Ұлттық руханиятымыздың өзегі тіл. Әдеби тіл. Дауысты дыбыстардың жазылуы



бет1/3
Дата06.02.2022
өлшемі19,99 Kb.
#80512
  1   2   3
Байланысты:
4дәріс


4 Дәріс
Пәні: Қазақ тілі
Тақырыбы: "Ұлттық руханиятымыздың өзегі – тіл. Әдеби тіл. Дауысты дыбыстардың жазылуы"
Алаш зиялылары және ұлт тілі
Алаш зиялыларының саяси және рухани күресінің негізгі мақсаты ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді
айқындау болды.Әрине,осындай ұлан-ғайыр сауапты істің
аясында ана тілімізді сақтау мәселесі тұрды. Алаш қайраткерлері тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың рухани тінінде қазақ тілі мәселесі ерекше орынға ие болды.
А.Байтұрсынұлы: «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта, адамы құрымай, жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл», – деп, ұлттық рухтың, болмыстың негізі де, арқауы да тіл екендігін алғаш аңғартты.
Ахаңның осы сөзіне орайлас пікірлерді Алаш зиялыларының
көпшілігі білдірді. Айталық, Ғұмар Қараштың «Тілді сақтауға мүмкін болғанда, тіл сақталуға тиіс. Біз тілімізді қанша
сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз»; Мұстафа
Шоқайдың «Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл»; Халел Досмұхамедұлының «Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш; ана тілін білмей тұрып,бөтенше сөйлесең, бұл – күйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате. Бұл оқығандардың һәм оқушылардың есінен шықпауы керек»;Мағжан Жұмабаевтың «Ұлттың
ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілінің болуы» деген жанашыр
ойлары – біздің заманымызға үндес, өзекті пікірлер. Егемен
елдің, дербес мемлекеттің мемлекеттік тілі бола тұра, тіліміздің өзінің тұғырына толық қонбай жатқанын ескерсек, Алаш
зиялылары өсиетінің бағасы да, маңызы да еселеп артады.
Алаштықтар ана тілін ұлт болмысының басты бөлшегі ретінде қарастырып, әсіресе жас ұрпақ тәрбиесінде алатын орнына ерекше назар аударды. Қазіргі кезде ана тіліміз өрісті тақырыптардың біріне айналып отырса, олардың алғашқы үлгілерін дүниеге келтірген де Алаш қаламгерлері болатын. А.Байтұрсынұлының «Туған тілім», М.Жұмабаевтың «Қазақ тілі», С.Торайғыровтың «Туған тіліме» өлеңдері – қазақ әдебиетіндегі тіл
тақырыбында жазылған тұңғыш көркем туындылар еді.
Алаш қайраткерлерінің тіл турасындағы осы көкейкесті
ойлары азаттық алған бүгінгі қазаққа да жолбасшылық етуде.
(Ербол Тілешовтің «Алаш зиялылары жән ұлт тілі» мақаласынан)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет