«Қазақ КСР-нің 1978-жылғы Конституциясы» тақырыбына №20 талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Конституцияның қабылдануының алғышарттары, Конституцияның жалпы сипаты мен ішкі мазмұны.
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
Пән: _ҚР МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫКредит саны:___________ Дәріс № _9 _Соның ішінде сабақ түріне байланысты_лекция сағат Дәріс тақырыбы Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті мен құқығының қалыптасуы мен дамуы
Оқытушы _Танатарова З.Л.Академиялық жыл_2010-2011____
Курс _1___________________Семестр___2_______
1. Дәрістің мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның мемлекет пен құқықтың дамуы мен қалыптасуын жан-жақты обьективті түрде талдап, мазмұнын ашып беру.
2. Жоспары: 1. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация 2. ҚР-ның Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы. Қайта қүрудың соңына қарай Ксңес Одағының орталық органдарының билігі әлсіреп, керісінше одақтас республикалардың қүқықтары күшейе түсті. Алдымен Ресей Федерациясы, Украина КСР-ы өздерінің егемендіктерін жариялады. Одақгы реформалауға бағытталған жаңа Одақтық шарттың жобасы жасалып жатты.
Осындай жағдайда 1990 жылы 25 казанда республиканың Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі туралы Декларация» қабылдады. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, ұлттардың өзін-өзі еркін билсу құқығыш тани отырып, қазақ үлтының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып, демократиялық, құқықгық мемлскет құруды негізге алып, Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігін жариялады және осы Дскларацияны қабылдады.
Декларация 17 баптан тұрды Қазақ КСР-і егемен мемлекет, ол басқа республикалар мен егеменді Республикалар Одағына ерікті түрде бірігеді және өзара қатынастарын шарттық негізде құрады. Одақтан еркін шығу қүқығын сақтанды. Декларацияда алғаш peт ҚазКСР-і үлттық мемлекеттігін сақтау, қорғау және нығайту жөнінде шаралар қолданады деп жазылды. Бұрын бұл қызметтер Одақтық органдарға тиесілі еді.
Алғаш рет ҚазКСР территориясында, оның оз еркімен одаққа берген мәселелерін қоспағанда, ҚазКСР Конституциясы мен заңдарының үстсмдігі орнатылады деп жазылды. Бұл егемендіктің өзекті қағидаларының бірі еді. Осыған орай КазКСР-і өз егемендігіне қайшы келөтін одақ заңдарын тоқтата алды.
ҚазКСР-і халықаралық қатынастардың дсрбес субъектісі ретіндс Бірікксн Үлттар Ұйымына дөйінгі ұйымдарға қатысуға құқылы болды.
Егемендік Декларациясын қабылдау шын мәнінде үлкен тарихи оқиға болып, тәуелсіздікке жету жолындагы соңғы саты болып табылды. Сондықтан да кейінірек егемендік Декларациясы қабылданған 25- казан Рсспублика күні мерекесі болып бекітілді.
1991 жылы 10 желтоқсанда Казақ КСР-інің атауы Казақстан Республикасы болып өзгертілді.
Қазақ халқының ғасырлар бойы тынымсыз тәуелсіздік жолындағы жүргізген күресі жүзеге асты. Осы 1991 жылы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының мсмлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңы қабылданып, онда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі салтанатты түрде жарияланды. 7-тарау 18-баптан тұрған бұл заң Қазақстанның мемлекеттік-құқыктық тарихының жаңа тәуелсіздік бетін ашты. Заңның 1-бабы былай жазылды. Казақстан Республикасы - тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі жоне сыртқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді. Қазақстан Республикасы территориясында тек өз заңдары және ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады. Конституциялық заңның 2-тарауы (6-8 баптар) Қазақстан Республикасы ұлттарының азаматтары біртұтас Казақстан халқын құрайды, Бұл халық егемендіктің бірден-бір иесі, мемлексттік биліктің қайнар көзі болып табылады, азаматтар барлық жағынан тең қүқыққа ие екендігі көрсетілді. Қазақ халқы мен Қазақстан Республикасында тұратын басқа ұлт өкілдерінің тілі, мәдениеті мсн дәстүріне ерекше мән беріліп, олар мемлекет қамқорлығына алынды.
1993-жылғы Конституция қайшылықты өтпелі кезеңде қабылданды.
" Конституциялық құрылыс негіздері" бөлімінің қағидалары мсн принциптері Ата Заңның басқа болімдсріне негіз болып табылды, оны өзгсртудің тәртібі ерекше қиындатылд Конституцияның бірінші бөлімі (27-бап) азаматтардың құқығы, бостандығы мен міндеттеріне арналған. Мемлекет құқықтар мен бостандықтар тсндігіне кепілдік бсреді, азаматтарды кемсітушіліктің кез-келген түріне тиым салады деп көрсетілді.
Рсспубликаның әрбір адамының азаматтық алуға және оны озгертуге құқығы бар. Қазақстан азаматы басқа мемлекеттің азаматы бола алмайды.
Сонымен Конституция құқықтары мен бостандықтардың үлкен тобын жариялап, оларға кепілдік берді, әрі оларды сот жолымен қорғауды қамтамасыз етуді шешті.
"Қоғам, оның құрылыс негіздері" деп аталатын екінші бөлім "Меншік және кәсіпкерлік", "Отбасы", "Қоғамдық бірлестіктер" атты үш тараудан тұрады.
Ата Заңда меншік түрлерінің сан-алуандығы бекітілген. Мемлекет меншіктің барлық түрлерінің және субъектілерінің заң алдында теңдігін қамтамасыз етеді. Меншіктің түрлерінің сан-алуандығы жарияланғанымен, Конституцияда оның тек екі түрінің -жеке меншіктің және мемлекет меншігінің аты аталады.
18-бапта "Республика азаматының меншік иесі болуға құқысы бар" делінген. Бұл бапта Негізгі Заңның басты идеяларының бірі көрініс тапқан. Жеке меншік иесі адам, азамат болатындығы Конституция жолымен бекітілген. Оны қорғаудың кепілдігі де қарастырылды.
Мемлекеттік билік біртұтас. Заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері мемлекеттік биліктің үш тармағы болып табылады.
Билікті дербес тармақтарға бөлу терең демократияға негізделтен. Жоғарғы Кеңесті де, Президентті де халық тікелей сайлап қояды.Ал жоғарғы сот органдары болса Жоғарғы Кеңесте Президенттің тікелей араласуымен сайланады.
1993 жылғы Казақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы Негізгі Заң болды. Ол үлкен тарихи, саяси-құқықтық роль атқарды. Дегенмен Конституцияны Кеңес дәуірінде сайланған Жоғарғы Кеңестің қабылдауы өз таңбасын қалдырды. Ұзамай ол қайшылықтар өсіп, жаңа Конституция қабылдауға негіз болды.
1993 жылғы Конституция қайшылықты, өтпелі кезеңде қабылданды. Әлі де көп мәселелер шешімін таба алмады. Бірнеше ауқымды мәселелер бойьшша елде ұзақ пікірталас, даулар болды. Олардың ішінде: қос азаматтық; тіл мәселесі; ұлттық мемлекет пен азаматтық қоғам құру; әкімшіліктер мен кеңестер арасындағы қайшылықтар; Жоғарғы Кеңес пен Үкімет арасындағы қайшылықтар болды. Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен бұл мәселелер шиеленіске жіберілмей кезең-кезеңімен саяси және құқықгық тұрғыдан шешілді.
Казақстан Республикасының "Азаматтық туралы" заңы кабылданып (1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Демократиялық және құқықтық қатынастар жолындағы құқықгық кедергілер толық жойылып, еліміздің өркениет жолына түсуіне кең жол ашылды. Қазақстан таза Президенттік республикаға айналды, қос палатадан тұратьш тұрақты Парламент құрылды, Үкіметтің ролі артты. Азаматтардың кұқықгары мен бостандықтары нығайды.
Глоссарий (терминдер): Егемендік, тәуелсіздік, зайырлы, құқықтық, демократия, президент, Конституция, декларация, мемлекеттік билік, референдум, парламент және т.б.
№1 СӨЖ: Реферат.Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат ҚР мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.