Геноцид – нәсілдік, ұлттық және діни мотивтермен халықтың белгілі бір тобын жою.
Гоминидтер – (латынша + грекше түр) – қазба адамдары сияқты приматтар отрядының жанұясы (питекантроп, синантроп, неандерталец). Гомосапиенс (латынша – homo sapiens) – адамның қазіргі түрі; ойлайтын (немесе ақылды) адам.
Гулаг – еңбекпен түзеу лагерлері, еңбек қоныстары және мерзім өтеу орындарының басты басқармасы. 1934ж. НКВД (Ішкі істер халық комиссариаты) құрамында құрылған. Оның құрамына Халық комиссариаты әділет басқармасының барлық еңбекпен түзеу орындары беріледі. Басқару орны 1956 жылға дейін өмір сүрді. “ГУЛАГ” термині жаппай қуғын-сүргін құрбандары жазаларын өтеген барлық лагерлер және түрмелер жүйесін атау үшін пайданылады.
Гумус – жердің құнарлы қабаты, өсімдіктер және жануарлар қалдықтарының биохимиялық түзулерінен пайда болады.
Гуньмо – үйсін басшыларының титулы.
Ғ Ғылыми техникалық революция – ХХғ. Ғылымды дамудың шешуші факторына айналдыру негізінде өндіргіш күштерді түбірлі, сапалы қайта құру.
Ғұндар – ежелгі түркі тайпасы. Халықтарды Ұлы қоныс аударуының негізін қалады.
Д Даншактар – 1890ж. негізі аланған «Дашнакцутюн («Одақ») армян париясының мүшелері.
Дағдарыс – ауыр өтпелі жағдай. Күрт құлдырау.
Декаберистер – революционер – дворяндар, 1825ж. Ресейде алғаш рет буржуазия-демократиялық өзгерістерді қолдай отырып, самодержавие мен крепостниктерге қарсы ктерілді. Елдің қоғамдық өміріне зор ықпал етті.
Декларация – (латынша–қаулы) – жоғарғы өкіметтің заңдық күші бар қаулысы, заң актісі. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы барлық заңдары декрет деп аталды.
Демилитаризация – белгілі бір территориядағы әскери бекіністерді. Халықаралық келісім негізінде жою және ол жерде әскери базалар мен әскер ұстауға тыйым салу.
Демография – халықты, оның құрамын, табиғи және механиканикалық қозғалысын, санына, жынысына, жасына, кәсібінің түріне және басқа белгілеріне қарай зерттейтін қоғамдық ғылым саласы.