Видео. Көрініс.
Әкесінің екі ұлы болыпты. Бірі Асан және Сапар. Әкесі алыс жолға шығып бара жатып балаларын шақырып алып былай дейді:
Міне сендерге менің байлығымның бір бөлігі. Бір жылдан соң ораламын. Сонда сендер менің байлығымды қалай сақтағандарыңды көреміз, – дейді.
Қысқа ма ұзақ па уақыт өткен соң әкесі келіп балаларын көріп, қауышқан соң балаларынан сұрайды:
- Ал, балаларым, мен жоқта қалай тұрдыңдар? Менің байлығымды қалай сақтадыңдар?
Сапар жер астындағы орынға түсіп, әкесі берген алтын ақшаны алып шығып:
-Міне, әке, сен берген ақша. Қарашы қалай сақтағанымды.
Әкесі ақшаны алды да Асанға бұрылды. Ал, сен ше?
Асан күлімсіреді де қалтасынан 5 алтын ақшаны алып берді.
-Мен сіз берген ақшаға бір сиыр сатып алдым. Оны жақсылап күтіп едім сүтті көп берді. Оны біз іштік. Артылғанын сатып отырдық. Міне, сен берген ақша 5-еу болды және бір сиыр қорада тұр.
Балар қалай ойлайсыңдар, байлық неден құралады? Еңбектен.
Оқушылар «Табыс», «Теңге» деп 2 топқа бөлінеді. Әрбір топ өзінің қоржынына дұрыс жауап үшін берілген ақшаны жинайды. Кімнің ақшасы көп болса, сол топтың жеңгені.