Ұлттық руханиятымыздың өзегі тіл. Әдеби тіл. Дауысты дыбыстардың жазылуы



бет2/3
Дата06.02.2022
өлшемі19,99 Kb.
#80512
1   2   3
Байланысты:
4дәріс

Әдеби тіл
Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.
Әдеби тілдің нормасы жазба тіл арқылы қалыптасып, шыңдалып отырады. Ал оның өңделіп жетілуі және халық арасында тарап, жалпыға танылуы ұлттық әдебиеттің дамуымен байланысты , болды. Қазақта тұңғыш жазба әдеби тіл үлгісін жасағандар — Абай мен Ыбырай. Олар жалпы халықтық тіл қорының тек түсінікті формаларын ғана шығармаларында қолданған. Фольклорлық бай мұраны шебер пайдалана білген. Сөйтіп, Абай мен Ыбырай шығар-малары жалпы халықтық тіл қорының бай қазынасының ең тамаша қасиеттерін бойына сіңірген. Сондықтан да, ол шығармалар көркем сөздің ерекше үлгісі ретінде мәңгі жасамақ.
Әрине тілді бір адам ғана жасамайды, әркім өз білгенінше сөйлей бермейді. Тіл өзі қызмет ететін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті болуы керек. Ондай жалпыға ортақ тілді әдеби тіл дейміз. Әдеби тіл нормалары арқылы тіл көпшілікке түсінікті әрі бәріне ортақ болып келеді. 
"Қазақ әдеби тілі тарихы" атты 1968 жылғы оқулық авторлары "Әдеби тіл дегеніміз - жазба әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл" деген анықтама береді де, тілдің әдеби болуы үшін төмендегі белгілердің болуын міндетті деп санайды:
1) Әдеби тіл, ең алдымен, жазба тіл болуы керек, ол жазу арқылы ғана қалыптасады;
2) Әдеби тіл нормаланған тіл болуы керек;
3) Әдеби тілдің стильдік тармақтары болуы керек /"тілдің стильдік жүйелерінің саралануы - тілдің әдебилігінің басты белгісінің бірі"/;
4) "Әдеби тіл - қоғамдық қызметі ерекше тіл". "Жазба әдебиет арқылы әдеби тілдің икемділігі, ортақтық қасиеті артып, құрылысы жүйелі қалыпқа түседі", "тілге орамды, жүрекке жылы тиетін" элементтері ұштала түседі.
Әдеби тіл - стильдік тармақтары бар тіл. Әдеби тіл қоғамдық құбылысқа жатады. Ол қоғамның ресми мемлекет тілі болатындықтан, оның қызметі де барынша кең болады. Сол орайда түрлі стильдер пайда болады. Мысалы, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында хандар жарлығының, іс жүргізу стилі, діни әдеби стилі, өлең-жырлар стилі болады. Бірен-саран газет шыққанымен, ол кезде публицистикалық стиль қалыптаспаған болатын.
Қазіргі қазақ әдеби тілінің жұмсалу аясы кеңейді. Өміріміздің қилы-қилы салаларында жұмсалатын әдеби тіліміз түрлі-түрлі стильдік өң алып, дамып келеді. Қазір оның мынадай стильдік тармақтары бар: 1. Ресми іс-қағаздар - кеңсе тілінің стилі; 2. Публицистикалық стиль (газет-журнал тілінің стилі); 3. Ғылыми-техникалық әдебиеттің стилі; 4. Көркем әдебиет тілінің стилі.
Мұндай стильдік тармақтар әдеби тіл қызметінің артуы, тілдің дамуы нәтижесінде жасалады. Ендеше, тілдің стильдік жүйелерінің саралануы - тілдің әдебиеттік басты белгілерінің бірі. Тілдің стильдік тармақтары неғұрлым сараланған болса, әдеби тілдің соғұрлым буыны қатып, бұғанасы берік болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет