жоғары, еңбек өтілі 18,6 жыл, біліктілік санаты- бірінші. Апталық жүктемесі 22 сағат. Білім жетілдіру курсынан 2010 жылы өткен. Шығармашылық тақырыбы: «Оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруда ауызекі сөйлемнің тиімділігін сыни тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдері арқылы дамыту».
Уразалиева Индира Жумагалиевна. Білімі жоғары, еңбек өтілі 11 жыл, біліктілік санаты- екінші. Апталық жүктемесі сағат. Білім жетілдіру курсынан жылы өткен. Шығармашылық тақырыбы: « Оқушылардың ағылшын тілінде коммуникативті құзіреттілігін дамыту»
Зерттеу барысында пән мұғалімдерінің іс-құжаттары тексерілді.
Күнтізбелік жоспар: Жоспарлар бекітілген. Жоспарлар ҚР Білім және министрлігінің № 115 бұйрығымен бекітілген типтік оқу жоспарына сәйкес жасалынған.
Ағылшын тілі пәнін жалпы 4 оқушы таңдаған.
Пән мұғалімдерінің оқушыларды ҰБТ ге дайындық бойынша қосымша сабақ жоспары жасалынып, бекітілген. Қыркүйек айынан бері үш рет тест жұмысы алынып, жұмысқа мәтіндік талдау жасалынған. Таңдаған оқушылардың тізімі, қосымша сабақ кестесі бар.
Сабаққа қатысу дәптерлері бар. Сабаққа қатысқан. Сыныптар бойынша тесттер, деңгейлік тапсырмалар жинақталған.Мониторинг папкалары бар, талдау жасалынған. Үлгермеуші және дарынды оқушылармен жұмыс жоспарлары жасалынған. Алайда 11 сыныпта үлгермеуші оқушылар көрсетілмеген. Пән мұғалімдерінің шығармашылық жұмыстары дұрыс жолға қойылмаған.. Арналған папкаға шығармашылық тақырыбы бойынша жұмыс жоспарын құрып, материалдар мен жұмыс нәтижелерін жинақтау қажет.
11 сынып журналдары күнтізбелік жоспар бойынша толтырылған, баға толық қойылған.
Зерттеу барысында 11 А» сыныбынан өтілген материал бойынша деңгейлік тапсырма алынды. 11 Ә сыныбынан тест тапсырмасы алынды.
Сыныбы
|
Оқу
шы саны
|
Бастапқы бақылау
|
|
Тексеру нәтижесі
|
5
|
4
|
3
|
2
|
б/с
|
Қатысқаны
|
5
|
4
|
3
|
2
|
б/с
|
үлгермеу
|
|
11 А
|
17
|
0
|
7
|
10
|
|
41%
|
12
|
0
|
4
|
7
|
1
|
33%
|
8 %
|
11 Ә
|
20
|
0
|
8
|
10
|
|
44%
|
13
|
0
|
5
|
8
|
0
|
38%
|
0%
|
жалпы
|
37
|
0
|
15
|
20
|
0
|
41%
|
25
|
0
|
9
|
15
|
1
|
36%
|
4%
|
11 сыныпқа биологиядан сабақ беретін Ахимбекова Айман Несипбаевна, туған жылы – 24.04.1972 жылы, бітірген оқу орны- 2007 ж. ТарГПИ биология пәнінің мұғалімі, сырттай бітірген. Еңбек өтілі- 17 жыл
Білімі – жоғары, категориясы – І санатты.Апталық жүктемесі – 18,5 сағат
Педагог қызметкерлерінің деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын аяқтады, 27.12.2012 ж
Күнтізбелік жоспары бар бекітілген бағдарлама бойынша жасалған, күндері қойылған.
ҰБТ-ге арналған жұмыс жоспары жасалынып бекітілген. Бірақ жоспар дұрыс құрылмаған. Мұғалімге ескертіліп айтылды, қалай жасалатыны көрсетілді. Осыға дейін оқушылардан 5 тест алынған. Әрбір тестке талдау жасалған, бірақ толық емес. 18.09 күні алынған тест тақырыпқа сай келмейді. Оқушылардың тест жазылған дәптерлерін мұғалім көрсете алмады. Себебі оқушылардың өзінде деді. Тест бойынша түзету жұмысы сол дәптерге орындалады екен. Аптасына бір рет, яғни жұма сағат 15.00-15.45- те қосымша сабақ өткізіледі. Мұғалімнің өзара білімін көтеру папкасы бөлімдерге бөлініп жасалынған. Осыған дейін әдістемелік шеберлігін дамыту мақсатында 4 сабаққа қатысқан. Мұғалімнің 11 А сыныбындағы «Ж.Кювье және Ж.де Сент-Клердің еңбектері» «Ж.Б.Ламарктың эволюциялық теориясы» атты сабағына қатыстым. Топтық жұмыс арқылы оқушылар тақырыпты өз бетінше талдады. Оқушылар өз ойларын еркін айтады, сөйледі.
Бастапқы бақылау жұмысының қорытындысы
11А барлығы -17 11Ә барлығы – 20
« 5 » - 0 « 5 » - 0
« 4 » - 8 « 4 » - 8
« 3 » - 9 « 3 » - 12
Білім сапасы - 47 % Білім сапасы- 40 %
Тексеру кезінде алынған тестердің қорытындысы
11 а сыныбы тестке қатысқаны -15, барлығы 17
«5» -0
«4» -5
«3» -10
Білім сапасы 33 %. Сыныпта 8 оқушы биологияны таңдап отыр. Оның 6-уы қатысты. 11 Ә сыныбы бойынша тестке қатысқаны -14 оқушы, барлығы – 20 оқушы
«5» -1
«4» -4
«3» -9
Білім сапасы 36 %. 11 Ә сыныбында биология таңдап отырған оқушы жоқ.
Бастапқы бақылау жұмысымен алынған тестің қорытындысы бойынша 11 А - 14 %, 11 Ә - 4% айырмашылықты көрсетіп отыр.
Ұсыныс:
Тест бойынша төмен алған оқушылармен жеке жұмыс жүргізу күшейтілсін.
Қосымша сабақтар арқылы оқушылардың білім білік дағдысы арттырылсын.
Химия пәні мұғалімі Абдезова Дамеш Жұмалиевна – білімі жоғары, еңбек өтілі 26 жыл, санаты бірінші, апталық жүктемесі – 18 сағат.Шығармашылық тақырыбы: «Оқушылардың таным белсенділігін дамыта отырып теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге үйрету».
Пән мұғалімі 11 «Ә» сыныпта «Органикалық заттың сапалық құрамын анықтау» тақырыбында практикалық сабақ өткізді. Қолданылған әдістер жүйесі, дәстүрлі сабақ түрінде өткізді. Сабақ барысында, сұрақ-жауап,әңгіме. Сабақ барысында АКТ, электрондық оқулық қолданылмады.
Мұғалімнің күнтізбелік жоспарлары бағдарламаға сәйкес жасалған, күнтізбелік жоспар мен журналдардың сағат сандары сай, бағдарламадан артта қалушылық , ауытқушылық жоқ. Сабақ жоспарлары талапқа сай жазылып,бекітілген. Сынып журналының толтырылу сапасы жақсы.
Оқушылардың үлгерім жағдайы, сабаққа қатысуы, баға жиынтығы қалыпты. Жазба жұмыстары уақтылы тексеріліп бағасы қойылған. Қатемен жұмыс жүргізіледі.
Мұғалімдердің өз білімін көтеру жоспары бар, папкаға материалдар жүйелі жинақталмаған, пункттері бойынша жүйеге келтіру қажет. өзара сабаққа қатысу дәптері бар.
Мұғалімнің пәнге байланысты әдістемелік әдебиет қоры қосымша әдебиеттер, дидактикалық материалдар жинақталған,тақырыптық тестерді толықтыру қажет.
Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс папкалары жасақталған. Жылдық жоспарлары бекітілген, оқушының қосымша жұмыс дәптерлері бар.
Оқушылардың жұмыс дәптерлерінің сырты талапқа сай толтырылған. Бақылау, тест, зертханалық, практикалық жұмыс дәптерлері арналған.
ҰБТ-ге оқушыларды дайындауға арналған жұмыс құжаттары бар, жұмыс жоспары бекітілген, жоспарды толықтыру қажет,бейорганикалық курстың кейбір маңызды тақырыптары қамтылмаған.
Химия пәнін екі оқушы таңдаған, қыркүйек айында, оқушылардан үш рет тест алынған, білім сапасы төмен және мұғалімнің талдауы жоқ. Менің алған тест жұмысында Жақсылық Мөлдір «3» , Әбдуәлі Нүркенай «3» деген баға алып білім сапасын көрсете алмады.
11Асыныбынан тест жұмысы алынды.
11А сынып оқушыларынан алынған тест жұмысының қорытындысы
Сынып
|
Оқушы саны
|
Пәні
|
Бастапқы бақылау қорытындысы
|
Тексеру барысында
|
Айырмашылығы
|
Пән мұғалімі
|
б/с
|
үлгер
сапа
|
б/с
|
үлгер
сапа
|
б/с
|
үлгермеуші
|
|
11 «А»
|
14
|
Химия
|
33
|
100%
|
21
|
93
|
-12
|
-7%
|
АбдезоваД.Ж
|
Ұсыныстар:
Бақылау жұмыстарын деңгейлік тапсырмалар арқылы алу.
Сабақта АКТ мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланылсын.
Кесікбаева Гүлнар математика пәні мұғалімі, еңбек өтілі -32 жыл, жоғары санатты мұғалім. 11 «А» сыныбынан 6.10.15 күні тест алынды. Нәтижесі төмендегідей:
Барлығы-16 оқушы
Қатысқаны-14 оқушы
«0-3» балл алған оқушы саны- жоқ.
«4-11» балл алған оқушы саны-12
«13-19» балл алған оқушы саны-2
Білім сапасы-14
Үлгермеушілік жоқ7
Ең жоғарғы балл-12, төменгі балл-4.
Досхожаева Гүлназ математика пәні мұғалімі-, еңбек өтілі-12 жыл, санаты-екінші. 11 «ә» сыныбынан 7.10.15 күні тест алынды. Нәтижесі төмендегідей: Барлығы-20 оқушы, Қатысқаны-14 оқушы
«0-3» балл алған оқушы саны- 1.
«4-11»балл алған оқушы саны-10
«13-19» балл алған оқушы саны-2
Білім сапасы-14
Үлгермеушілік -7
Ең жоғарғы балл-12, төменгі балл-2.
Екі мұғалімнің де іс қағаздарымен танысып, тексерілді.Нәтижесі төмендегідей:
ҰБТ папкасы жоспар бекітілген, жоспар бойынша тақырыптық тестер бар. 4 тест алынған. Барлық тестерге мәтіндік талдау және де әр оқушыға тест нәтижелеріне сараптама жасаған. Соңғы тестің нәтижелері 11 «А» сыныпта -33, 11 «Ә» сыныпта 12,5 көрсеткен.
Мұғалімдердің күнтізбелік жоспарлары нұсқау хатқа сәйкес, жасалған. Журнал, мұғалімдердің қол жоспарлары талапқа сай. Бастапқы бақылау жұмысы 11 «А» сыныпта 12.09.15 күні алынған, бағасы дер кезінде қойылған.Негізінде аудандық білім басқармасының бұйрығымен 7.09.15- сіне дейін алынуы керек. Білім сапасы-47 -көрсетіп отыр. 11 «Ә» сыныбында білім сапасы-40 көрсетіп отыр. Екі мұғалімде де үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары бар.
Омарқұлова Қайшакүл Ташметқызы. Білімі: жоғары,Мамандығы: физика пәнінің мұғалімі, Санаты: екінші,Еңбек өтілі: 29 жыл,Шығармашылық тақырыбы: Физикадан типтік есептер шығару.
2015 жылдың 6-8 қазан аралығында 11 сынып оқушыларының физика пәнінен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындығы тексерілді. Физика кабинеті жаңа талапқа сай жабдықталған.
Мұғалімнің күнтізбелік жоспарлары бағдарламаға сай жасалынған. Оқушылардың техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысқан туралы дәптер бар, барлық сынып оқушылары танысып қол қойған. Барлық сыныптарда бақылау жұмысы және зертханалық жұмыс дәптерлері бар.11 «А» сыныбында 4.09.15 күні бастапқы бақылау жұмысы алынып, бағасы журналға қойылған. Білім сапасы-23,5%11 «Ә» сыныбында 9.09.15 күні бастапқы бақылау жұмысы алынып, бағасы қойылған. Білім сапасы-47%
ҰБТ- бұрышы бар,ҰБТ-ға дайындық жұмысының жоспары 44 сағатқа жасалынған, мектеп директорымен бекітілген. Әкімшілік тарапынан үш тест жұмысы және өзіндік үш тест жұмысы алынған. Білім сапасы -0%.
Әрбір алынған тест жұмысына білім сапасын анықтайтын сараптама жалпылама жазылған. Тараулық тестер бар, үлестірмелі дидактикалық материалдар, тоқсандық бақылау жұмыстары бар. Тараулық тестерді жүйелеу керек. Үлгерімі төмен және дарынды балалармен жұмыс жоспары жасалынған. Өзара сабаққа қатынасу дәптері бар, 11-сыныптың 6 сабағына қатысқан.
11 «А» сыныбында «Физика заңдылықтары», «Физикадан күрделі есептер шығару» қолданбалы курстары жүргізіледі.Тексеру барысында 11 «А», «Ә» сыныптарынан тест алынды. 11 «А» сынып, барлығы -16 оқушы, Қатысқаны -14оқушы; 0 -3 балл алған оқушы саны-1; 4-11 балл алған оқушы саны -11; 12-19 балл алған оқушы саны-2; Білім сапасы-14%; Үлгермеуші -7%; 11 «Ә» сынып
Барлығы -20 оқушы,Қатысқаны-14 оқушы; 0 -3 балл алған оқушы саны-2; 4-11 балл алған оқушы саны -9; 12-19 балл алған оқушы саны-3; Білім сапасы-21%
Үлгермеуші -14%
Ұсыныс:
Бітіруші 11 сынып оқушыларымен ҰБТ –ге дайындық барысында үлгермеуші оқушылармен жеке жұмыс жүргізіп, білім сапасын жақсарту мақсатында нақты жұмыстар атқаруға;
ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын күшейту мақсатында бітіруші 11 сынып оқушыларымен негізгі пәндер бойынша қосымша сабақтар өткізуге және мектеп әкімшілігі тарапынан қосымша сабақтардың өтілуіне, оқушылардың толық келуіне бақылау жасауға;
Бітіруші 11 сынып оқушыларымен ҰБТ –ге дайындық барысында жүргізілген жұмыстарды мектептің алқалы кеңестерінде талқылап, пәрменді шешімдер қабылдауға;
Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІНІҢ ШЕШІМІ
Құлан ауылы «18» желтоқсан 2015 жыл
Анықталған кемшіліктер дер кезінде жойылып, мектеп әкімшілігі тарапынан бақылау, басқару, қадағалау күшейтілсін.
Оқытуда мемлекеттік стандарт талаптарына сай білім бере алмай отырған пән мұғалімдері қатаң бақылауға алынсын және кемшіліктерге жол бергені үшін тиісті педагогтарға тәртіптік шара қолдану мектеп директорларына жүктелсін.
Барлық білім беру мекемелерінде пән мұғалімдері тарапынан Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары барлық білім беру мекемелерінде пән мұғалімдері тарапынан Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары күшейтіліп, мектеп басшылары тарапынан қатаң бақылауға алынсын.
Анықтамадағы төмен білім сапасын көрсеткен пән мұғалімдерінің білім сапасын арттыру мақсатында жоспарлы жұмыстар жүйелі жүргізілсін және мектепте оқушылардың білім сапасын көтеру бойынша нақты жұмыстар атқарылсын.
Бітіруші сынып оқушыларын ҰБТ–ге дайындық жұмыстарын ұйымдастыруда жіберген кемшіліктері үшін М.Горький атындағы орта мектеп директоры Г.Найзабековаға, Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп директоры Б.Абитаеваға, Ақтоған орта мектебінің директоры О.Рысқұловаға «ескерту» түрінде тәртіптік шара қолданылсын.
ҰБТ–ге жауапты техникалық хатшылар мен білім сапасын қамтамасыз етуде әдістемелік жұмыстарда кемшіліктерге жол берген директордың орынбасарларына тәртіптік шара қолдану ұсынылсын.
Анықталған кемшіліктер бойынша іс –шаралар жоспары әзірленіп, атқарылған жұмыстары туралы мәліметті ағымдағы жылдың 24 желтоқсанына дейін білім бөліміне өткізу жауапкершілігі мектеп директорларына жүктелсін.
Алқа төрайымы Л.Ш. Утеулиева
Хатшы Е.С. Сейтжапаров
Достарыңызбен бөлісу: |