Нуклеус– тас (кремний, обсидиана, яшма) бөлігі, жұмсақ, икемге көнгіш тас.
О Оккупация – қарсыластың территориясын қарулы күштермен уақытша басып алу.
Олдувей – Шығыс Африкадағы үңгір, ол жерден Луис Лики 2млн. жастағы адам қалдықтарын тапқан. Олдувей үңгірі Африканың ең жоғарғы шыңы Клилманджаро мен Виктория өзенінің ортасында орналасқан.
Олигархия– билік шағын топтың қолында болатын басқару формасы.
Оппозиция – 1) өз көзқарасыңды басқаның көзқарасына қарсы қою; 2) қарсы әрекет ететін партия немесе топ мүшелері.
Охлократия – тобыр билігі. Охлократия деп сонымен қатар тәртіпсіздіктерді атайды.
Орда – түрік және моңғол халықтарындағы әскери-әкімшілік ұйым, кейін көшпенділердің тоқтайтын жері, мемлекет басшысының ставкасы. Көптеген адамдардың жиналуы.
Ориньяк– палеолит дәуірінің мәдениеті. Алғаш рет Францияда анықталған. 33-19 мыңжыл бұрын, мустье және солютре мәдениеттерінің ортасында орналасқан.
Отырықшы шаруашылық – шаруашылық формасы, онда жайылымдағы малдарды қолда ұстап, алдын ала дайындалған жем-шөп пайдалану.
Отырықшылық – бір орында өмір сүру. Неолиттің басында балық аулау және кетпенді шаруашылықтың пайда болуымен көрінді.
Палеолит – ежелгі тас ғасыры. Адамзат тарихындағы ең ұзақ кезең. 2 млн. 600 мың жыл бұрын басталып, шамамен 11 мың жыл бұрын аяқталған. Ол ежелгі (төменхгі–олдувей, ашель, мустье) және кейінгі (жоғарғы – ориньяк, салютре, мадлен).
Парадарайя – сақ тайпалары.
Партия – (латынша–бөлім, топ) – бір идея, қызығушылықтар төңірегінде біріккен адамдар тобы.
Парламент – жоғарғы заң шығарушы орган, негізгі әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғайды. Тұрғындармен сайланады, кейде тағайындалады.
Парламенттік республика – парламент жоғары билікке ие болатын республиканы басқару формасы.
Патриархат (грекше–әке+билік)–алғашқы қауымдық құрылыстың дамуында матриархатты алмастырған дәуір, отбасында, шаруашылық және қоғамдық өмірде ер адам басты рөлде болады.