Ұлттық руханият – ұлттық рухтан туындаған ұғым. Ұлттық рух болмаған жерде ұлтпын деп айту қиын. Руханиятқа ұлт тілі, ділі, діні, дәстүрі, ұлттық мәдениет, әдебиет, өнер және т.б. ұлттық құндылықтар жатады. Ол – халық санасының, мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі, ұлттық болмысы. Ұлттық руханият мыңдаған жылдар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, әр адамның бойына ана сүтімен бірге сіңеді. Ұлттық руханиятты сақтау, оны нығайтып отыру және дамыту – өскелең ұрпақтың қасиетті парызы мен міндеті. Бұл шындық, әділеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, сұлулық идеялары мен рухани-адамгершілік ұстанымдарын қабылдау мен пайымдауға әкеледі. - Ұлттық руханият – ұлттық рухтан туындаған ұғым. Ұлттық рух болмаған жерде ұлтпын деп айту қиын. Руханиятқа ұлт тілі, ділі, діні, дәстүрі, ұлттық мәдениет, әдебиет, өнер және т.б. ұлттық құндылықтар жатады. Ол – халық санасының, мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі, ұлттық болмысы. Ұлттық руханият мыңдаған жылдар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, әр адамның бойына ана сүтімен бірге сіңеді. Ұлттық руханиятты сақтау, оны нығайтып отыру және дамыту – өскелең ұрпақтың қасиетті парызы мен міндеті. Бұл шындық, әділеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, сұлулық идеялары мен рухани-адамгершілік ұстанымдарын қабылдау мен пайымдауға әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |