Соқыр десе, Құнанбайға тиеді
Тілдік код: «өмірде зағип, соқыр, адамдар аз емес. Ал «соқыр» дегенде Құнанбайдың еске түсуі, оның ар-намысына тию себебі – ол жай адам емес, ел ішіндегі атақты да абыройлы кісі, күрделі тұлға және оның елдің есіне түсер табиғи бір ерекшелігі көзіне байланысты болуында».
Бұл прецеденттік мәтін екінші прецеденттік мәтін «Абай жолы» эпопеясымен де байланысты келеді. Ақиқат өмірде болған (денотаты нақты, деректі) тарихи тұлға – ұлы ақын Абайдың әкесі Құнанбай қажының есімі «Абай жолы» мәтінінен де тыс, бұрыннан (әлеуметтік) прецеденттік сипаттағы есім болған деп есептейміз. Ал бұл мәтінде прецеденттіліктің атрибуты (элементі) – Құнанбайдың «соқырлығы» арқау болып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |