1. Жүргізуші. 1-слайдАл бүгінгі өткізгелі отырған тәрбие сағаты “Тәуелсіз елдің төл теңгесі”депаталады. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің баюына және гүлденуіне ықпал етсін» деген. 25 жыл ішінде көптеген биік асуларды бағындырдық. Еліміздің экономикасы артып, басқа елдермен терезесі тең бола бастады. Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасының төңірегінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютаның болуы – ұлт тәуелсіздігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Ендеше, теңге күні тәуелсіз еліміздің елеулі мерекесінің бірі екені сөзсіз.
- Олай болса, Ұлттық теңгеміз қай күні тойланады?
- 1993 жылы қарашаның 12 күні Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Арада үш күн өткен соң, 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8-ден басталып, 20 қарашада сағат 20-да аяқталып, тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығында айналымға енгізілді. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді.