Адамгершілік, еңбек тәрбиесі.Азаматтық, құқықтық тәрбие негіздері. Экологиялық, экономикалық тәрбие негіздері
Адамгершілік тәрбиесі- белгілі бір мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез құлық дағдылары мен әдептерді қалыптастырумен және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым- қатынасты дамытуда, жалпы адамзаттық құндылықтарды тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бір бөлігі. Адамгершілік тәрбиесінің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, имандылық негізде жеке адамның жан-жақды дамып жетілуіне бағыталған.
Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелікжолдарын қарастырады.
– Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу-тәрбие үрдісінде адамның бойында рухани мәдениетті қалыптастыру.
– Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту.
– Салт-дәстүр негізінде, ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеу.
Ұлттық дәстүр арқылы психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, дүниедегі бағалы рухани байлықты жеке тұлғаға дарыту. Адам- тарихи үрдістің субъектісі. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл- әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты, жер шарындағы небір ғұлмат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындылардың құдіретті иесі. Адам дегеніміз – еңбек әрекетімен шұғылдана алатын әлеуметік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасай алатын тұлға. Адамның түрт түрлі өлшемі бар: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік. Бұл өлшемдер өзара байланысты. Осы төрт өлшемде байланысты адамның бойындағы кісілік тұлғалық қасиеттері үш дәрежеге бөлінеді: -әр адамның өзіне тән психологиялық ерекшеліктері болады, өмір сүру ортасына байланысты адамдар бір-біріне ұқмайды.
– адам әртүрлі елдердің, тарихи дәуірдің, материалдық-рухани мәдениетімен жетістіктерін үргі алады. Оған әлеуметтік, этикалық, ұлттық ортасы әсер еседі. Сонымен, дәірге, қоғамға, тарихи ортаға байланысты. Қалптасқан білім және тәрбие жүйесінен сабақ алады. Осының бәрі адамның жан дүниесіне әсер етеді.
– адам адамзат қауымының мүшесі. Шыққан нәсіліне, туысына, ұлтына, туган жеріне тәелсіз, барлық адамдарда ортақ адамгершілік қасиет болады: батырлық, ерлік, сатқындық, мейрімділік, қатігезділік, әділдік т.б. Осы рухани-псхологиялық қасииеттерді адам бойында қалыптастыратын –тәрбие. Халық батыры Бауыржан Момышұлы: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырларды биік дәріптеп, азамтаттық пен кісіліктің символы, үлгісі ретінде санаған. Батырлық, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққаата дәстүрі болып қала бермек. Өткенін білмеген, онан тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы- тұл, келешегі – тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы – батыр халық» – деген.
Демек, рухани-психологиялықі қасиеттердің бірі – ерлік болса, ол тәрбиеден бастау алады. Әр халық өзінің ержүрек батырларын, олардың елін, жерін қорғана батыл істерін мақтан етіп үлгі өнеге алған. Өлең-жыр, дастарына, аңыз әңгімелеріне қосқан. Себебі, елін бүкіл әлемге танытатын сол халықтың батырлаты. Сондықтан, оқу-тәрбие барысында, тәлім-тәрбие сабақтарында халқын, елін қорғап, жерін жауға бермей, ұлан-байтақ жерлерін жаудан сақтаған батырлардың ерлігін дәріптеп, құрметтей білуіне үйретуіміз керек.
Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тәрім-тәрбиесә, ұлт қаһармандаының өмірі мен ероік істерінің тарихы, даналық сөздері – адамгершілік тәрбие беруде үлкен рол атқарады. Батыр бабаларымыз қазақ елін басын қосып, ұлттық жауынгерлік- ерлік мектебінің негізін салған. Сондықтан бабалардың ерлігі- адамгершілікке толы,асқақ рухты күні бүгіде дейін ел аузында, халық тәрбие ісіне үлгі етеді.
Еңбек тәрбиесі дегеніміз - еңбек етуте психологиялық даярлықты, еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, еңбек тәртібі мен мәдениетін меңгеру.
Оқушылар бойында еңбексүйгіштікті тәрбиелеу жайлы К.Д.Ушинскийдің құнды ойларын келтіруге болады. «Тәрбиенің өзі, егер ол адамға бақыт тілейтін болса, оны бақыт үшін емес, өмір сүру еңбегіне даярлау керек… Тәрбие адам бойында еңбекке деген сүйіспеншілік пен әдетті дамытуы керек; ол адамға өмірдегі өзі үшін қажетті еңбекті табуға мүмкіндік жасауы керек… Тәрбие адамның ақылын ғана’дамытып, оны белгілі көлемдегі мәліметтермен таныстырып қана қоймай, адам жүрегінде еңбексіз адам өмірі абыройлы да, бақытты да болмайтындай еңбекке деген ынтаны жандыруы қажет».
Оқу-өндіріс комбинаттарында, бригадаларда, цехтарда еңбек ету барысында оқушылар техникалық және технологиялық білімдер, еңбек тәжірибесін алады. Балалардың үй шаруашылығы, көркем өнер, қол өнер үйірмелеріне катысулары, олардың еңбектің өр түріне бейімділіктерін, икемділіктерін айқындайды.
Еңбек тәрбиесі отбасында да әр түрлі жолдармен іске асады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуге кеңінен қатыстырылады. Олар үй шаруашьшығында көптеген міңдеттер атқарады; отбасы бюджетіне, оның пайдалануына қатыстырылады. Балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеуінде отбасының мүмкіншіліктері зор. Еңбек тәрбиесінің құрамды бөлігі болып экономикалық тәрбие саналады.
Оқушылардың еңбек тәрбиесі мектепте, кәсіптік техникалық училищеде өткізіледі. Еңбек тәрбиесінің жүйесіне түрлі іс-әрекеттері кіреді. Олар: оқу барысындағы еңбек, сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстар; өзіне-өзі қызмет ету; қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек.
Оқу барысындағы еңбек. Сабақ барысында еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік, кейін жаппай еңбек іс-әрекетінің түрлерін де байқайды. Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды еңбек сабағы, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтары барысында оқушылар жалпы және техникалық білімге сүйенеді. Білім еңбек сабақтарының ғылыми негізі болады, ал еңбек сабақтары мен тәрбие барысында оқушылар алған өмір тәжірибесіне теориялық білім жүйесі арқылы түсінеді.
Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабақтарында шешіледі. Бастауыш сыныпта балалар қағаз қию, балшық пен пластилиннен бейне құру, өсімдіктерді күту, ағаш пластмасса, қаңылтыр сыммен жұмыс істеуді үйреніп, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек етеді.
Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор. “Жас натуралистер”, “Жас техниктер” “Жас тәжірибешілер” және пән үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Єрбір оқушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, олар еңбегін ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына (әдебиеттер мен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білу т.б.) төселеді.
Өзіне-өзі қызмет ету – еңбек тәрбиесінің қажетті элементтерінің бірі. Балалар өзіне-өзі қызмет ете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудың тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, бұл менің адамгершілік борышым дейді, сонымен бірге олар үлкендердің еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады.
Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет ету – оқу құралдарын, кабинеттерді, мебельді, сынып бөлмесін, мектеп үйін жөндеу, сыныптарды, шеберханаларды, спорт алаңдарын, мектеп үйлерін жинау т.б.
Отбасында өзіне-өзі қызмет етудің түрлеріне төсек – орынды, пәтерді жинау, киім, аяқ-киім және басқа үй мүліктерін тазалау, кір жуу, үтіктеу, киімді жамау, тамақ дайындау т.б. жатады.
Қоғамдық пайдалы еңбек – қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру, жеке адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы, мектеп жағдайында өткізілетін қоғамдық пайдалы жұмыстың тәрбиелік мәні өте зор. Қоғамдық пайдалы жұмыстың барысында оқушылардың ғылыми дүние танымы дамиды.
Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өмірінде бірнеше түрлері бар:
Халық қоныс тепкен жерлерді, мектептерді абаттандыру, көшелерді, алаңдарды көгалдандыру, жолды жөндеуге қатысу, экологиялық жағдайға байланысты тазалықты сақтау, табиғатты күту және қорғау.
Мәдени – ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке, қоғамшылдыққа тәрбиелейді, олардың әлеуметтік ортамен қарым қатынасын кеңейтеді.
Шефтік жұмыс – адамгершілікті адам тәрбиесінің ең жоғарғы формасы. Ол баланы қамқорлыққа, қайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді.
Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге және табысты еңбек етуге қабілетті Қазақстан патриоты мен азаматын қалыптастыруға жәрдемдесу, тұлғаның саяси мәдениетін дамыту, балалар мен жастардың құқықтық мәдениетін,құқықтық санасын қалыптастыру, балалар мен жастар арасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын болу.
Бағалау критерийлері:
құрметпен қарым-қатынасты көрсету, мақтаныш пен жауапкершілік сезімі:
- Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға;
- ҚР Конституциясы мен заңнамасы, Мемлекеттік рәміздер ( Елтаңба, Ту, Әнұран), құқықтық тәртіп;
- елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісім, халықтар достығы;
- өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы және халықаралық аренадағы жетістіктері;
- басқа адамның құндылықтары, құқықтары мен бостандықтары;
- табиғатқа, өз өлкесінің (ауылдың, қаланың, шағын ауданның) мәдени-тарихи өміріне);
- құқықтық білім;
- заң талаптарына сәйкестігі, құқықтары мен міндеттері;
- әлеуметтік құндылықтар мен құқықтарды құрметтеу.
Іске асыру тетігі арқылы жүзеге асырылады:
Сабақтар, оқу пәндері, сабақтан тыс қызмет, қосымша білім беру. Тақырыптық сынып сағаттары, ерлік, ар-намыс сабақтары. Дебаттық, пікірталас клубтарын ұйымдастыру. Патриоттық форумдарға, акцияларға қатысу. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері мен мемлекеттілік атрибуттарын білуге арналған Оқушылардың конкурстары, викториналар мен олимпиадалары. Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа да этностардың мәдени мұрасын, салт-дәстүрлерін және әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедициялары. Мемлекеттік қайраткерлермен, әдебиет, өнер, ғылым, соғыс ардагерлерімен және еңбек ардагерлерімен, қоғам қайраткерлерімен, құқық қорғау органдарының, әділет қызметкерлерімен кездесулер өткізу; балалар мен жастардың бастамашылық жобалары жүйесін дамыту. Балалар мен жастар қозғалысының қызметін жандандыру; қоғамдық қорлармен бірлескен қызмет; әңгімелер, дәрістер, семинарлар, тренингтер; экскурсиялар; ақпараттық-құқықтық материалдарды тарату; "сенім қызметтерін" ұйымдастыру.
Экономикалық тәрбие.
Қазіргі кезде Қазақстанның білім беру жүйесінде экономикалық ойлауды қалыптастырудық маңызды факторы ретінде, мемлекеттік саяси экономикалық білім мен тәрбие ісі ерекше бағыт алып отыр. Мамандар мектеп тәжірибесінде экономикалық білім дағдыларды ұжымдағы экономикалық білім мен тәрбие беру ісінің жиынтығы деп қарап, оны отбасында шаруашылық-тұрмыстық, қоғамдық пайдалы істегі, күнделікті қарым-қатынастағы жұмыстардың тәжірибелік нәтижесі, олардың рухани экономикалық сүраныстарын жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет деп түсінуге болады. Тәрбие жұмысы тәжірибесі мен шаруашылық саласында экономикалық білім, экономикалық тәрбие, экономикалық мәдениет деген ұғым жиі кездеседі. Экономикалық білім, басқа білім түрлері сияқты, белгілі бір білім жүйесін игеру, экономикалық есептеуде іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда, өндірістегі іс-әрекет экономикасын талдауда меңгеріледі. Экономикалық тәрбие адам бойында тәртіптілік, ұжымшылдық, ыңыластылық, ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық, т.б. қасиеттерді дарытуға бағытталған.
Экономикалық тәрбие - жас жеткіншектерге әкономикалық қызмет, қоғамымыздық экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беру. Осының негізінде өндірістік экономикалық қызметте, материалдық өндірістен тысқары экономикалық қатынаста, күнделікті өмірде жеке адамның санасын қалыптастыру.
Мектептегі экономикалық білім мен тәрбиенің міндеттері:
• Оқушыларды қоғамның даму заңдылықтарымен, өндіріс экономикасымен таныстыру.
• Басқаруға тән - ұқыптылық, іскерлік, ықыластылық, тәртіптілік, т.б. қасиеттерді дағдыландыру.
• Экономикалықесеп,талдаужасаудағдыларынаүйрету, еңбекті ғылым негіздерімен байланыстыра білу.
3. Жас жеткіншектерге экономикалық тәрбие берудің белгілі жүйесі:
• Экономикалық тәрбие мектепте оқу пәндерін, ғылым негізгісін оқып үйренуде сонымен қатар, оқушылардың қызығуына қарай енгізілген факультативтік сабақтарда беріледі;
• Еңбек сабағы процесінде;
• Экономикалық тәрбие қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек барысында іске асады;
• Экономикалық тәрбие сыныптан және мектептен тыс сабақтарда беріледі;
• Экономикалық тәрбие отбасында қалыптасады.
Қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекті экономикаға пайда келтіретіндей етіп ұйымдастыру үшін жоспарлау, еңбекті нормалау, оны механикаландыру, пайдасы мен нөтижесін есепке алу жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың экономика саласында жұмыс істеуі, олардың өз еңбегінің сипатын талдауы арқылы бала экономикалық мәселені түсінуге көмектесетін тәжірибе жинайды, адамгершілігін қалыптастырады, экономикаға деген сенімін арттырады. Қоғамға пайда келтіретін жұмыс істегенде оқушылар бір-бірімен, ересектермен қарым-қатынасқа түсіп, еңбек құралдарын, жиһаздарды күтіп ұстайды. Сонымен, экономиканы тану, іс-әрекет, қарым-қатынас оқушылардың экономикалық санасын қалыптастыратын механизмдер.
Экономикалық заңдылықтар туралы білімдерді игеру
Экономикалық санаға нарықтық экономиканың негізгі заңдары туралы білімдер енеді. Олар: өндірістің тиімділігін көтеру, оның бөліктерін қайта құру, өндірістегі қатынастарды жетілдіру, басқару жүйесін және шаруашылықты жүргізу әдістерін жетілдіру. Экономика - тұтас құбылыс, сондьщтан барлық халық ппіруашылығының тиімділігі (пайдасы) оның әрбір өндірістік бөлігінің тиімділігіне байланысты. Экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру үшін белгілі бір циклдар бойынша әңгіме өткізуге болады: "Тұрмыстағы экономика", "Біздің айналадағы экономика". Экономика туралы ауызша журнал шығару, радиодан хабар ұйымдастыру,мерекелер, кештер, экскурсиялар, экономика мен халық шаруашылығы саласындағы өзгерістер туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтеді.
Мектеп радиоторабы арқылы экономикалық білімдерді жүйелі түрде насихаттауға болады. "Зауытқа кірер жерде", "Құнттылықты сақтап тұрған күзетшілермен кездесу" сияқты хабарлар жалпы мүлікті ұқыпты ұстаудың маңызын ашады.
Өндірістегі экономикалық қатынастарға белсене қатынаса алатындай еңбектің жаңа түрлері мен әдістерін тез білуге мүмкіндік беретін біліктіліктермен қаруландыру. Мектеп оқушыларының биология, химия пәндері бойынша ауыл шаруашылығында жүргізетін тәжірибесінде тұқымның ең жақсы сорттарын пайдаланып тықайтқыштарды дұрыс қолдануға, өсімдіктерді қоректендіруге, нәтижені көруге үйренеді. Оқушылар өндірістік бригадада ауыл шаруашылығы бойынша тәжірибе жүргізеді. Республикамыздың әр түрлі аймақтарында топырақтың құрамы және ауа райы ескеріліп, тәжірибе жасау үшін берілген учаскеде мәдени өсімдіктер өсіріледі. Өсімдіктерді өсіріп, мол өнім алу үшін агротехникалық ережелерді жақсы білу керек.
Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасындағы оқушылардың экологиялық іскерлік дағдысын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері: өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану. Орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең көлемде экологиялық біліммен қаруландыру қажет.
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудық ғылыми білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Өндірістік іс-әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер болып жатыр.
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері:
1. Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе алақын бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану.
2. Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Олардың негізгі атқаратын жұмыстарының түрлері: көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу.
- дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырау-құлақ, т.б. жемістерді жинау;
- пайдалы жануарларды қорғау және есебін алып отыру;
- фенологиялық бақылау жүргізу.
3. Оқушылар ауылшаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының басшылығымен жүргізіледі.
4. Оқушылар табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтағы ережені бұзушыларды анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық тықайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерлейді.
5. Экологиялық тәрбиеге айланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар: кештер, дәрістер, баяндамалар, т.б.
6. Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие әр түрлі сыныптардағы оқу пәндерінің мазмұны, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.
Экологиялық қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналдыру.
Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады. Экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты.
Экологиялық тәрбие оқушылардың - табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді.