СӨЖ тапсырмасы: №1 СӨЖ: Реферат. Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат ҚР мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады. Рефератты бағалау критерийлері:
Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы
Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі
Қазақстандағы Кеңестік мемлекет және құқықтың дамуының ерекшеліктері
№2 СӨЖ: Глоссарий -бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.