Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған оқу-әдістемелік құрал.
Авторы: Бұл әдістемелік құрал жалпы білім беретін орта мектепте қолданылатын математика бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Бұл оқу- әдістемелік құрал ҰБТ-ға дайындалуға арналған әдістемелік құрал болып табылады. Құралдың тиімділігі – 11 сынып оқушылары мен талапкерлерге, математикалық сауаттылық есептерін шығарып, ҰБТ –ге дайындалуда қолдануға өте ыңғайлы.
Құралда қолданылатын материалдар 3- бөлімге (теориялық, практикалық, өз бетімен шығаруға арналған есептер ) жүйеленіп, олар алдын ала сынақ кітапшаларынан алынған есептердің шығарылуымен көрсетілген. Практикум мемлекетіміздің жоғарғы оқу орнына түсушілерге, сондай-ақ жоғарғы сынып оқушыларына арналғандықтан, олардың жоғарғы оқу орнына түсуіне өз бетімен дайындалуға мүмкіндік береді.