Ұлттық ойындардың пайдасы



Дата01.05.2017
өлшемі92,62 Kb.
#15327
Ұлттық ойындардың пайдасы.

Қызылорда обылысы .Арал ауданы.Қаратерең ауылы

Дүйсенғалиева Жанар Иманғалиқызы

№82 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.


Қай қазақта болмасын өзінің атадан балаға мұра болып келе жатқан көзінің дарытып,көңіліне қондыра білу өмір қажетінен туындап отыр. Өйткені қарашығындай сақтап,қымбат қазынасына айналған ұлттық өнері болады.Қазақтың әдеп – ғұрпын,салт-дәстүрін,әдеп-дағдыларын жас ұрпақтың бойына сіңіру,ойын арқылы баланы нәресте шағынан бастап адалдыққа,батылдыққа, елін,жерін,тілін сүйе білуге,отаншылыққа,адамгершілікке, мейрімділікке, еңбектенуге тәрбиелеудің құралы ойын. Ғасырлар бойы ұрпақтан,ұрпаққа жалғасып,ұмытылмай келе жатқан ұлттық ойындарды бала жасына лайықтыларын таңдап алып пайдаланса ,бүлдіршіннің тілін жетілдіруге, ой танымын кеңейтуге,тапқырлыққа,ептілікке баулуға пайдасы зор.Ойын үстінде бала дене қимылдары арқылы өзінің денсаулығын нығайтып,айналадағы заттар мен құбылыстардың сырын танып біледі,дағдысына үйренеді. Қазақтың ұлттық және спортық ойындарының өзіндік тарихы,даму жолдары қалыптасу кезеңдері бар.Қазіргі табиғи деректерге қарағанда бізге жеткен ұлт ойындарының біразы сонау көне заманнан басталған «Бес тас», «Асық», «Садақ ату»,сияақты ұлттық ойындар шамамен осыдан 5 мың жыл бұрын ойнағандығын ғалымдар дәлелдеген .

Мысалы: Осы күнге дейін мәнісін жоймаған «асық» ойынына кез келген сүйекті емес, малдың асықтарын алған. Бес тас ойыннында кез келген тастар емес,ұстауға ыңғайлы домалақ тастар пайдаланған. Ұлттық ойындардың қалыптасуы тек балаларға керектігінен дамып қойған жоқ,ересектердің күнделікті тіршілігіндегі қозғалысы мен көңіл көтеріп,демалыс уақытын көңілді өткізетін еңбектің бір түрі ретінде қолданған,дамыған. Әртүрлі қимыл әрекетті ойындар мен асық ойындары ересектер арасында дамыды да, кейін келе жас өспірімдерге қалды.

Адамзаттың дүнеиеге келгеннен бастап ақыл-ой қабілетінің ортаға өмірге деген көзқарасын реттейтін, белгілі бір жүйеге келтірілетін осы балалар мен жасөспірімдер ойындары. Алғашқы мемлекеттік бірлестік кезеңінде дамыған халық ойындары жасөспірімдердің бір ортаға өмір сүруіне және өзара қарым-қатынас жасауына себепкер болғандықтан, олардың көпшілігін түнде, ай жарықта далада,ашық алаңда ойналған. Бұрынғы кезде малмен жүрген көшпелі рулар киіз үйден басқа паналайтын болмағандықтан тек ашық алаңда ойналған. «Ақ сүйек», « Алтынқақпа», «Айгөлек», «Арқан тартыс», «Көксерек», «Соқыр теке», «Белбеу тастау», «тиын салу», «Сыиқырлы таяақ»,тағы да басқа ойындар шыққан.

Қазақтың ойын сауықтарының ,әдеп-ғұрыптарының түпкі негізгі мал өсіру мен экономикалық қатынастардың дамуына байланысты болғандықтан қазақтың ұлттық ойындары екі топқа бөлінен. Біріншісі:әдеп-ғұрыптардан туған ойындар.Екіншісі:Жасөспірімдердің қимыл-әрекет ойындары. Қазақ халқының ойындары әсіресе,ұлыстың ұлы күні «Наурыз » мерекесінде ортаға салынатын болған. Ұлт ойындары қоғамның өзгеруі әлеументтік экономикалық жағдайлары негізінде , тұрмысқа сіңіп өзгеріске ұшырап отырған. Қазақтың ұлттық ойындарының ішінде көбінесе ұлттық мерекелерінде «қазақша күрес», «қыз қуу» ойындары ойналатын болған. Бұл ойындар ертеде келе жатқан спорттық денешынықтыруға арналған ойындардың бір түрі. Қазақтың ұлттық ойындардың жүзге тарта түрі бар. Халқымыздың өткен тарихына көз жіберіп, өзіміз балалардың ойнауына ыңғайлы,қолайлысын оны өз алдына топтастырсақ қаншама дүниеге қол жеткен болар едік. Халық ойындарын көп ойынаған балалар сол халқының салт-дәстүріне,туған жерінің географиялық жағдайына,табиғи ерекшіліктеріне мән беріп өсетіні сөзсіз.

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойыны «Ақ серек көк серек » .

Сабақтың мақсаты : Оқушылардың өмірге деген құштарлығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру,ұлтжандылыққа тәрбиелеу

а) Білімділігі:Денені шынықтыру ойындары арқылы оқушының денсаулығын қалыптастыру.

ә) Дамытушылығы:Сабақтарда оқушының белсенділігін арттыру,ұлттық ойындардың түрлерін пайдалану.

б) Тәрбиелігі:Cабақ барысында ұлттық ойындардың түрлерін пайдалану,оқушылардың ой өрістерін дамыту,ұлттық салт-дәстүр негізінде тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,топтастыру, сұрақ-жауап.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

Көрнекілігі :Суреттер.

Сабақтың барысы:|.Ұйымдастыру кезеңі.

а)Сынып оқушыларымен амандасу.

ә)Сынып журналын тексеру.

б) Сынып оқушыларын түгелдеу.

||.Үй тапсырмасын сұрау.

|||.Жаңа сабақ.

|.Ой қозғау: ( Сұрақтарға жауап беру)

білетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық

қажеттіліктермен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды.

Ойынның басты шарты жеңіске жету болса , әр ойыншы өз қарсыласының

мүмкіндігімен санасып , бір –біріне деге

н сенімі 1) Ойын дегеніміз не?

2 )Қазақтың ойындарынан қандай ойындарды білеміз?


3)Ұлттық ойындардың адамға пайдасы қандай?

IV. Қызығушылығын ояту: «Топтастыру »әдісі.


Таза ауа

Дұрыс тамақтану Тамақ


Ұлттық ойынның пайдасы

Денешынықтыру

Дене тазалығы

Табиғи күш
Табиғи күш: Күн, таза ауа , су.

Денешынықтыру: спорттық және ұлттық ойындар.

Тамақ :Сүт тағамдары, жеміс-жидектер, көкөністер, шипалы сулар.

Тазалық: Жеке бас гигиенасын дұрыс сақтау.

Ұлттық ойындар ата –бабамыздын бізге келіп жеткен ,өткен мен бүгінгіні

Байланыстыратын баға жетпес байлығымыз. Сондықтан оны үйренудің ,

Күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде

пайдасы орасан зор .

Халықтың үлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты , оның

шаруашылық ,экономикалық ,әлеуметтік түрмысынан туған.

«Ақ серек , көк серек» ойындары сөзге , кейде іс әрекетке жетекші ,ал кейде қосалқы қызымет атқарады.

«Ақ серек , көк серек » ойыны:

Ойынға қатысатын балалар екі топқа бөлінеді .Ашық аланға ұл-қыз аралас ойнай

береді . Аралығы 20-30 метр қашықтықтаекі топқа қарама-қарсы қарап , қол ұстасып

тұрады. Бірінші қатардағы балалар: «Ақ серек , көк серек» бізден сізге кім керек

деп екінші қатардағы баланың атын атайды , сол бала қарсы тұрған қатарға жүгіріп ,

ұстаған қолдарын үзіп өтуі тиіс. Егер үзіп өтсе , сол жерден бір баланы өзімен бірге

өз қатарына алып кетеді . Егер үзе алмаса , онда сол қатарда қалады . Соңында қай

қатарда бала саны көп болса , сол қатар жеңеді.

V. Сабақты қортындылау.

1. Ұлттық ойындар қайдан шыққан?

2. Ұлттық ойыннын қандай түрлерін ұнатасындар ?

3. Ойын ойнаған қызықты ма ?

Сабақтың сонында «Ұстап үлгер» ойыны ойнатылады.

VI. Бағалау : Жаңа сабаққа белсене араласқан оқушыларды мадақтау арқылы



Қорытындылау.

Ойын адамның өмір танымы алғашқы қадамы . Сондықтан ойын арқылы балалар

Өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді. Ойынның ережелері

Ойнаушылардың қисынды ой қа н арттырады.

Ойындардың өздеріне тән мотивтері болады. Мысалы : Мазмұндық рөлдік ойындар , ойлау,қиялын қалыптастыруға зор маңыз атқарады. Ойындардың ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын ойын-сабақ ,ойын -жаттығу,сергіту ойындары, логикалық ойындар ,ойын есептер,ұлттық ойындар т.б.Мұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып,білімді толық игеруге көмектеседі.

Халқымыз ұрпақ тәжірибесіне ежелден -ақ ерекше мән берген ұлы педагог К.Д.Ушинский :

«Кімде-кім баланың тілін дамытқысы келсе,ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс »- дейді. Ойын дегеніміз-жас ерекшілігіне қарамайтын ,адамның көңіл-күйін көтеретін,ойландыратын үрдіс. Ойын төзімділікті,алғырлықты,іскерлікті,ұқыптылықты,ізденіпаздықты көп білуді қалыптастыратын педагогикалық тимді әдіс. Әр бала ойнау үшін , алдымен ойланады, ойлана отырып ойнайды . Қай ғылымды алсақ та ойын туралы еңбектерінде .

«Ойын-баланың жетекші әрекеті » деген сипаттама береді . Өйткені ойын баланың

ақыл –ойы жағынан да дене жағынан да алға жетелеп дамытады .

Ұлттық ойындары VII-IX-ғасырларда қазақ жеріндегі көшпелі тайпалардын қай –қайсысы болмасын ,қай кезенде болмасын , олар өндірістік кезеңдерге негізделген .

Өндірістік құралдарды пайдалануға жарамды тас , ағаш , сүйек және тағы да табиғи

заттарды осы дәуірде қалыптасқан ұлттық ойындарға пайдаланған .Ойындардың ішінде әсіресе жан –жануардың дауыстарын , төлдердің іс-әрекеттерін дұрыс айтуға

дағдыландыратын түрлері де бар .

Қазақтың ойындары : «Ұшты –ұшты» ойындары сөзді табуда қажет етіп ,сөздік қорларын дамытады . «Оромал тастау » ойыны тілдің жетілуіне маңызы зор .

XXI-ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі ,

Ой –өрісі жоғары жан –жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр . Балаларды тәрбиелеуде ойын әдісінің маңыздылығы зор.

Мектепке дейінгі баланың ойынға деген құлқы , қарым-қатынасы ,мінез-қүлқы көріністері олар өсіп есейгенде жалғаса береді . Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты ,өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.

Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімен жетілдірсе , өзіндік таным түсінік , мінез-құлық әдеттерін бекітуіне әсер етеді . Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып өзіне түрлі ақпараттар алады ,дүние сырын ашады .

Ойындардың негізгі мақсаты –балалардың ықыласын ,зейінін ,сөздік қорын , байқампаздығын , есте сақтау , қабылдауын дамыту , икемділікті арттыру ,өзінің жеке іс-әрекетін бағалай , құрметтей , өзінің ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау , қалыптастыру .

Ойынның маңызы :

1) Ақыл –ойы дамиды , оқуға қызығушылығы , белсенділігі , шығармашылығы артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады.

2 ) Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды.сабақтың қызықты өтуіне тиімді .

|. Қияалды дамытуға арналған ойындар. Менің көңіл -күйім қандай?Балалар өз көңіл-күйлеріне сәйкес келетін суретті тауып айтады.(көңілді,көңілсіз, ренжіулі,қорқынышты,т.б.)

Сол кезеңде өз көңіл күйлерін баяандайды.Басқа суреттегі көңіл –күйге сәйкес болған жағыдайды әңгімелеп береді.

||.Ойлауды дамытуға арналған ойындар. « Матадағы менің орным » жердегі жатқан

мата үстімен балаларға белгі берілген уақытта тұрып қалуы тиіс. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек.

|||.Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар.



«Ши мен жіп»

Жүргізуші: Мен инемін сендер жіпсіңдер.Балалар бірінің артына бірі белдерінен ұстап

тұрыңдар. Кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.

Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесін тәрбиелеу және білім беру

үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып,бір-біріне деген қайырымдылық ,мейрімділік,жанашырлық,достық, жолдастық сезімдеріне тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру

бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілікке , үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияақты адамгершілік сапалары қалыптастырады. Ойын баланың өмірінің нәрі,оның рухани жетілуі мен табиғи өсуіне қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде , табиғат құбылысын таңдауда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін , зейінділік пен тапқырлыққа дамытады.

Ойын дегеніміз - жаттығу,ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті . Сұлтанмахұмұт Торайғыров «балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені ойын үстінде балалар бір затқа бейімділігі ,мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Мазмұнды -бейнелі ойындар балалар ойынның мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады. Баланың жеке басының тұлға ретінде дамуы көпдеген жағыдайларға байланысты. Ол баланың қоршаған ортасы, қарым-қатынасы ,ойын оқудағы іс-әрекеті т.б. баланың психикалық дамуына ықпал етеді. Ойын баланың айналадағы дүниедегі заттар мен құбылыстарға жауапкершілікпен қарауға деген түсініктерін дамытады. Сонымен ұлы педагок Ыбырай Алтынсариннің «Ойын бала үшін ойын емес , білім мен тәрбие негізін қалайтын басты құрал» деген тұжырыммен толық келісеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер :


[1] «Отбасы және балабақша»№4. 2003ж. №4. 2007ж. №7 . 2000ж.

[2] «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» №7. №12 . 2012ж.



[3] «Бастауыш мектеп » №9 . 2005ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет