Мазмұны.
Кіріспе.
І Тарау. Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері.
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында пәнаралық байланысты іске асырудың педагогикалық мәселелері.
1.2. Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық
байланысты жүзеге асыру жолдары.
ІІ Тарау. Бастауыш сыныптарда оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері.
Бастауыш сыныпта оқыту барысында пәнаралық байланысты қалыптастыру ерекшеліктері.
2 сыныпта пәнаралық байланыс негізінде жаңа технология элементтерін пайдалану түрлері.
Сабақ жоспарларының үлгілері.
Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.
Қосымша.
Кіріспе.
Бүгінгі таңдағы қолданысқа ие болып жүрген «Жалпы білім беретін мектептіңң бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасы, «Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартындаң үзіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасын қалыптастырудың құнды негізі екендігі анықталған. Осы бағытта пәнаралық байланыс бастауыш сатыда жекелеген пәндер ең алдымен оқушыда мәдинеттің базистік қырларын қалыптастыруда, оның жеке бас тұлғасын тәрбиелеуге қызмет еткендіктен білім мазмұнының инегративті, біртұтастығын қамтамассыз етудің маңызы зор. Тұлға дарындылығының табиғаты, қабілеті, дамуының қайнар көзі, шығырмашылық мұмкіншіліктерінің психологиялық құрлымы болып табылады. Мұның барлығы арнайы ізденісті қажет етеді. Кәзіргі психология, педагогтка ғылымдарында осы мәселеге қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мысалы: Я.А.Понамарев, Н.С.Лейтес ал сонымен қатар білім берумен оқыту теориясында пәнаралық байланыс жөнінде өзіндік пікірлерін ұсынған педагог ғалымдар педагогтка ғылымының даму тарихына өз үлестерін қосты. Чех педагогы Я.А.Каменский, Д.Локк, Л.Н.Толстой, И.Г.Пестолцци және қазақ ғалымдары Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев т.б. оқытудағы пәндерді бір-біріне интеграциялау мәселесі бойынша өз еңбектерінде атап өткен. Бастауыш мектепте пәнаралық байланыс бірқатар педагогкалық ұйымдастыру мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді. Кәзіргі кезеңде пәнаралық байланыс програмасын педагогикалық психологиялық жағынан зертеумен қатар, философиялық тұғыдан да көптеген ғалымдар зор көңіл бөлуде. Философиялық деңгейден қарастырған В.В.Давыдов, И.Д.Зверев, Р.Г.Лемберг, В.Н.Максимова, В.Н.Малахов т.б. болды. Пәнаралық байланыстың философиялық негізіне дүниеде барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжымдалған дүние туралы білімдер де бірімен-бірі байланыста болады. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру, білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Негізінен, оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір-бірінен өз алдына оқшауланып, бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті дара байланыстылықты танып білу. Ең бастысы кәзіргі кезде өздігінен білім алудың, өзекті мақсаты-диалектикалық ойлауды кеңінен дамытуды жүзеге асыру. Бұл міндет бір пәннің шеңберінде шешілмейді. Сондықтан әрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндіріп қана қоймай, шектелмей пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеуді жолға қою қажет. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат-саналы, білімді, тәрбиелі ұрпақ өсіру. Болашақ ұрпақ-келешек қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдини-ғылыми өрісі озық адамзат етіп тәрбелеу біздің де қоғамның алдындағы борышымыз. Сондықтан бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімділігі жолға қойылуда. Тақырыптың өзектілігі, қажеттілігі жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындыйды.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сыныптарды оқыту барысында пәнаралық байланыстың тиімділігін анықтау.
Зерттеу міндеттері: бастауыш сыныптарды оқыту барысында пәнаралық байланыс арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу.
- Оқушының өмірге, көзқарасының қалыптасуының негізі-оның дүниетанымы жайлы түсінік беру және өзіндік шығармашылық іс-әрекетін дамытуды жүзеге асыру жолдарын анықтау.
Зерттеу обьектісі: 2 сыныпты оқыту барысында пәнаралық байланысты қалыптастыру.
Зерттеу пәні: 2 сынып Ана тілі, Дүниетану, Қазақ тілі,
Математика, Бейнелеу өнері.
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиттермен, жаңашыл педагогтардың тәжірбиелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, тест әдістерін қолдану, өзіндік жұмыстарының түрлерін ұсынып нәтижесін көрсету. т.б.
Диплом жұмыс: кіріспеден, екі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында пәнаралық байланысты іске асырудың педагогикалық мәселелері.
Білім беру қазіргі ғылымның, мәдениеттің, ғылыми-техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болуы керек. Жалпы білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріс пен қоғамдық дамудың жаңару процесіне тікелей ықпал жасайды. Сондықтан қазіргі таңда мектептегі оқыту процесінде пәнаралық байланыс ерекше көкейтесті орын алып отыр және жалпы педагогикалық маңызға ие болуда.
Пәнаралық байланыстың классикалық педагогикадағы қалыптасқан идеясының өзіндік даму тарихы бар.
ХҮІ – ғасырдан бастап батыстың ұлы педагогтері Я. А. Коменский (1592 - 1670), Л. Локк (1632 - 1704), Ф. И. Гербат (1776 - 1841), Ж. Ж. Руссо (1712 – 1778), И. Г. Песталоцци (1746 – 1827) өздері өмір сүрген замандардан бері педагогика ғылымының күрделі мәселесі ретінде пәнаралық байланысқа баса назар аударған.
Прогресшіл педагогтар білім беру ісіндегі схолостикаға қарсы күресе отырып, шәкірттерге табиғат құрылыстарының өзара байланысы жөнінде қарастыратын қалыптастырудың маңызы екендігін атап айтты. Мысалы: Я. А. Коменский «Өзара байланысы бар нәрселердің бәрі, сондай байланыс күйінде оқытылуы керекң деп жазды.
Сондай-ақ бертін келе ХІХ-ғасырдың 60-шы жылдарында қоғамдық – педагогикалық қозғалыстың кең өріс алуына прогресшіл педагогтер А. И. Герцен (1812 – 1870), Л. Н. Толстой (1828 – 1870), К. Г. Ушинский (1814 – 1820), Н. Г. Чернышевский (1828 – 1889) т.б. ғылыми еңбектерімен үлес қосты. Мәселен, педагог-классик К. Д. Ушинский өзінің ғылыми еңбектерінде «Балалар әлемің, «ана тілің, «Педагогикалық антропологияң, «Адам тәрбиенің жемісің т.б. пәнаралық байланыстың дидактикалық тұрғыдан маңызды екендігін дәлелдеп берді.
Ол мәселенің психологиялық негіздерін ашып, әртүрлі байланыстардың жеті түрін айқындайды; қарама-қарсылығы, ұқсастығы, уақыт және оны реті жағынан еске салу, пайымдаушылық байланыс, жүрек сезімі бойынша байланыс, өркендеу немесе ұғыну байланысы.
К. Д. Ушинский қандай да ғылым болмасын беретін білімдер мен идеялар әлемге және өмірге табиғи түрде қабысып, жақын мүмкіндігіне қарай кең құлашты көзқарас дарытуы керек деп есептеді.
Ол сонымен қатар бізді қоршаған нақтылы өмір жөнінде айқын, толық және біртұтас ұғымдар беріп қалыптастыруға көмектесетін пәнаралық байланыстың, көзқарастық үлкен ролін атап көрсетті.
Халқымыздың ардақты ұлдары өз елін прогресс жолымен алға қарай бастаған Шоқан (1835 - 1865), Абай (1845 - 1904), Ыбырай (1841 - 1889) сол дәуірде қазақ даласына мәдениеттің, білімнің қажеттігін дәріптеген.
Қазақтың ұлы ағартушысы, әрі ойлы педагогі артына өшпес, өлшеусіз мұра қалдырған халқымыздың адал перзенті Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясың және «Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылықң - деген екі оқулығын жазды. Бұл еңбектерінде білім мазмұнын дидактикалық қағидаларға сай негіздеді. Оқулықтарда балалардың ойлауын сөз қорын, өзіндік таным қабілетін дамытуға ықпал жасайтын табиғат құбылыстары айнала қоршаған тіршілік-тұрмыс көріністері туралы әңгімелер, суреттемелер, аңыз-ертегілер, еңбек әрекеттері тағы басқа материалдар алынған.
Пәнаралық байланыс педагогика ғылымында философиялық, психологиялық, дидактикалық және әдіснамалық жағынан қарастырылатын күрделі комплексті сала.
Педагогикалық сөздікте – «жалпы ғылымдар жүйесінің негізінде дидактикалық мақсаттардан туындайтын оқу бағдарламаларының өзара шартты байланыстар пәнаралық байланысң - деп аталған.
Сонымен бірге шығыстың ұлы ойшылдары Әл – Фараби (870 – 968), Ибн Синаның (930 - 1037) және Жүсіп Баласағұнидың (1021) т.б. мұраларында, ал бертін келе қазақтың ағартушылары мен педагогтерінің еңбектерінде пәнаралық байланыс идеяларына мән бергенін көреміз.
Қазақ халқының ортамызға қайта оралған ірі зиялылар Ж. Аймауытов (1889 - 1931), А. Байтұрсынов (1873 - 1937), М. Дулатов (1885 - 1935), М. Жұмабаев (1893 - 1938), Ш. Құдайбердиев (1858 - 1931) т.б. бұл мәселені қарастырған. Мысалы: М. Жұмабаев өзінің «Педагогикаң оқулығында психология, физиология, әдебиет, тарих, тәнтану ғылымдарының өзара байланысы негізінде, адамның тұлғалық дамуында тәрбие мәселелерін жан-жақты айқындаған. Педагогика бөлімдері (жалпы педагогика, дене тәрбиесі, жан көріністері т.б. ) педагогика, психология ғылымының негізгі мәселелері адам тәрбиесінің заңдылықтарымен өзара байланыста берілген. Бұл оқулығында М. Жұмабаев ұғым және оның жасалуында заттар мен құбылыстардың, сондай-ақ адамдардың қасиет-салалары мен білім-тұлғалық ерекшеліктері жеке дараланып, бір-бірімен салыстырылып және барлығына ортақ белгілері сипатталады. Бір-біріне ұқсас бірнеше заттарды бір-бірімен салыстырамыз. Біз бір затты бір затпен салыстырғанда, олардың әрқайсысының өздеріне ғана арналған дербес сындарын алып тастап, ортақ сындарын ғана аламыз. Ортақ сындарды екеуін де табамыз, ортақ сындарды жалпылаймыз. Яғни екі заттың яки көп заттың ортасынан оймен жасалған бір зат шығады. Міне, осы көп заттардың ортақ сындарын алып жия білу, екінші түрлі айтқанда, зат туралы ой-ұғым деп аталады.
Ұғым туралы айтылатын материалдар білім мазмұны арқылы көрсетіледі. Себебі ғылыми дидактикада оқушылардың дүниетанымын, ұғымдар жүйесін қалыптастыруда білім мазмұны шешуші фактор болып табылады.
Ал білім берудің мазмұны өте күрделі және көп жақты ұғым. Білім берудің мазмұны қоғамның экономикалық және ғылыми-техникалық даму қажеттіліктеріне байланысты қарастырылады.
Білім берудің мазмұны деп оқушылардың ақыл-ойын, дене күш-қуатын жан-жақты дамыту, дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыру және олардың қоғамдық өмірге, еңбекке дайындауға қажетті негіз болатын білімдер мен іскерліктердің және дағдылардың көлемі мен бағытын айтамыз.
Білім берудің мазмұны ең алдымен қоғамның, мектептің алдына қоятын мақсаттары және міндеттерімен анықталады. Сонымен бірге оқудың мазмұнын анықтауда дидактиканың талаптары да ескеріледі, себебі соның негізінде ғана қай жаста, қандай көлемде, қандай пәндерді оқуға болатындығын дұрыс шешуге болады.
Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының басты мәселесі болуымен бірге қазіргі заманғы ғылымдардың интеграциялану тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып саналады.
Адам баласы қоғамның дамуына әртүрлі сатысында білім беру мазмұны талқыланып келді. Білім мазмұны теориясы педагогика тарихында бірнеше бағытта қарастырылған. Мәселен: философиядағы рационалистер білімдердің көзі мен көрсеткіштері объективті шындық және қоғамдық тәрбие емес, оның көзі ақыл ғана деген. Сөйтіп олар білімді өмірден, ойлауды сезім қабылдауынан бөледі. Бұл формальдық білімді жақтаушылардың айтуынша жалпы білім берудегі негізгі міндет – оқушының білім танымдық қабілеттерін ғана дамытуға бағытталған ғылымдарды үйрету немесе оқу деген ақылдың «гимназиясың - жаттықтырылуы тұрғысынан түсіндіріледі.
Формальдық білім теориясын жақтаушылар осылай рационализм бағытында бола отыра, оқу жұмысының мазмұнына ең алдымен, сол білушілік қабілеттіктерді (латын, грек) ерте дүние әдебиетін, тарих, математиканы енгізген, осылар классикалық білімнің негізін құрайтынын дәлелдейді.
Классикалық білім қайта өркендеу дәуірінде ерте дүние мәдениетінде әуестенушілік күшею кезінде қалыптасқан. Бұл білім орта ғасыр мектебінің тар деңгейіндегі діни-схолостикалық оқу мен күрестің өрістеу дәуірінде дамыған. Сондықтан сол бастапқы кезде бұл оқудың сөзсіз прогресшіл мәні болды. Ал енді кейіннен бұл классикалық оқу бірбеткей формальдық-грамматикалық бағытта болды. Соның салдарынан шамадан тыс тілдерді оқу басқа оқу пәндерге зиянын тигізе бастады, әсіресе табиғат жөнінен білім кеми түсті.
Ал ХІХ ғасырдың екінші жартысында классикалық білім Ресейдегі орыс редакциясының білім берудегі демократияшыл бағыттарымен күресу құралына айналды. Ресейдегі классикалық білімнің мақсаты самодержавияның жастарды реалды шындықтан алшақтату, оларды прогресшіл материалистік көзқарастардың ықпалынан болды.
Білім берудегі классицизм осы кездің өзінде Батыс Европаның кейбір елдерінде Латын Америкасында, Испания, Партугалия т.б. елдердің мектептерінде сақталған. К. Д. Ушинский «Шындықтың деректерінен нәр бермейінше, жалпы түрде ғана оқыуды дамыту деген ретсіз, болмайтын іс, себебі адамның ойлауы деректерді жиыстырып, соларды өңдеу арқылы ғана дамидың - деген.
Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептердің барлық типтерінде білім беру гуманитарландыру бағытына негізделген. Атап айтқанда, тарихи оқиғаларды, жекелеген адамдардың қызметін мемлекеттегі басқару нысандарын түсіне білу және оларды нақтылы бағалай білуі: демократиялық және экономикалық кеңістікте өмір сүру нормаларын үйрене, әлемдік және отандық мәдениеттің ортақ мәселелерін бағалай білу, ұлттық сана-сезімге ие болу, адамзаттың өркениетті дамуының негізгі кезеңдерін білу. Осы мақсатта әдебиетке, тілдерге, тарихқа, қоғамтануға, өнерге, дене мәдениетіне ерекше көңіл бөле отырып, орта білім беретін мектептерге арналған мемлекеттік базалық оқу жоспарының түрлі нұсқаулықты көздейтін бөлігіне гуманитарлық пәндердің кең жиынтылығы енгізіледі.
Сонымен қатар табиғаттағы құбылыстарды ғылыми түрде түсінуге, оны өзгертудің жолдарын үйренуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, егеменді ел болуына байланысты жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік базистік оқу жоспары жасалуда. Бұл білім беру жүйесінің жаңартуға бағытталған талпыныс. Базалық оқу жоспары бұрынғыларымен салыстырғанда құрылымы жағынан жетілдірген. Мұнда тек пәндер жиынтығы, сағат саны, оқу сатысы жөніне ғана мәліметтер беріліп қоймайды, сонымен қатар оқу мазмұнының (инварианттық) тұрақты және (варианттық) вариантивтік жылжымалы бөлігі туралы мәліметтер берілген. Жоспардың тұрақты бөлігінде барлық оқушылар оқуға міндетті, ал жылжымалы бөлігінде әр мектептің қалауы бойынша даярланып алынатын «мектептікң құрамы кіреді. Оқу жоспарының «жылжымалың бөлігінің ішкі құрылымы оқу сатысында балалардың жас ерекшеліктеріне, физиологиялық мүмкіндіктеріне қарай әртүрлі болады. бастауыш мектепте бұл қосымша сабақтар мөлшері әрбір сыныпта 2 – 3 сағат болуы мүмкін. Негізгі мектептің екінші сатысында оқу сатысының оқу мазмұнының «жылжымалың бөлігіндегі қосымша сабақтар, факультативтік курстар оқу жүктемесінің 10 – 15%-тей мөлшерін қамтиды. Ал орта мектептің 3 – сатысында, яғни бағдарлы мектептің оқу мазмұнының жылжымалы бөлігінде барлық оқу жүктеменің үштен бір бөлігі беріледі.
Сонымен жалпыға білім беретін мектептердің оқу жоспарлары жан-жақты тәрбиенің барлық саласын қамтиды, оларға жалпы білім және ақыл-ой тәрбиесінің беретін пәндерімен бірге еңбек, білім дене шынықтыру және эстетикалық тәрбиеге қажетті пәндер (музыка, ән-күй, сурет) енгізіледі. Оқушылардың интелектілік қабілеттерін дамыту көзделеді.
Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселелердің бірі – біртұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық мәндеті – оқыту үрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру.
Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы тарихи дамуда дәлелденіп,, қазіргі педагогика ғылымының, оның ішінде пәнді оқыту әдістемесінің басты мәслесіне айналып отыр. Сонымен қатар пәнаралық байланыс – қазіргі заманғы ғылымдардың кірігу тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып табылады.
Қазіргі педагогика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының негізін құраушы құрылым бөлігі болып есептеледі. сол себепті оқыту үрдісіндегі пәнаралық және пәнішілік байланыстылық ұстанымының да өзіндік маңызы бар.
Жалпы білім беретін мектеп пән мұғалімдерінің пәнаралық білімдер мен іскерліктерді игеруі – оқу үрдісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру үшін алғы шарт.
Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың икемділік пен дағылары анағұрлым күшті дамитындығын педагог-ғалымдар дәлелдеген.оқу үрдісі нәтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екендігінің белгісі болып табылады. Оқу пәндерінің ерекшеліктеріне қарай оқушыларда түрлі икемділік пен дағды пайда болады. Профессор Т. Сабыров оларды бірнеше топқа бөледі.
Интелектік пен дағды (оқу, жазу, есептеу, кітаппен жұмыс істеу, т.б.);
Еңбекке икемділік пен дағды (сызба, оқи білу, еңбек құралдарымен жұмыс істей білу, т.б.);
Спорттық икемділік пен дағды;
Өнерге деген икемділік пен дағдылар, т.б.
Оқу үрдісінің барысында оқушылар танымдық, тәжірибелік мақсатты-бағдарлы іс-әрекеттермен шұғылданады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде оқушыда пәнаралық байланыс іскерлігі қалыптасады.
А. Бейсенбаева «Пәнаралық іскерлікң ұғымын былай тұжырымдайды: «Пәнаралық іскерлік оқушылардың бір пәннен меңгерген білім, іскерлік, ептілік, дағдыларын екінші пәндерді меңгеруде пайдалана, қолдана білу қабілетін анықтайдың. Бұл пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларында орта, ал жоғарғы сынып оқушыларымен салыстырғанда өзінше қалыптасып дамиды. Яғни, пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес және олардың өзіндік даму сипатына орай жасалынады.
Бастауыш мектепте бейнелеу пәнін оқытудағы пәнаралық байланыс, негізінен, бес пәннің байланысын қажет етеді. ол пәндерге музыка, еңбекке баулу, ана тілі, математика және дүниетану жатады. Бірақ, алдыға қойылған мақсат-міндеттерге және оқушылардың ықылас, белсенділігіне қарай география, тарих, ботаника, т.б. пәндердің қарапайым элементтері де қолданылып, байланысқа түсе береді.
Бейнелеу өнері пәні, негізінен, оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге бағытталады. Мектептерде бейнелеу өнері мен музыка пәндерін, өнер саласының элементтерін пәнаралық байланыста оқыту оқу пәндерінің эстетикалық бағыттылығын жүзеге асыруға негізделеді.
Бұдан шығатын қорытынды, бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабақтарын музыка пәнімен мейлінше көбірек үйлестіру қажет. Әр сабақ сайын өткізілетін тақырыпқа байланысты, сабақтың мақсатына қарай музыкалық шығармаларды молынан қолданған жөн. Бастауыш сыныптардың барлығында өтілетін бейнелеу өнері пәнінің халықтық-сәндік қолөнер тақырыбындағы сабақтардың өтілу желісін қазақтың күйлерімен байланыстыру көп пайдасын тигізіп, оқу нәтижесінің жоғары болуына мол ықпал жасайды. Ұлттық күйлер, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының қабылдау ерекшеліктеріне байланысты сезіміне зор әсер етіп, қиялы мен ойлауына позитивті түрде ықпал етеді. тек ескеретін жайт: күйді ырғағына қарай таңдап алып, дыбысын қатты етпей, сабаққа кедергі жасамайтындай етіп пайдалану.
Пәнаралық байланыстың құрылымын іске асыру барысында педагогика ғылымындағы көптеген қозғаушы факторларды ескеру керек. оқыту үрдісінде пәнаралық байланысты іске асырудың құрылымдық белгілері мынадай:
пәнаралық байланысты анықтау мақсаты;
өзара байланысқа түсетін оқу пәндерін саралап, іріктеп алу;
байланыс бөлігі немесе бөлігі болған оқу пәндерінің әрқайсысының ерекшелігі;
пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру жолдары.
Сабақ беруде пәнаралық байланысқа мән бермеу оқу пәндері материалдарының бірін-бірі қайталауға, оқушылардың көптеген ұғымдар мен заңдылықтарды тар шеңберде түсінулеріне әкеп соғады. Білім мазмұнын меңгеру, пәнаралық байланысты ескермейінше мүмкін емес. Өйткені ол - өзара жақын пәндердің бағдарламасындағы оқу материалын үйлестірудің және іріктеудің маңызды көрсеткіштердің бірі.
Бастауыш мектеп оқушыларына бейнелеу өнері пәнін оқытуда ана тілінің алатын орны ерекше. Себебі, оқушыларда өнер туралы білімдерді, сұлулықты танып-білу ептіліктері мен адғдыларын қалыптастыру нақты тіл, сөз арқылы әңгімелеу, түсіндіру әдістері көмегімен, әрі көрнекілік пен тәжірибелік әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесінде іске асырылады. Сондықтан бастауыш мектеп мұғалімдері бейнелеу өнері сабақтарында мейлінше әдеби тілде әрі әсем сөйлеуі қажет.
Қазақ пеадгогы Жұмабаев Мағжан өзінің «Пеадгогикаң деген еңбегінде балаларда сұлулық сезімдерді қалыптастыру жөнінде былай жазады: «Баланың маңайында сөйленетін сөздер әдепті, сұлу болуға тиісті. Баланы сұлу искусствомен терең таныстыру керек. бала неше түрлі сұлу үндерді естісін, неше түрлі сұлу түрлерді, түстерді көрсін, сұлу сөздер, сұлу өлеңдер жаттасын. Түрлі музыка құралдарының үндерін тыңдасын, сурет салып үйренсін. Ән салып, музыка құралдарында ойнап үйренсін. Міне, осыларды істесе, баланың сұлулық сезімдері өркендейдің.
Математикалық, оның ішінде геометриялық ұғымдар мен түсініктер, заңдылықтар мен сызба есептердің бейнелеу өнері сабақтарында өте көптеп кездесуі - пәнаралық байланыстар үшін қажет оқу материалдары. «Математика ғылымы – барлық ғылымдардың патшасың деген тарихи-ғылыми тұжырымды ескере және ол ғылымның оқушының ойлау, ес, қайта жаңғырту үрдістерін дамытуда ерекше маңызы барын анықтай отырып, оның бейнелеу өнерімен байланысына тереңірек мән берген абзал. Қарапайым геометриялық фигураларды салу мен күрделі пропорция, симметрия сияқты заңдылықтарды біліп, оларды игеру математика мен геометрияның көмегінсіз мүмкін емес.
Кез келген бейнеленетін зат пен құбылыс элементтерінің жалпы кескіні (силуэті) сурет салушының көзіне фронтальды жағдайдағы көрінісінде үшбұрыш, ромб, дөңгелек, элипс, т.б. сияқты геометриялық фигураларға ұқсас келеді.
Қоршаған ортадағы сұлулық атаулының барлығы дүниетану пәнімен тікелей байланысты. Алуан түрлі гүлдер, жеті түсті әсем кемпірқосақ, ғажайып табиғат көріністері, бәрі-бәрі оқушыларды сұлулық сезімге бөлейді. Ол заттарды, көріністерді көру және сезіну – дүниетанушылық және эстетикалық міндет.
Әдемілікті сезіну үшін, оны түсіну үшін, ең алдымен, бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болу қажет. Білім адамды әдеміліктің объективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.
Бастауыш сынып оқушыларының қабылдау белсенділігі мен деңгейі өте жоғары болып табылады. сондықтан олардың зейіні мен ықыласын әрдайым дамыта жүргізу шартты ретіндегі жаңа материалдардың біршама көп болуы және олардың міндетті түрде қызықты болуы - әрбір өтілетін сабақтың негізгі тірегі.
Еңбекке баулу пәнінің элементтері бейнелеу өнерінде, әсіресе ондағы тәжірибелік оқу іс-әрекетінде анық көрінеді. Сәнді бұйымдар жасау, қолөнер бұйымдарымен танысып, олардың жасалу жолдарынан мағлұматтар алу, аппликация, мүсіндеу сияқты бейнелеу өнері сабақтарындағы эпизодтарында оқушылардың еңбектік ептіліктерінің көркемөнер және көркем-суреттік икемділіктерімен ұштасуы жүргізіледі.
Бейнелеу іс-әрекеті ойлау, байқау, талдау, есте сақтауға негізделген көру байқағыштығын, сезім мүшелерін дамытады, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға, қоршаған ортаны тануға септігін тигізеді, еріктік сапаларды, шығармашылық қабілеттерді, көркемөнерлік талғамды тәрбиелеп, өнерді түсінуге қажетті эстетикалық сезімді (пішіндердің, қозғалыстың, пропорцияның, түстің, түс сәйкестігінің сұлулығын көре білу) дамытады.
Бейнелеу өнері сабақтарында таным жорықтар, өнер туралы әңгімелер, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, поэзиялық минуттар, көрмелер, көптеген иллюстрациялық материалдар мен ұлттық және классикалық музыка туындыларын пайдалану осы пәнді тереңірек ұғындыруға, игеріп, меңгертуге көмектеседі.
Ендеше бастауыш сынып оқшыларына пәнаралық байланыс материалдарын кеңінен пайдалануды жан-жақты дамыту – біртұтас оқыту үрдісін жаңаша тұрғыдан ұйымдастырудың ұтымды әрі табысты педагогикалық шарттарының бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |