Жауабы: 25%
№17. Заттың жаңа бағасы ескі бағасын 25% -ке көтергеннен алынады.
Заттың ескі бағасының жаңа бағасына қатынасын табыңыз.
Шешуі: Заттың ескі бағасы х болсын. Онда жаңа бағасы 1,25х болады. х:1,25х = 0,8 .
Жауабы: 0,8
№18. Кішкентай дүкендегі балмұздақ бағасы 150 тг. Негізінде оның бағасы 195 тг. Балмұздақты өз бағасымен сату үшін қазіргі бағасын неше пайызға көтеру керек?
Шешуі: Балмұздақты өз бағасымен сату үшін, оны 195 – 150 = 45
теңгеге көтеру керек, ол 150 теңгенің 45
100
∙ 100 = 30%
Жауабы: 30%
№20. Куртка бағасы 10 000 тг. Сатылымда Әсел оны бағасының 40%- 32іне алды. Сонда Әсел қаншща теңге үнемдеді?
Шешуі: Әсел куртканы алғанда оның бағасының 100 -40 = 60 % -ын яғни 10 000 * 0,6 = 6000 теңгені үнемдеді.
Жауабы: 6000 тг
№21. Зейнеткер «Метро», «Арзан», «Магнум» дүкендерінің бірінен сауда жасамақшы болды. Заттардың бағасы және сату шарты төменде көрсетілген.
Дүкендер
|
1 кг ет бағасы, тг
|
1 л сүт бағасы, тг
|
1 кг балық бағасы, тг
|
«Метро»
|
1800
|
240
|
750
|
«Арзан»
|
1750
|
270
|
700
|
«Магнум»
|
1775
|
250
|
560
|
«Арзан» да етке да етке 3%, «Метро» да балыққа 10%, «Магнум» да сүтке 10% жеңілдік бар. 4 кг ет, 6 л сүт, 2 кг балық қайсы дүкенде арзан және қанда тұрады?
Шешуі: Алатын заттардың бағасын әрбір дүкен үшін есептеп, қосындысын табамыз.
Дүкендер
|
1 кг ет бағасы, тг
|
1 л сүт бағасы, тг
|
1 кг балық бағасы,
тг
|
Барлыгы тенге
|
«Метро»
|
1800*4=7200
|
240*6=1440
|
750*2*0,9=1350
|
9990
|
«Арзан»
|
1750*4*0,97=6790
|
270*6=1620
|
700*2=1400
|
9810
|
«Магнум»
|
1775*4=7100
|
250*6*0,9=1350
|
560*2=1120
|
9570
|
Жауабы: «Магнум» дүкенінде арзан , 9570 тг.
№22. Диаграммада әртүрлі көкөністердің жерге себілген және өніп шыққан дәндерінің саны туралы мәлімет берілген .
Қай көкөністің өніп шығу проценті ең үлкен екенін анықта.
Шешуі:
Кесте құрайық:
Көкөніс
|
Себілген дән
саны
|
Өнген дән саны
|
Өніп шығу
проценті
|
Қыраққабат
|
120
|
90
|
90
120 ∙ 100 = 75%
|
Қызанақ
|
150
|
120
|
120
150 ∙ 100 = 80%
|
Қияр
|
100
|
77
|
77
100 ∙ 100 = 77%
|
Бұрыш
|
80
|
60
|
60
80 ∙ 100 = 75%
|
Сәбіз
|
110
|
77
|
77
110 ∙ 100 = 70%
|
Өніп шығу проценті ең үлкен көкөніс – қызанақ.
Жауабы: Қызанақ
№23.Квадрат қабырғасын неше пайызға кеміткенде оның ауданы 36%-ға кемиді?
Шешуі: Квадраттың бастапқы ауданының 100 – 36 = 64 %-і қалған.
0,64 = (0,8)2, онда қабырғасы 1-0.8 = 0.2 = 20%- ке кеміген.
Жауабы: 20%
№24. 30% -ы 60 санының 90%- ын құрайтын санды табыңыз.
Шешуі: 60 сананын 90%-ы 60*0,9=54 болады. 30% -ы 54-ке тен.
Санда табу үшін 54 –і 0,3 –ке бөлеміз. 54: 0,3 = 180.
Жауабы: 180
. Өзбетімен шығаруға арналған есептер.
Қарбыздың 98%-і су. 5 кг қарбызда қанша су бар? Жауабы: 4,9 кг
Әсеттің массасы 35 кг. Адам массасының 65%-і су. Әсеттің денесінде неше кг су бар?
Жауабы: 22,75 кг
Тік төртбұрыштың ұзындығы 15 дм, ауданы 90дм2. Оның ені ұзындығының неше проценті?
Жауабы: 40%.
Бұйымның бағасы 12%-ке арзағанда, 440 теңге болды. Бұйымның алғашқы бағасы неше теңге болған?
Жауабы: 500
Атай жинақ кассасына жылына 10%-тік өсіммен мың теңге ақша салды. Атайдың ақшасы 1 жылдан соң қанша теңге болады?
Жауабы: 40,04 мың теңге
Алманың бағасы қаңтар айының барысында 30%-ке, ал ақпан айының барысында 20%-ке көтерілді. Осы екі айдың ішінде баға қанша процентке көтерілді?
Жауабы: 56%
Фирма жарнама агенттеріне заказ құнының 5%-ін төлейді. 200 теңге табу үшін, заказдың құны қанша болу керек?
Фотоаппараттың бағасы бір айдың ішінде бірінші 18%-ке, одан кейін 20%- ке төмендеді, соңында 1640 теңге болды. Фотоаппараттың бастапқы бағасын табыңыз:
Жауабы: 2500 теңге
Жұмысшы еңбек ақысын орындағын нормасы бойынша алады. Айдың аяғында нормасын 20%-ке асырса орындағаны үшін 8400 теңге алды. Оған осы айда қосымша есептелген ақшасын табыңыз. Жауабы: 1400 теңге
Жауабы: 1400 теңге
Банк өзінің салымшыларына салымның жылдық өсуін 4%-ке арттырмақ. Егер адам банкке 1200 теңге салса, онда бір жылдан кейін алатын ақшасын табыңыз.
Жауабы: 1248 теңге
Май заводы күніне 50ц сүт қабылдап, оның 59%-ін май дайындайтын цехқа жібереді. Онда қабылданған сүттің 16%-індей май алынады. Завод күніне неше центнер май дайындайтынын табыңыз.
Жауабы: 47,2 ц
Машина бір қала мен екінші қаланың арасын 3 күн жүрді. Ол бірінші күні 52,8км/сағ жылдамдықпен 4 сағатта барлық жүругі тиісті жолдың 12%-ін, екінші күні қалған жолдың 60%-ін жүрді. Машина үшінші күні қанша жол жүруге тиісті екенін табыңыз.
Жауабы: 619,52 км
Қоймада 100 кг жидек бар еді. Тексере келгенде жидек құрамының 99%-і су екен. Біраз уақыт өткеннен кейін жидектегі су мөлшері 98%-ке дейін азайды. Сонда қалған жидек массасының қанша екенін табыңыз.
Жауабы: 50 кг
Тауардың бағасын алдымен 20%-ке, ал содан кейін жаңа бағасын тағы да 25%-ке кемітті. Тауардың бастапқы бағасын барлығы неше процент кеміткен?
Жауабы: 40%
Кітапханада ағылшын, француз және неміс тілінде кітаптар бар. Ағылшын тіліндегі кітаптар шет тіліндегі кітаптардың 40%-ін, француз тіліндегілер ағылшын тіліндегінің 75% құрайды, ал қалған 210 кітап-неміс тіліндегілер. Кітапханада шет тілінде қанша кітап бар?
Жауабы: 700
Тік төртбұрыштың ені оның ұзындығының 75%-ін құрайды. Осы тік төртбұрыштың ауданы 48м2 болса, оның периметрін табыңыз.
Жауабы: 28 м
1 кг май 80 теңге тұратын, ал бір жылдан кейін 360 теңге болды. Май қанша процентке қымбаттады?
Жауабы: 350%
14 т капуста магазинге әкелінді. Барлық капустаның 30%-і сатылды. Магазинде қанша капуста қалды?
Жауабы: 9,8 т
Ракета бір сағаттың ішінде жанармайдың 15%-ін жағады. Егер ракета ұшырылғаннан бір сағаттан соң онда 170 тонна жанармай қалса, жанармайдың бастапқы шамасы қандай болғаны?
Жауабы: 200 т
Товар 1386 мың теңгеге сатылғанда 10% пайда алынды. Товардың өзіндік құнын анықтаңыз.
Жауабы: 1260 мың теңге
56 санының 25% табыңыз. Жауабы: 14
55 санының 20% табыңыз. Жауабы: 11
45 санының 30% табыңыз. Жауабы: 13,5
65 санының 40% табыңыз. Жауабы: 26
Бүлдіргеннің 6% құмшекер болады. 27 кг бүлдіргеннің неше құмшекер болады.
Жауабы: 1,26
200 санының 5%-ін табыңыз. Жауабы: 10
900 санының 12%-ін табыңыз. Жауабы: 108
28. 3 1
5
санының 25%-ін табыңыз.
Жауабы: 4
5
Достарыңызбен бөлісу: |