Жер бетін мекендеген басқа халықтарды есептемегеннің өзінде, қазақ халқы үшін жеті саны қастерлі, себебі ата-бабамыз танымдар мен түсініктерді, табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен тікелей байланыстырады. Неге екені белгісіз, бұл сан – тұла бойы ашылмаған құпияға толы сынды. Әлем халықтары оны қасиетті, тылсым, таңғажайып, бақыт пен сәттілік әкелетін сан деп баға береді. Жеті ата – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Сонымен қатар, Жеті жұт, Жеті жоқ, Жеті қазына. Жеті жетім. Жеті ғашық. Жеті жазба. Жеті ашу. Жеті шырақ. Жеті нота. Аптаның жеті күні. Жеті қат жердің асты. Жеті таудың арғы жағы...жеті...жеті...жеті... Осы тұрғыдан алғанда, Елбасының тәппіштен ақ қағазға қара бояумен жазылған «Ұлы даланың жеті қыры» қазіргі заманға оқырманға өте қажетті мәлімет деп ойлаймын. Түп-тамыры түркіден тарайтын ортақ Дала өркениетінің ұланғайыр кеңістігінде ежелден бастап-ақ гүлдене қанат жайған бұл мәдени үрдіс Қазақстанның қазіргі шекарасымен ғана шектелмесе керек.
"Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі" дейді Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында. Осылайша, өткенді зерделеп, бүгінгіні бағалап, келешекке сеніммен қадам жасау үшін тарихи сананы жаңғырту қажеттігін нақты мысалдармен түйіндейді.
өте керемет пікір айттыңыз. Ұлы даланың байлығын және тарихын жастардың көбісі біле бермейді .Осы жастардың санасына рет-ретімен сіңдіре білуіміз керек және мектептен бастау керек деген ойыңыз ұнады.