Буржуазиялық революция – негізгі мақсаты феодолдық құрылыс немесе оның сақыншақтарын жою, буржуазия билігін орнату, буржуазялық мемлекет құру болған әлеуметтік революция.
Бутырь түрмесі(халық арасында Бутырка) – XVIII-ғасырдың аяғында Москвада пайда болған түрме ХIХ-ғасырдың ортасына дейін негізінен қылмыскерлерге арналған, оның кейін қылмыскерлер онда өздерінің Сібірге, каторгаға, жер аударуға айдалу мерзімін күткен. 1970ж. бастап түрмеде саяс қылмыскерлер бөлімі болды.
Бүлік – мемлекеттік төңкерісті көздейтін, өкімет жұмысына қарсы топтың қарулу қақтығысы.
Билль – парламент қарауына жіберілетін (АҚШ, Ұлыбритания және т.б. елдердердегі) заң жобасы.
Биліктің делегациялануы – билікті халықтың өз өкілдеріне беруі. Бюрокатия – елде әкімшілік басында болатын жоғарғы мәртебелі шенеуніктер тобы.
Бірінші дүние жүзілік соғыс – 1914-1918ж.ж. аралығында болған Австро-Германдық блокпен Англия, Фрация және Ресей коалициясы арасында болған соғыс. Бұған сонымен қатар Таяу және Қиыр Шығыс, Африканың көптеген елдері қатысты. Соғыстың басталуына 1914ж. 5 маусымда Сараево қаласында австро – венгриялық тақтың мұрагерінің өлтірілуі сылтау болды.
БК(б)П – Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы.
Билік бөлінісі – ешбір мемлекеттік орган, ешбір тұлға мемлекеттегі толық билікке ие бола алмайтын жүйе. Мұнда билік үш бұтаққа бөлінеді: заң шығарушы, атқарушы және сот билігі.
БОАК – Кеңестердің Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті.
Г Гегемон – басшы, көсем.
Гегемония (грекше – үстемдік) – үстемдік жағдай, қозғалыста, күресте(пролетариат гегемониясы) басшылық ролді алу үшін саяси күшті пайдалану.
Генерал-губернатор – губернияның әскери бастығы.
Генералиссимус – рангтар туралы Табелге енгізілмеген Ресейдегі жоғарғы әскери шен. Кеңес кезінде бұл атақ 1945 ж. 26 маусымда енгізіліп, 1945 ж. 27 маусымда И.Сталинге берілген болатын.