Ұлттық ҚҰҚЫҚ жоғары мектебі (әділсот, адвокатура және кәсіпкерлік құқық)


«Қазақстандағы Кеңестік биліктің орнауы. ҚАКСР-ң құрылуы»



бет75/113
Дата08.01.2023
өлшемі1,26 Mb.
#165130
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   113
Байланысты:
КР МКТарихы силлабус

«Қазақстандағы Кеңестік биліктің орнауы. ҚАКСР-ң құрылуы» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: «Қырғыз(Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декреттің бекітілуі, ҚАКСР-нің территориялық құрылымы, 1920-жылғы Орынбордағы Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезі, «ҚАКСР-ң еңбекшілері құқығының декларациясы» және ол бойынша республиканың мемлекеттік құрылысы.
«Қазақ Автономиясының Одақтас Республикаға айналуы» тақырыбына пікір-талас жүргізу. Пікір-талас келесі ретпен жүргізіледі: Қазақстанның Одақтас республикаға айналуының алғышарттары, 1937-жылғы ҚазКСР-нің Конституциясы және оның мазмұны, Ұлы Отан соғысының мемлекет және құқыққа ықпалы.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ


Пән: _ҚР МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ Кредит саны:___________

Дәріс № _8 _ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_лекция
сағат
Дәріс тақырыбы Қазақстандағы Кеңестік
мемлекет және құқық. (1946-1990 ж.ж.)


Оқытушы _Танатарова З.Л. Академиялық жыл_2010-2011____


Курс _1___________________ Семестр___2_______
1. Дәрістің мақсаты: кезінде мемлекет пен құқықтың дамуын жан-жақты обьективті түрде талдап, мазмұнын ашып беру.
2. Жоспары:
1. Мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік басқару.
2.Кеңес дәуіріндегі Қазақстан территориясындағы кейбір өзгерістер.
3.Қазақстандағы Кеңестік құқықтық жүйенің дамуы.
4. 1978 жылғы ҚазКСР-нің Конституциясы және оның мазмұны
Соғыстан кейін мемлсксттік құрылыс пен мемлекетті басқару бейбіт жағдайға қайта бейімделді. 1946 жылы 28 наурызда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен ҚазКСР-дің Халық Комиссарлар Кеңесі ҚазКСР-нің Министрлер Кеңссі, ҚазКСР-нің Халық комиссариаттары ҚазКСР-нің министрліктері болып өзгерді. Кейбір министрліктердің саны 7 болды. Жаңадан онеркәсіп және құрылыс материалдары министрлігі құрылды. Министрліктердің өкілеттіктері артты. 1946 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясы құрылды.
50-жылдары жергілікті кеңестердің, олардың атқару комитеттерінің қызметтсрі кеңейтілді. Олардың тұрғын үй салу, көгалдандыру, онеркәсіп пен құрылыс саласындағы жоспарлау, бақылау және басшылық ету құқықтары артты.
1956 жылғы КОКП-ның XX сьезі Кеңес Одағының өміріндегі үлкен бетбұрыс кезең болды. Сталинның жеке басына табыну, социалистік заңдылықты аяққа басу, саяси қуғын-сүргін айыпталды. 30-50-жылдары жазықсыз атылған,қамалған азаматтардың үлкен тобы қайта ақталды.
50-жылдары одақтас республикалардың құқықгары артьш, егемендігі біршама кеңейді.
ҚазКСР Үкіметінің совхоздарды қайта құру, жою, жер бөлу, т. б. ауыл шаруашылығына қатысты қүқықгары кеңсйді.
Одақтас республикалардың заң шығару құқығы кеңейтілді. Республикалар Одақтық мәселелерді шешуге көбірек қатысатын болды. КСРО Жоғарғы Ксңесінің Ұлттар Кеңесінің жанынан одақтас республиканың окілдері кіргсн экономикалық комиссия құрылды.
1958 жылы ҚазКСР Ғылым академиясының философия және құқық институты құрылды. Құқық саласындағы зерттеулерге жағдай жасалды.
60-жылдардың ортасында халық шаруашылығын басқаруда өзгерістер болды. Бұл оқиғалар Кеңес Одағының партия мен мемлскет басшысы Н.С.Хрущевтің орнынан түсіп, билікке Л.И.Брежневтің келуімен байланысты.
1977 жылы республикада 19 облыстық, 218 аудандық, 82 қалалық, 29 қала ішіндсгі аудандық, 189 поселкелік, 2184 ауылдық, сслолық кеңестер жұмыс істеді. Жергілікгі Кеңестердің атқару комитеттерінің қүрамына 20 мың адам кірді.
ҚазКСР Конституциясы бойынша Қазақстанның шекарасы тек оның Жоғаргы Кеңесінің келісімімен ғана өзгсруге жатты. 1955 жылы 13 жслтоқсанда Жоғарғы Кеңес қаулысымен Батыс Қазақстан облысының Жәнібск ауданының жалпы көлсмі 7049 гектар оңтүстік болігі РКФСР-дің Астрахан облысының Владимир ауданына бсрілді.
Соғыстан кейінгі жылдарда, әсіресе 50-70-жылдары Қазақстандағы құқықтық жүйе дамыды. Еңбек құқығы негізінен одақтық заңдармен реттеле берді. Соғыс кезінде алынып тасталған еңбек демалыстары қалпына келтірілді. Артық жұмыстар тоқтатылды. Кәсіпорындардың кәсіподақ үйымдарымсн ұжымдық шарттары қалпына келді. Еңбекке қатысты тым қатаң тәртіптер, өндірістен өз бетімен кетіп қалғаны үшін қылмыстық жауаптылық жойылды. Еңбек дауларын қараудың жаңа ережесі қабылданды.ҚазКСР-нің Еңбек туралы заңдар кодексі 1972 жылы 21 шілдеде қабылданды.
1959 жылы қылмыстық және қылмыстық-процессуальдық кодекстер қабылданды. Бұл кодекстер Қазақстан тарихында тұңғыш рет қабылданды.
1971 жылы ҚазКСР-нің Еңбекпен түзеу кодексі қабылданып, онда сотты болған адамдардың жазасын өтеу,оларға еңбекпен түзеу өдістерін қолдану, т.б. мәселелер шешімін тапты.
1963 жылы республиканың азаматтық және азаматтық-процессуальдық кодекстері қабылданды. Бұл кодекстер социалистік заңдылықты, социалистік қоғамдық қатынастарды реттеугс бағытталды.
Сот құрылысы, сот ісі, адвокатура жәнс нотариатқа қатысты заңдар жетілдіріліп, кейбірі қайта қабылданды. ҚазКСР-нің әкімшілік жауапкершілік туралы заңдылығы онан әрі дамыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет