Ұлттың рухани жаңаруы және сөз бостандығы


Тәуелсіздік жылдары – соғыстың ізі суып, бейбіт заман орнаған шақ



бет2/2
Дата02.05.2020
өлшемі18,46 Kb.
#65544
1   2
Байланысты:
f5ea958466c71b

Тәуелсіздік жылдары – соғыстың ізі суып, бейбіт заман орнаған шақ.

Сол себепті, бұл уақыт аралығында поэзияның рөлі төмендейді. Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында қазақ әдебиеті өз арнасын жаңа бағытқа бұрады. Жаңа бағыттың дамуына сәйкес оқырмандар көз майын тамызып оқитын проза, беріректе роман жанрындағы шығармалар жазыла бастайды. Олар - Төлен Әбдіковтің «Парасат майданы», Әкім Таразидің «Жаза», Мұхтар Мағауиннің «Мен», Қалихан Ысқақтың «Ақсу – жер жанаты», Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша», Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім», Әбдіжамал Нұрпейісовтың «Соңғы парыз», Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз», Софы Сматайдың «Жарылғап батыр», Ұзақбай Доспамбетидің «Қызыл Жолбарыс», Хасен Әдібаевтың «Отырар ойраны», Асқар Алтайдың «Алтай новелласы», Әлібек Асқардың «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді», Бексұлтан Нұржекеұлының «Әйелдің жолы жіңішке», Тұрсынхан Зекенұлының «Көк бөрілердің көз жасы», Баққожа Мұқайдың «Өмірзая», Оразбек Сәрсенбайдың «Шеңбер», Құлмұқан  Исабаевтың “Шоң би”, Кәдірбек Сегізбайдың “Беласқан”, Жанат Ахмедидiң “Шырғалаң”, Тынымбай Нұрмағамбетовтың “Айқай” атты шығармалары. Аталған шығарманың барлығы тәуелсіздік жылдарында әдебиеттің ерекше қарқынмен дамығанын көрсетеді. Мұнымен қатар, сол заманның шындығын көзге шұқып айтқан әңгіме мен повестер жарық көрген. Әңгіме дегеніміз – қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма жанры. Көлемі роман мен повестьке қарағанда шағын келеді. Ал повесть – әңгіме мен роман аралығындағы прозалық шығарма. Тәуелсіздің жылдарында жазылған повестер халық өмірінің кешегі күнін баяндайды. Бұдан өзге махаббат тақырыбы да қамтылған. Махаббатсыз адам өмірі қалай тұл болса, роман да онсыз өмір сүре алмаған. Өтпелі кезеңде елдің әл-ауқаты төмендеп, рухани құндылықтары арзандай бастаған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет