МАЗМҰНЫ:
I.КІРІСПЕ______________________________________________________3
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ______________________________________________5
2.1. Әдебиеттік оқу сабағы бойынша оқыту үдерісінде пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды жаңа технологиямен жүргізудің әдістемесі_____________________________6
2.2. Екінші сыныпта әдебиеттік оқу сабағын оқыту барысында пәнаралық байланысты пайдаланудың әдістері________________________________19
III.ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ__________________________________28-38
IV.ҚОРЫТЫНДЫ____________________________________________40-42
V.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР_____________________________43
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекетіміздің болашақ дамуына арналған «Қазақстан – 2050» бағдарламасында жоғарғы білімнің сапалылығы, адамсүйгіштігі және ғаламдануы арқылы мәдениет жасауға, интеграцияға ерекше мән бергені белгілі. Еліміздің егемендік алуымен байланысты әлеуметтік – экономикалық салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер, жаңа бастамалар серпінді қадамдар жасалып жатыр.
Білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріс пен қоғамдық дамудың жаңару барысына тікелей ықпал жасайтындығын, осы тұста мектептің оқу – тәрбие үдерісінің пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылуы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқаратың қалыптасуына мүмкіндік тудырады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершлік жүгін арқалап келеміз», -деген сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжиірбелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғыни әр баланың табиғи қабілетін дамыту керек үшін қолайлы жағдайлар жасап отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Сонымен қатар халыққа Жолдауында ел дамуының негізгі кепілі – білім саласын ешуақытта назардан тыс қалдырған емес. Сондай – ақ, үлгерімі жоғары оқушылардың қолдау көрсетудің тімді жүйесін құру қажеттігін айтып өтті.
«Мәңгілік Ел» стратегиясын қолдаушы да, жалғаушы да осы ұстаздар қауымы болмақ. Өйткені, мұғалімдер оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар бере отырып еліміздің болашағын қалауға атсалушылар[1,23б.]. Мектеп оқушылары жекеленген пәндерден алынған білімдерін тұтас біріктіріп қабылдай алмайды. Бұның басты себебі негізі, олардың бірне – бірімен байланыста, сабақтастықта қарастырылмайды. Осының нәтижесінде оқушыларда тұтас көзқарастың қалыптасуына қиындықтар туындап, белгілі бір жүйеге келе алмай отыр. Сондықтан да оқушы санасына табиғатына дұрыс түсінікті көзқарас қалыптастыру үшін мектептегі оқу үдерісінің пәндері арасындағы пәнаралық байланысты анықтап, ғылыми-әдістемелік деңгейде дұрыс пайдалана білу қажеттігі туады. Сонымен қатар баланың тұға болып қалыптасуына, дамуына бағытталған оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психологя ғылымы жеткілікті дәлелдеп оқыту арқлы оқушыны дамыту, бала дамуындағы оқытудың рөлін Л.С.Выготский анықтаған[2,7б.].
Пәнаралық байланыстың жан – жақты педагогикалық тұрғыдан, әдістемелік жағынан қарастыруға, зерттеуге, ізденуге бұрынғыдан да зор көңіл бөлініп отыр. Бұл мәселені ең алғаш көтерген дидактиканың негізін салушы, чех педагогы Я.А.Коменский болды. Сонымен қатар бұл мәселе көрнекті педагогтар Англияда Джон Локктың (1632-1704), Швейцарияда И.Г.Песталоцидің(1746-1841), Францияда Ж.Ж.Руссоның (1712-1781) еңбектерінде де көтерілді. Кешегі кеңес дәуірінде М.А.Данилов, В.В.Давыдов, И.Д.Зверев, Р.Г.Лемберг, В.Н.Максимова, В.Н.Малахов, С.А.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин сияқты атақты педагог, психолог ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Олар пәнаралық байланыс мәселесінің мәнін, құрылымын анықтап, әдіснамалық деңгейде түсіндірді.
Республикамызда пәнаралық байланысты зерттеп, өзіндік үлесін қосып, ой айтып түсінік қалыптастырған ғалымдарымыз біршама, мәселен: П. М. Иванов (1956), Қ. Мұханов (1967), С. Мұсабеков (1966), А. А. Бейсенбаева (1970), Р. Абасова (1991), С.В. Илларинов (1991), Ж.Ә. Шоқыбаев (2000) т.б.
ҚР-сы «Білім туралы» Заңында: білім беру мазмұнының ұғымына жеке адамның жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әр деңгейі білім беру жүйесінде көрсетіледі[3,7б.].
Қазіргі таңда жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде халықтық педагогикаға қарай бағытталуы, ұлттық салт – саналарымыздың қайта түлеуі, оқушылардың ата – бабалар қалдырған бай мәдени мұраларына деген биік құрмет сезімімен жандандыру секілді маңызды мәселелердің барлығы да ана тілін оқыту ісін жетілдіруге келіп саяды. Бұл ұлт болып қалыптасуда, ұлттық сана-сезімімізді тәрбиелеуде әрине қажет-ақ мәселе. Бастауыш мектепте, оның ішінде жеке пәндерді оқыту мәселелерінде білім беру үдерісін пәнаралық байланыс негізінде оқыту мәселесі төнірегінде педагогика ғылымының дамуында жинақталған жеткілікті бай мұра бар және оған бүгінгі таңға жинақталған библиографиялық,психологиялық және ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге жасаған талдауларымызда көзіміз жетті.
Әйтсе де, оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ мәселелерді, заңдылықтарды бір-бірімен өзара байланыста қарастыру, білім беру үдерісін пәнаралық байланыс негізінде оқыту мәселесі, оның ішінде бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде дүниетанымын қалыптастыру мәселесі ғылыми проблема ретінде толық зерттеу объектісіне айналмай келеді.
Міне, осының салдарынан, педагогика ғылымының қазіргі даму деңгейі мен бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде дүниетанымын қалыптастыруға деген практикалық қажеттілік арасында заңды қарама-қайшылық туындап отыр.Ендеше, осы қарама-қайшылықты шешу біздің курстық жұмысымыздың негізгі мақсаты болып табылып, оның тақырыбын «Әдебиеттік оқу сабақтарында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары» деп таңдауға себеп болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Бастауыш сынып оқушыларын пәнаралық байланыс негізінде дүниетанымын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан талдап, қорытып тиімді әдіс-тәсілдері туралы ұсыныстар айту.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1.Бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде дүниетанымын қалыптастыру мәселесі төнірегінде психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен танысып, талдау жасау;
2.Пәнаралық байланыстың педагогикалық мәнін ашу. Бастауыш сынып оқушыларының оқу жұмысын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктерін жолдарын, әдіс тәсілдерін анықтау.
3.Әдебиеттік оқу пәнін оқыту барысында пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың жинақталған оқыту технологиялары мен әдіс-тәсілдерін педагогикалық үдерісте тиімділігін тексеріп көру.
Зерттеу жұмысының нысаны: Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу жұмысының пәні:«Әдебиеттік оқу сабақтарында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары», әдіс-тәсілдері.
Зерттеу жұмыстың әдістері: байқау, бақылау, әңгімелесу, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау жасау, мектеп құжаттарымен танысу.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, практикалық бөлім, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Әдебиеттік оқу сабағы бойынша оқыту үдерісінде пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды жаңа технологиямен жүргізудің әдістемесі
Бүгінде еліміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Біздің міндетіміз - білім беруде жаңа технологиялар мен жаңаша оқыту әдістерін тиімді қолдану, жан - жақты дамыту, әрине, дамудың негізі - білімде екенін де ұмытпауымыз керек. Ал, өз ұрпағының жауапты да жігерлі болып, өресі биік жеткіншектерді тәрбиелеуде мұғалімнің жаңаша ойлау түріне, педагогикалық іс - әрекетін ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жетеді. Ол үшін оқу үрдісінің мәні мен заңдылықтарын жетік білу, жаңа оқу технологиясын жетік білу және қолдану жатады.
Жалпы білімнің мазмұны ғалымдардың өзара байланысы, өндіріс пен қоғамдық дамудың жаңару үрдісіне тікелей ықпал жасайды. Сондықтан қазіргі таңда мектептегі оқыту үрдісінде пәнаралық байланыс ерекше көкейкесті мәселе болып отыр.[25,192б.].Сондай – ақ елімізде 12 жылдық білім беру үрдісіне көшу негізінде оқу бағдарламаларын, сапалы оқулықтарды, оқушылардың белсенділігін тудыратын жаңа технологияларды, оқу әдістемелік кешендерді өз дәрежесіне қайта дайындау мүмкіндігі туды. Осының нәтижесінде қазіргі таңда 1-4 сыныптардың барлық пәндері бойынша оқулықтар мен әдістемелік кешендер жарық көріп, Республикамыздың 100-ден астам сыныптарында байқауға алынды.
Сондықтан бағдарлама талаптары тек жеке пәндерден білім беріп қана қою емес, оқушылардың жалпы дамуына жол ашуға бағытталған 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасында:
- Оқушының жас ерекшелігіне, өмір тәжірибесінің көлеміне лайықты, олардың ой дүниесіне қызғушылық тудыратын мазмұнда және пәнаралық байланыста жүзеге асыра отырып, ойын әрекеттері барысында беріледі.
- Сауат ашу, математика, қоршаған дүние, технология, бейнелеу өнері пәндерінің біреуінен берілетін білімді бірі толықтыруға ыңғайлы болып, олардың мазмұндық жүйесінің кірігуі. Мұнда дүниенің біртұтастығы, оның құбылыстарының өзара байланыстылығы туралы түсініктер қалыптасады.
- Пәнаралық байланыс - әр пәннен алған білімді кез келген сабақ барысында кешенді түрде пайдалануды көздейді. Бұл оқу пәндерінің мазмұнын сәйкестендіруге, пәндердің өзара байланысын іздестіруге, сол арқылы оқушылардың логикалық ойын дамытуға жағдай жасайды.Осы тұрғыдан алғанда бастауыш сыныпта пәнаралық байланысты түрлі технологиялармен мақсатқа сай қолдана білу қажет.
Сабақтың дәстүрлі емес түрлеріне әуестенушілік кейбір мектептер мен мұғалімдердің тәжірибесінде елеулі орын алып отырғаны байқалады. Мұнда пәннің логикасы мен дидактикалық қағидаларына, сабақтың білім берушілік, тәрбиелілік, дамытушылық мақсаттарына мән берілмей сырттай ғана тиімді болып көрінетіні оның оқыту үрдісін сөз жоқ жүйесіздікке, сәтсіздікке апаратыны хақ.Адамның қоғамдық мәнінің құрылымында, оны оятатын жетекші күштердің жүйесінде қажеттілік, қызуғышылық, мұрат, сенім үлкен орын алдаы. Адамның қоғамдық мәнінің рухани құрамында сенімдердің ерекше рөлі бар. Білім сияқты, сенім объективтік шындықтың субъективтік бейнеленуі, адамдардың ұжымдық және жеке тәжірбилерін меңгеру болып табылады. Білім – адам үшін субъективтік, оның қоғамдық мәндік мағынаға ие болуы керек. Кейбір түсініктер, идеялар, шектеулер адамға іштей жақын, ықпалды, ал кейбіреулер сө жүзіндегі біреу болып қалуы мүмкін. Сенім – адамның қоғамдық мәнінің күйіне өткен білім. Олар адамның дүниеге, адамдарға, өзіне – өзінің қатынасын анықтап, оның тәртібі мен іс – әрекетін басқарады .
Не себептен ғылыми шындық немесе моральдық шектеулер кей жағдайда адамның қоғамдық мәнінің іщкі игілігіне айналады да, кейде адамға міндетті емес сияқты сананың үстірттік жағында қалып қояды?
Табиғаттың кейбір жақтары немесе шеңберлері жөніндегі білімдердің жай қосындысы сенімдерді қалыптастырмайды. Бұл мүмкін болу үшін жеке ғылымдардың тапқан деректі мен мәліметтерді, барлық білімдер диаликтикалық әдіс негізінде сұрыпталуы керек. Сана деректер деңгейінен жоғары тұрғанда, адам түсініктерден жинақталған шындықты, ал түсініктер жүйесінен дүниенің сан қырлы жақтарын көргенде ғана сенімдер бастлады. Кез келген дүниетанудың өзегін философиялық көзқарастар құрайды. Философияның негізгі мәселесі ойлаудың болмысқа, сананың материяға қатынасының қалай шешілуіне тәуелді ғылыми және ғылымға қарсы, материалистік және реакциялық дүниетану өмір сүреді. Адамзаттың даму тарихы жалғандық, сағым қуушылық, идиалистік елестермен күрес, ғылыми, материалистік дүниетанудың қалыптасу және даму тарихы болып келеді.
Ғылыми-материалистік дүниетанудың ерекше белгісі – оның біртұтас, жүйелі, мызғымас беріктігі.
Қоғамдық сананың құбылысы ретінде дүниетану жеке сананың түрі болып та табылады. Адамның қоғамдық мәні дүниетануды самарқау менгермейді. Адам дүниетанудың тек өзінің жеке тұрмысына, қажеттігіне, белгіленген мақсатына, өмірлік межесіне, бағыттылығы мен мүддесіне сәйкес келетінін ғана қару етеді.
Дүниетануда адамның қоғамдық мәні ашылды, оның өмірлік құштарлығының бағдарламасы, моральдық және құндылықтарының бағдары айқындалды. Әр түрлі адамдарда дүниетану түрлі сипатта болды: кейбіреулерде ол күнделікті тұрмыстық сананың шеңберінде, басқаларда ғылыми, яғни айтқанда, филисофиялық жүйеге келтірілген білімге сүйенеді. Ғылыми дүниетануға сәйкес өмір сүріп, әрекет ететін адам берік және айқын көзқарасты мен сенімдері арқылы, шындыққа белсенді қатынасумен ерекшеленеді.
Жаңа технологииялармен жұмыс істейтін мұғалім мұндай қателерге жол бермейді. Ол ең алдымен пән бағдарламасын, дидактикалық мақсатын талдап, сабақтар жүйесін айқындайды. Оқу материалының мазмұнына сәйкес әр сабақтың өзіндік мақсатын, құрылымын, типін, оқыту әдістерін, тірек ұғымдарын, жаңа үлгідегі көрнекі құралдарын алдын ала ойластырады. Себебі сабақ беру – «үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол үшін жаңадан жаңаны табастын өнер» – деп жазды Жүсіпбек Аймауытов.
Жаңа берілетін сабақты баланың беретін мағлұматтарымен ұштастыру: тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аударатын қызықты нәрселерді үйрету, салыстыру, ұқсастыру, түрлі әдістерді пайдаланып, шеберлікпен жандандыру қажеттігін көрсеткен.[26,57б.].
Соңғы жылдары жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесінде оқыту үрдісін жандандыруда технология идеясын пайдалану, қиын әрі күрделі мақсаттарды алдын ала білу, оқушылардың күнделікті оқуда алға жылжуын ұштастыру, жоғары қиындық деңгейді жеңуге дағдыландыру орын алып отырған кезеңде баланы белсенді, әрекетшіл әрі ерікті субъект дәрежесіне қоя білу оқыту үрдісінің пәнаралық – байланыстылық проблемасын шешуге көмектесетін бірден – бір әдіс «жаңа технология», яғни жаңашыл сабақ.
Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз.
Қазіргі заманғы дидактикалық жүйе-1. Шынайы заңдылықтарға негізделеді;
2. Оқу педагогикалық басшылық, оқушы ұмтылысы мен дербестігі және белсенділігі бірлігінде жүргізілуі міндетті. Оқу жоспары білім негіздерін қамты, ал нақты оқу жағдайға, бала қызығуы мен нақты әркеттік белсенділік дамытуға, шығармашылық ұмтылысқа байланысты қалыптастырылады. Мұғалім мен оқушы білім игеру үдерісінде бірдей жауапты, оқу педагогикалық қызметтестік принципімен орындалады.[27,114б.].
Қазіргі мұғалім сабақты қалай жоспарлауы керек?
Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс істей алатын
Педагогикалық өзгерістерге тез төзелгіш, шығармашыл
Білімді, шебер, іскер болуы тиіс, оқушымен ортақ тіл табыса алатын
Түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысты сақтап, ортақ қағидаларды бір жүйеге келтіретін
Кез келген пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен байланысын ескеруі қажет
Мұғалім сабақта пәнаралық байланысты жаңа технологияның барлық түрін пайдалана отырып, өзінің тақырыбына негіздеп ұйымдастыру – бұл сабақтың тиімді, нәтижелі жемісі.
Пәнаралық байланыс
Д. В. Эльконин В. Занков
В. В. Давыдов «Дамыта» оқыту жүйесі
«Дамыта оқыту И. Б. Первин
технологиясы» Сын тұрғысынан «Топтық оқыту»
Ж. Қараев ойлау
«Деңгейлеп оқыту» Ойын технологиясы
Аталған педагогикалық технологиялардың оқу – тәрбие үрдісін жетілдіру мақсатындағы практикалық мәні ғылыми тұрғыда негізделіп, тәжірибедегі маңызды, дәлелденген оң нәтижелері бар деп айтуымызға негіз болмақ.
Жаңашыл педагогтардың көзқарасы бойынша жақсы педагогикалық технология терең педагогикалық ғылыми ізденістердің нәтижесі болуымен қатар, ең алдымен мұғалімдердің кәсіби тұрғыда шыңдалуын көздейді. Елімізде бүгінгі таңда оқу – тәрбие үрдісінде қолданып, оң нәтижелер беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар бар, алайда олардың мазмұндары көп салалы болып келеді. Кейбір технологияларда оқушыларда жас ерекшелігіне қарай дамыта оқыту бағыты басым. Жаңа оқыту технологияларындағы басты бағыт оқушылардың белсенділігін арттыру болып табылады.
Технология – алдын ала жоспарланған оқыту үрдісін тәжірибеде жүйелі іске асыруға бағытталады.
Бастауыш мектепке оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдану нәтижесінде шығармашыл, белсенді, білімді, білікті, қабілетті, ынталы тұлға қалыптастырамыз.
Жалпы айтқанда жаңа педагогикалық технология бұл оқу мен тәрбиелеудің тиімділігін қамтамасыз ететін терең ойластырылған жұмыстың нәтижесі.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді зерттеу барысында «технология» ұғымы («tache» - өнер, шеберлік, «logos» - ғылым, заң дегенді білдіреді) алдын ала берілген қасиеттерге ие материал алу үшін, бастапқы материалды қайта өңдеу үрдісін білдіреді.
Белгілі ғалым-әдіскер В.М.Монахов «Педагогикалық – технология» бұл оқушы мен мұғалімнің оқу процеісн жобалап және ұйымдастыруда бірігіп ққызмет етуіне қолайлы жағдай туғызатын, әбден ойластырылған педагогикалық іс - әрекеттің үлгісі» - деп жазды .
«Технология – бұл өнер, іскерлік, шеберлік, жағдайдың өзгеруіне байланысты әдістердің жиынтығы» - деп баға берді. Технология үшін оқытушы – мұғалім іс - әрекетінен гөрі, оқушының іс - әрекеті, ондағы басты сапалық көрсеткіштер аса маңызды. Егер бұл аспектілер жоқ болса, не мән берілмесе, технология іске қосылмайды, тек жалаң оқыту әдістемесі болып қала береді. Қазіргі қолданыстағы еліміздің жаңа технология авторлары Г.Г.Галиев, Ж.Қараев, М.М.Жанпейісова,Н.Нұрахметов, Қ.Аймағамбетова, К.А. Әбдіғалиев т.б.
Жаңа технологияларды қолдану арқылы пәнаралық байланысты жолға қою мына бағыттар бойынша жүргізіледі:
- оқушыларды жаңа тақырыпқа қызықтыра білу, осы арқылы олардың жаңа материалдарды меңгеруге деген ынтасы мен қызығушылығын қалыптастыру;
- жаңа тақырып желілерін, жүйелеп баяндай отырып, негізгі ойды анықтап беру;
- жаңа материалды түсіндіру барысында, оқушыларға сұрақ беріп, жауап ала отырып, жаңа тапсырманы түсіндіруге қатыстыру;
- салыстыру тәсілін тиімді пайдалана отырып, баланың ойлау белсенділігін арттыру;
- жаңа сабақты өткен тақырып мазмұнымен салыстыра отырып, қоршаған орта туралы ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру;
- жаңа тақырып бойынша түсіндіруде, осы тақырып мазмұнымен үндес қысқа әңгіме, өлеңдер, әндер оқу сабақ тиімділігін арттыру;
- тақырып желісі бойынша әдеби материалдар мен көрнекілікті қолдану.
Бүгінгі таңда оқу – тәрбие үрдісінде қолданып, оң нәтижелер беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар бар, алайда олардың негізгі мазмұндары көп салалы болып келеді.[28,42б.]. Жаңа технология мұғалім мен оқушының іс - әрекеті мен оның құрылымының құралдары, әдістерімен тығыз байланысты. Бастауыш сынып оқушыларының оқу жүйесін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырғанда мүмкіндігіне қарай жаңа технологияны қолдану қоғам дамуының қазіргі сатысында жеткіншектерге жалпы білім беру маңызды бір буынға айналып отыр. Оның басты міндеті – пәнаралық байланысты ұйымдастыру, олардың таным қабілеттері мен ой көкжиегін кеңейтуге, өз шамасына сай қазіргі қоғамдық құбылыстарды түсіне білетін, білімді азамат тәрбиелеу. Пәнаралық байланыстың бірден–бір бастауы мұғалімнің шығармашылық ізденісі болып табылады.
Кез келген пән мынадай құрамдас бөліктен тұрады: 1) білім; 2) іскерлік; 3)дағды; 4) шығармашылық. Мұғалім өз сабағын басқа пәндермен байланысты дамыту үшін сабақты тиянақты, неғұрлым бейнелі көрнекіліктер арқылы өткізуі керек.Сол тақырыпқа сәйкес басқа пәндерге байланысты сұрақтар қою арқылы оқушының басқа пәндерден алған білімін дамыта түседі.
Қазіргі таңда көптеген алдынғы қатарлы жанашыл мұғалімдер зерттеулерінде жаңа педагогикалық технологиялар туралы мына тұжырымдамалар жасалады:
Түсіндіре басқара отырып, оза оқыту технологиясы - бұл технологияның негізгі мазмұны, әр түрлі тірек карточкалары арқылы есептеу, түсіндіре отырып, түсінік жазғыздыруға негізделеді. Бұл технологияны С. Н. Лысенкова технологиясы деп те атайды.
Саралап оқыту технологиясы - бір сыныптың өзінде балалардың қабілеті, қабылдауы, дамуы әркелкі болып келеді, бұл технологияның мазмұны, тапсырмалар деңгейін балалардың біліміне қарай, реттеп оқушыларды саралап оқытады, өз бетімен жұмыс арқылы қорытындылайды.
Ойын арқылы технологиясы - оқушылардың оқу әрекеті ойын арқылы, яғни оқу материалы ойын құралы ретінде пайдаланылып, оқу әрекетті ойын арқылы жүзеге асыратын, жарыс, сайыс. Элементтері енгізіліп, оқыту нәтижесі - ойын нәтижесі арқылы қорытындыланады.
Проблемалы оқыту технологиясы - (негізін салған М.Махмудов) бұлжағдайда мұғалім жетекшілігімен проблемалы жағдай жасалып, оқушылар оны шеше отырып, дағды мен біліктерді меңгеріп, ойлау қабілеттері дамиды. Оқытудың бұл әдісі ғалым Ж.Б.Қоянбаев «Проблемалы оқыту - бұл ғылым, негіздерін оқып - білу үрдісінде жеке адамның жалпы және арнайықабілетінің дамуы, танымдық қажеттілігінің қалыптасуы» деп анықтама береді.
Оқу материалын схемалы (сызба) және белгі үлгілері негізінде оқытуды жеделдету, қарқындату технологиясы. (В.Ф.Шаталов). Технология мазмұны - ірі блоктар мен тірек конспектілер түрінде дайындалып, барлық оқушының табысқа жетуіне жағдай жасалады, мұғалім тарапынан қысым болмай, еркін оқытылады, ізгілік ұстанымдарына негізделеді.
Бағдарламаланған оқу технологиясы - оқу материалын оқу қондырғысы арқылы оқу ақпараттары арқылы ұсынып, оқушылардың өздік танымдары мен білім деңгейлерін арттыруға мән беріледі.
Жаңа ақпаратты (компьютерлік) технология - мұғалімдердің өз жұмыстарын ұйымдастыруды өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Дамыта оқыту технологиясы – (Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, Л.В.Занков) бұл технология барысында дидактикалық ойындар, пікір-таластар, ойлау, қиялдау, есте сақтау , тіл байлығын дамытуға арналаған оқыту әдістері кең түрде қолданылып, оқушылардың таным белсенділігіне ерекше мән беріледі].
Ш.А.Аманошвили технологиясы - баланың жеке қасиеттерін аша отырып, жүрегін баулу, танымдық қызығушылығын қалыптастыру баланың ой-сезімін дамытуға ерекше мән беріліп, бала жауабын әділ бағалайды. Ізгілікті-тұлғалық технологиясы ретінде танылған.
В.М. Монаховтың оқытудың модульдік технологиясы – мұнда оқу материалытақырып, сабақ, дидактикалық үрдістің негізгі технологиялық бірлігі-дидактикалық модульде жүзеге асырылады. Бұл технология үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезеңде - «Оқытудың жаңа технологиясының теориялық негіздемесі» модульдер түріндегі (логикалық схема) оқу жоспарлары мен бағдарламалары дайындалады.
Екінші кезеңде - «Берілген дидактикалық модуль шеңберіндегі технологиялық жұмыстар» ұйымдастыру, сабақтар жүйесінің жоспары, жеке оқушылармен жұмыс түрлері, әр оқушының оқу материалын өз бетінше меңгеру туралы мәліметтер қарастырылады.
Үшінші кезеңде - «Берілген дидактикалық модульді жүзеге асырудағы мұғалімнің әдістемелік құралдары» технологиялық картада мұғалімнің игеруге тиісті әдіс-тәсілдері, оқытудың табысты болуын қамтамасыз ететін оқу үрдісінің мақсаты, үй тапсырмасының мөлшері, жобаның логикалық құрылымы, түзету сияқты параметрлер қамтылады. Технологиялық картаны меңгеру арқылы мұғалімнің жаңа кәсіби сапалары қалыптасады. Аталған технологиялардың көпшілігі еліміздегі ұстаздар қауымы тарапынан қолдау тауып, айтарлықтай оң нәтижелер көрсетіп отыр.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың білім мен деңгейіне байланысты іс-шараларды ғылыми түрде ұйымдастыру талап етіледі. Мектептегі оқыту үрдісіне деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін салмақтың артуы себеп болды. Деңгейлеп оқыту- оқытылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын түрлі мазмұндағы тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады, әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді. Жаңа технологияларды пайдалану негізінде оқушы бойынан бұрыннан қалыптасқан оқу іс-әрекет тәсілдерін өзара жинақтау нәтижесінде оқушылар бойында шығармашылық іс-әрекеттері қалыптасады. Көптеген өз ісіне шын берілген мұғалімдер жаңа оқыту технологиясы үрдістерін пайдаланып оқушылардың білім көрсеткіштерін арттыруға жол ашты. Педагогикалық қауымның оқу-тәрбие барысында жаңаны игерудегі ынталары мен мүмкіндіктері айқын аңғарылады. Осы бағытта әр мұғалімнің күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге бастыл жол ашатын қадамдарға барып, оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірілулері байқалуда.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес «білім алушылардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін сапалы білім алуына жағдай жасап, жаңа технологияларды енгізу» білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Махмудовтың проблемалық модульді оқытутехнологиясы.[29.].
Қазақстандық ғалымдар М.М.Жанпейісова т.б. ғалымдар негізін салғантехнологиялар кең қолдауға ие болуда. Жаңа оқыту технологияларының тиімділігі өз кезегінде мұғалімнің оны жүзеге асыру сапасына да байланысты.Жаңа технологияны қолдану бағыттарын ана тілін оқытуда қалай жүзеге мәселелерін қарастырсақ, оқу сабақтарында дамыта оқытуды жүзеге асыру талабы мұғалімнің алдына бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекеттерін белсенді ету міндеттерін қояды.
Дамыта оқытуда көзделетін мақсат - оқушыларға білім даяр түрде берілмей мұғалімнің өзі баяндап бермей, олардың алдына жұмбақ түріндегі міндет қойылып, оны оқушылардың өздері шешуін басқару.
Ана тілін оқытудың ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болғандықтан, оның жаңа білімді хабарлау сабақтары, қайталау сабақтары, білім мен дағдыны қалыптастыру, бақылау, аралас сабақтар, экскурсия сабақ түрлері бары белгілі. Проблемалық оқыту әрекетін осы сабақтардың әр кезеңінде дербес жұмыстар ұйымдастырып, міндет қойып, оны талдап және оны шешу барысында ішінара іске асыруға болады. Алайда, проблемалық оқыту әрекетін сабақ сайын толық және үнемі жүзеге асырып отыру мүмкін емес. Әдебиеттік оқупәні бойынша дамыта оқыту әрекетін ұйымдастыру проблемалық әңгіме арқылы, іске асуы мүмкін.
Бастауыш мектеп оқушыларына әдебиеттік оқупәнін оқытуда дене шынықтыру пәнінің алатын орны ерекше.
Әдебиеттік оқу пәнінде берілген Ермек Өтетілеуовтың «Қайрат» (2-сынып) әңгімесін өту барысында сапалы, мәнерлі оқу дағдысына төселдіру, сөздік қорын молайта отырып, сөйлеу дағдысын қалыптастыру, ал дене шынықтыру пәнінде спорттың адам өміріндегі маңызын, оның денсаулыққа пайдасын түсіндіру. Спорт түрлерімен және Қазақстанның танымал спортшыларымен таныстыруға болады.
Сондай – ақ әдебиеттік оқупәнінің қай тақырыбын алсақта, біз әрқашан технологияның бір түрі – ойын технологиясын үнемі пайдаланып отырамыз. Ойын – бабаларымыздың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Бала өмірі ойынмен байланысты. Балалар білімді ойын арқылы да ала алады. Сондықтан сабақта ойын арқылы білімін шыңдап, ой - өрісін кеңейтеді. Дене шынықтыру пәніндегі ойындар арқылы оқушылардың салт – дәстүрге, әдет – ғұрыпқа деген сүйіспеншілігін арттырамыз.
Балаларға дене шынықтыру сабағында ойнаған қазақтың ұлттық ойындарын әдебиеттік оқупәнімен байланыстыру.
«Бәйге» жарысы 5. «Көкпар» ойыны
«Теңге ілу» ойыны 6. «Жорға» жарысы
«Аударыспақ» ойыны 7. «Қыз қуу» ойыны
«Қан талапай» ойыны
Әдебиеттік оқусабағында «Өнегелі өмір» тарауынан көптеген батырлар туралы сабақты жарыс ретінде өтуге болады. Сыныпты үш топқа бөлеміз («Боз ат», «Шұбар ат», «Құлагер ат»). Себебі, бастауыш мектеп оқушылары көбінесе іс-әрекетті, қимыл–қозғалысты ойындарды ұнатады. Сондықтан мұғалім баланы зеріктіріп алмай, сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс – тәсілдері арқылы пайдаланып, пәндердің арасындағы байланысты үнемі ескеріп отыруы қажет. Бастауыш сатыда білім берудің жоғарыда көрсетілген түбегейлі мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда әр оқу пәнінің өз орны мен рөлі бар.
Қоршаған ортадағы сұлулық атаулының барлығы дүниетану пәнімен тікелей байланысты. Дүниетану пәнінің мазмұны «Табиғат» блоғы бойынша әдебиеттік оқупәнімен табиғат объектілерін, құбылыстарын әсем көріністерін, өсімдіктер мен жануарларды, оларды қорғау қажеттілігін бейнелейтін шығармалар, жұмбақтар, мақал – мәтелдер, ертегілер, аңыз - әңгімелер, өлеңдер т.б. арқылы байланысады.
Табиғат құбылыстары мен әдебиеттік оқу пәндерін оқыту жұмыстарын іс – тәжірибе жүзінде ұштастыра жүргізіп отырудың алуан түрлі тәсіл – амалдары бар. Оқушылар ең алдымен, тілдік тақырыптарды өткенде, оқушылардың табиғат құбылыстарына байланысты сөз байланыстарын толықтырып, дүниетануын күшейту мақсатында табиғат байлықтарын суреттер, көркем жазылған шығармалар мен өлеңдерден үзінділер алады. Соның ішінен өтілген тақырыпқа байланысты табиғат құбылыстары суреттейтін көркем әдебиеттен алынған тексттерді алдымен оқушылардың ұққанын әңгімелетіп айтқызады немесе өздеріне мазмұндатып жазғызады.
Мәселен, «Әдебиеттік оқу» пәнінен «Күн батарда» (С. Сейфуллин) деген тақырып бойынша өтілетін сабақты пәнаралық байланыс негізінде, яғни әдебиеттік оқупәні мен дүниетану пәндерін байланыстыру арқылы өтуге болады. Бұл сабақта мұғалім пәнаралық байланысты ашатын жаңа түсініктер, ұғымдар, құбылыстар бойынша оқушылардың өздігінен іс - әрекетін ұйымдастыру арқылы олардың диалектикалық ойлауын тереңдетеді. Мұғалім жаңа материалды өту барысында әңгімелесу, текспен жұмыс істеген кезде олардың бұдан бұрын дүниетанудан өткен «Көкжиек» тақырыбынан алған білімдерін есіне түсереді. Мәселен, оқушылардың бір тобы бұрыннан жүргізіп жүрген байқау күнделіктерінде «Көкжиек» туралы мәліметтерді бір топ – табиғат құбылыстары – «Күн батарда», «Таң атарда», «Жаңбыр», «Найзағай» т.б. жалғастырған.[35,40б.].
Бұл сабақтың ерекшелігі – мұғалім пәнаралық байланыстағы сөздіктерді ажырата білуге және сол арқылы автор С. Сейфуллиннің табиғат құбылыстарын бейнелеудегі сөз байлығына оқушылардың назарын аударады. Осыған байланысты оқушыларға үйге әр түрлі тапсырмалар береді.Әдебиеттік оқумен математиканың байланысы. Соңғы уақыттарға дейін әдебиеттік оқумен қазақ тілі пәндерінде математика пәнін байланыстырып өту осы уақытқа дейін ескеріле бермегені рас. Осының салдырынан бастауыш мектеп оқушысы математикадан есеп шығаруды меңгерсе де, оның шығару жолын баяндап беруге қиналатын. Оның негізгі себебі, оқушыға әріп танытып сөйлеуге үйреткенде тілді таным құралы ретінде пайдалану жағы ескірілмеді, яғни ойлау мен сөйлеуді қатар жүргізу ұмыт қалдырылып келді. Бұл қателіктерді математиканы оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру арқылы жоюға болады. Бастауыш мектепте математика мен ана тілінің, сондай-ақ қазақ тілінің пәнаралық байланысын күшейту бастауыш мектепте оқушылардың екі пәннен де үлгерім сапасын жақсартады, сонымен бірге олардың тіл мәдениетінің қалыптасуына көмектеседі.
Әдебиеттік оқусабақтарында да оның математика мен байланысын нығайта түссе, оқыту тиімділігі одан әрі жанданады.К.Д.Ушинский былай деген болатын: Бастауыш мектепте алғашқы математика сабақтарынан бастап-ақ оқушыларды натурал сан ұғымы қалыптаса бастайды және бұл ұғым бүкіл бастауыш оқыту барысында онан әрі дамытылады. Сан туралы алғашқы ұғымның негізінде оқушылар тіл сабақтарында сан ұғымын сан есім ретінде оқып-үйрене бастайды. Сан ұғымының математика оқулығындағы сипаттамасы оның тіл сабақтарындағы сан есім ретіндегі сипаттамасынан бұрын беріледі, сондықтан оқушылар математикада да, тіл сабақтарында да сан ұғымымен танысады.Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында бірден онға дейінгі сандардың әрқайсысын енгізуде халық ауыз әдебиетінің бір саласы - санамақтарды қолданудың мол мүмкіншіліктері бар.
Мәселен, бір дегенім - білеу,
Екі дегенім - егеу,
Үш дегенім - үскі,
Төрт дегенім - төсек,
Бес дегенім - бесік,
Алты дегенім - асық,
Жеті дегенім - желке,
Сегіз дегенім - серке,
Тоғыз дегенім - торқа,
Он дегенім - оймақ,
Он бір - қара жұмбақ.
Жаңылтпаштар:
Құрық қырық,
Сырық қырық,
Қанша болды, құрық, сырық?!
Немесе,
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?!
Жұмбақтар:
Төсек астында төрт бауырсақ,
Бас бармағым бауға барды,
Сұқ саусағым суға барды,
Ортан қолым орақ орып,
Алты жоғым ағаш жарды,
Жүмсаптыалақаным
Тек шынашақ - балапаным.
(Бес саусақ).
Мақал-мәтелдер:
"Есеп, есеп білмеген есек",
"Есепсіз дүние жоқ",
"Саны бардың мәні бар", т.с.с.
Математика сабақтарында тіл сабақтарымен пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру оқушылардың математикалық тілінің жүйелі қалыптасуына, осы пәндердің өзара байланысын терең түсінуіне көмектеседі.
Мұғалім өз сабағын басқа пәндермен байланысты дамыту үшін сабақты тиянақты, неғұрылым бейнелі көрнекіліктер арқылы өткізу керек. Сол тақырыпқа сәйкес басқа пәндерге байланысты сұрақтар қою арқылы оқушының басқа пәндерден алған білімін дамыта түседі.
Диалектикалық ойлауды кеңінен дамыту бір пәннің шеңберінде шешілмейді. Сондықтан әр мұғалім пәнаралық негізінде білім беруі керек. Осы пәнаралық байланысты оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, сабақта алған теориялық білімдерін пайдалана білуге дағдыландыру мақсатында іскерлік ойын элементтерін пайдаланудың маңызы зор.
Мәселен, бір тақырыптың бірнеше пәнде кездесуі пәнаралық байланыстың дамуына және оқушының тәжірибелік іскерлігін қалыптастырып дамытуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде барлық білім беру саласына қойылып отырған басты міндет – білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, электронды оқулық дайындау және оны пайдалану. Бұлардың бәрінің оқушылрадың қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасын көтеруіне тигізер әсері мол.
Қазіргі таңда оқытылатын пәндер балалардың болашағы, таңдайтын мамандығына бағытталуда, яғни мақсатты білім беру ісіне ерекше назар аударыла бастады.Ендеше сабақтағы пәнаралық байланыс оқушылардың бүкіл дүниемен, табиғатпен, қоғаммен қатынас жасауына бағыт болып саналмақ.Ғалым Қ.Аймағамбетова өз зерттеулерінде «Ана тілі» оқулығының құрамына еніп келген табиғатқа байланысты материалдардың бастауыш сыныптарда өз дәрежесінде оқытылмай келгендігі туралы айта келе, әдебиеттік оқуоқулығында табиғаттың табиғи ерекшеліктерін ашатын, ғылыми материалдардың аз берілгендігін, көбіне табиғатқа байланысты берілетін мағлұматтар өлең, әңгіме, ертегі түрінде берілгендіктен, бұл мәселе ғылыми нысандарды ғылыми тұрғыдан талдау мүмкіндіктерін азайтастындығын, сондықтан оқушылардың ғылыми ұғымын дамыту, өзін қоршаған ортадан білім беру мақсаттарын жүзеге асыру үшін табиғаттану материалдарын оқыту өз алдына жеке пән ретінде 2 сыныптан басталуы керектігін талдап көрсетеді.: «білім беру жүйесінің негізгі мақсаты ұлттық жетістіктеріміз бен қүндылықтарымызды ендіре отырып, оқушыларды дамыту бағытында жұмыс атқару» дейді.
Осы педагогикалық технологияның ерекшелігіне сүйене отырып, оның тиімді әдіс – тәсілдерін жетілдіруге болады. Атап айтқанда:
- оқушылардың шығармашылығын арттырады;
- оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп, білім сапасын көтереді;
- пәнге деген бейімділігі, қызығушылығы артады;
Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып, жан – жақты талдауға, өз ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |