Ұлттық ҚҰҚЫҚ жоғары мектебі (әділсот, адвокатура және кәсіпкерлік құқық)



бет4/113
Дата08.01.2023
өлшемі1,26 Mb.
#165130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
Байланысты:
КР МКТарихы силлабус

5. Дәрiстің тақырыптық жоспары





Тақырыптың атауы

Сабақтардың мақсаты мен міндеті

Проблемалық сұрақтар

1

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы: пәнi мен әдістері, мақсаты мен міндеттері және тарихнамасы
1 сағат.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы: пәнi мен әдістері, мақсаты мен міндеттері және тарихнамасымен
студенттерді таныстыру.
Міндеті: Осы пәннің түсінігі мен пәнін ажырата білу, кезеңдерінің мәнін ашу.



1. ҚР мемлекет және құқық тарихы курсының пәні мен әдістері.
2. ҚР мемлекет және құқық тарихының мақсаттарны мен міндеттері
3. ҚР мемлекет және құқық тарихының басқа заң ғылымдарының жүйесіндегі алатын орны.
4. ҚР мемлекет және құқық тарихының кезеңдері



2

Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің пайда болуы және дамуы
1 сағат.



Мақсаты: Студенттерге Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің пайда болуы және дамуы туралы түсінік беру.
Міндеті: Сақ тайпалар одағының қоғамдық, саяси құрылысы, ғұндардың саяси тарихы, қоғамдық құрылысын, үйсін мемлекетінің басқару жүйесі мен әскери жүйесін, қаңлы мемлекетінің қалыптасуы мен басқару жүйесінің ерекшелігін көрсету.

1. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс және алғашқы мемлекеттердің пайда болуы
2. Ежелгі ғұндардың империясы
3. Ғұндардың құқықтық жүйесі
4. Үйсін мемлекетінің басқару жүйесі
5. Қаңлы мемлекетінің қалыптасуы

3

Қазақстан аумағындағы ертефеодалдық мемлекеттер
1 сағат.



Мақсаты: Студенттерге Қазақстан аумағындағы ертефеодалдық мемлекеттер туралы түсінік беру.
Міндеті: Қазақстан аумағындағы ертефеодалдық мемлекеттердің пайда болуы мен қалыптасуы, саяси және әскери жүйесі, басқару және құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін қарастыру.

1. Түркі қағанатының қалыптасуы
2.Түргеш және қарлұқ қағанаттары
3.Оғыз және Қарахан мемлекеттері
4. Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері
5. Найман және Керей ұлыстары

4

Шыңғысхан империясы және Қазақстан аумағындағы ордалық мемлекеттер
1 сағат.



Мақсаты:Шыңғысхан империясының қоғамдық және саяси жүйесіне сипаттама беру.
Міндеті: Шыңғысханның саяси-құқықтық және әскери реформалары. Алтын Орданың әкімшілік-аумақтық, салық және құқықтық жүйесін, Моғолстан мемлекетінің әскери саясатын, салық және құқықтық жүйесін, Әбілхайыр хандығының мемлекеттік ерекшелігін, Ноғай ордасының ерекшелігін, көрсету.

1.Шыңғысхан империясының қоғамдық және саяси жүйесіне сипаттама
2.Моғолстан мемлекеті
3. Әбілхайыр хандығы және Ноғай ордасы



5

Қазақ ордасының құрылуы және дамуы
1 сағат.



Мақсаты: Студенттерді Қазақ ордасының құрылуы және дамуымен таныстыру.
Міндеті: Қазақ хандығының пайда болу себептері, хандық жүйенің дамуы, ақсүйектер өкілдерінің саяси жүйедегі орны. Саяси, экономикалық, этникалық себептерін жеке көрсету, әлеуметтік топтарды ажырата білу.

  1. Қазақ Ордасының құрылуы.

  2. Қазақ Ордасының қоғамдық құрылысы.

  3. Қазақ Ордасының саяси құрылысы

6

Қазақ қоғамының әдет-ғұрып құқығы
1 сағат.



Мақсаты: Қазақ қоғамының әдет-ғұрып құқығының мазмұнын ашу.
Міндеті: Әдет-ғұрып құқығының ерекшеліктері мен бастаулары, меншік, отбасы мен неке, мұрагерлік, қылмыстық, сот жүйесі құқықтарының ұғымы мен ерекшеліктерін. Билер институты Әдет-ғұрыптағы бастаулар, жеке құқықтарды ашу мен байланыстыру, құқықтық институттардың ерекшеліктерін көрсету.

1.Қазақ әдет-ғұрып құқығының ерекшеліктері.
2.Қазақ әдет-ғұрып құқығының бастаулары.
3.Меншік құқығы.
4.Міндеткерлік құқық.
5.Отбасы-неке құқығы.
6.Мұрагерлік құқық.
7.Қылмыстық әдет-ғұрып құқығы.
8.Сот және сот ісін жүргізу.



7

Қазақстан Ресей империясының құрамында
1 сағат.



Мақсаты: Қазақстан Ресей империясының құрамындағы құқықтық жағдайы туралы түсіндіру.
Міндеті: Қазақ жерінің патша үкіметіне қосылу себептері, отарлау саясатының тереңдеу салдарын көрсету. Кіші жүз, Орта жүз, Ұлы жүздердің қосылуы, Бөкей ордасының құрылуы, Абылай ханның реформасы, 1822, 1824 жж. реформалар. Патша үкіметінің отарлау саясаты, 1867-1868жж реформалар, ұлт азаттық көтерілістер, мемлекеттік құрылыстағы өзгерістер, әдет-ғұрыпқа енген өзгерістер. Қазақ жеріне келген реформалардың мақсаты, олардың салдары, өзгерістердің себептерін ашу.

  1. Қазақстанның Ресейге қосылуының саяси құқықтық алғы шарттары

  2. Кіші жүздің Ресейге қосылуы

  3. Орта жүздің Ресейге қосылуы

  4. Кенесары Қасымұлының жүргізген реформалары

  5. 1886-1891 жылдардағы әкімшілік реформалар

  6. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әкімшілік-құқықтық жүйесі

  7. жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің саяси-құқықтық сипаттамасы

  8. Алашорда үкіметінің құқықтық шаралары. Алаш партиясының бағдарламасы

8

Қеңестік Қазақстандағы мемлекет және құқық
1 сағат.



Мақсаты:Қеңестік Қазақстандағы мемлекет және құқыққа сипаттама беру. Міндеті: Мемлекеттік басқару органдарының ашылуы мен қызметтерінің ерекшеліктері, төтенше органдарының құрылуы, заңдардың қабылдануы. Мемлекетті басқару үшін үкіметтің саясатын ашу, баға беру. Соғыстан кейінгі жылдардағы жоспарлау саясаты, құқыққа енген өзгерістер, қайта құру саясатының алғы шарттары, мемлекеттік құрылыс. Жоспарлау саясатының күштілігін көрсету, қайта құрудың себептерін ашу.

  1. ҚАКСР құрылуы. Бірінші жалпы қазақтық құрылтай сьезі

  2. Қазақстан кеңестік құқықтық жүйесінің қалыптасуы және дамуы

  3. 1937 ж. ҚазКСР-нің Конституциясы

  4. Ұлы Отан соғысындағы мемлекет және құқық

  5. Мемлекеттік құрылым мен мемлекеттік басқаруды дамытудың негізгі бағыттары

  6. 1978 жылғы қазКСР-нің Конституциясы

9

Тәуелсіз Қазақстанның мемлекетік-құқықтық дамуы.
1 сағат.



Мақсаты: Студенттердге Тәуелсіз Қазақстанның мемлекетік-құқықтық дамуы туралы түсінік беру.
Міндеті: Егемендігімізден кейінгі мемлекеттегі өзгерістерді байланыстыру, жаңа өзгерістердің дамуын бағалау.

1. 1990 ж. ҚазССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының тарихи құқықтық маңызы.
2. ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы 1991 ж. Конституциялық заңы
3. ҚР 1993 ж. Конституциясына сипаттама.
4.ҚР 1995 ж. Конституциясының мәні.
5. Қазақстан – 2030 бағдарламасы және қазақстанның мемлекеттік құқықтық дамуы
6. Қазақстанның мемлекеттік құрылысы мен құқықтық жүйесінің одан әрі дамуының басты бағыттары.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет