Реставрация (саяси теорияда) – монархиялық билікті қалпына келтіру.
Референдум – жалпы халықтық сайлау немесе мемлекеттік өмірдің маңызды проблемалары бойынша сұрау жүргізу.
Реформа – қайта құру, өзгеріс, қоғамдық өмірдің белгілі бір жақтарын (тәртіптер, институттар және мекемелер) қайта құру, ол әлеуметтік құрылымның негіздерін жоймайды.
Ру – бір атадан тарап ортақ рулық атауды иемденген қандас туыстар ұжымы. Ру шеше немесе әке жағынан анықталатын болған. Рулар тайпаларға бірігіп, мемлекет пада болған соң ыдырап кеткен. Ру-тайпалық кезеңнің сарқыншақтары қазіргі кезеңде көп халықтарда сақталған.
Рулық қауым – қандас туыстардың бірлестігі. Мұнда ұжымды еңбек және өндіріс құралдарына ортақ меншік үстемдік етеді.
РСДРП – Ресей социал – демократиялық жұмысшы партиясы. 1989ж. құрылған. Түпкі мақсаты пролетарлық революция жеңісі болды.
Руссификация– Ресей империясының орыс емес бөліктерінде орыс тілін, мәдениетін, дәстүрлерін, басқаруын енгізу. Көбіне күштеу арқыы жүзеге асырылып, орыс емес халықтардың қарсылығын туғызып отырады.
С Садақ – (V-XVIIҒҒ.) – қорап ішіндегі жебелері бар садақ жинағы.
Салықтар – орталық және билеуші органдар жинайтын міндетті төлемдер.
Сайлау жүйесі – өкілдік, атқару және сот органдарына сайлауларды ұйымдастыру және сот органдарына сайлауларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі.
Сайлау құқығы – азаматтардың өкілеттік органдарды сайлау және сайлау және өздерінің де сайлану құқығы.
Сайлау цензі – сайлау құқықығын алу үшін шектеу жағдайлар.
Сақтар – б.з.д. VIIII-III ғғ. қазіргі Қазақстан мекендеген тапалар.
Сақ – скиф аңдық стиль өнері – жеке жануарларды, олардың денелерінің, бірнеше жануарлар композицияларының тастағы бейнелерінің шартты атауы.
Самодержавия – революцияға дейінгі Ресейде патшаның шексіз жоғарғы билігі және сонымен бірге осы билік түріне негізделген басқару жүйесі.