Ұлттық руханиятымыздың өзегі тіл. Әдеби тіл. Дауысты дыбыстардың жазылуы



бет3/3
Дата06.02.2022
өлшемі19,99 Kb.
#80512
1   2   3
Байланысты:
4дәріс

Дауысты дыбыстардың жазылуы
Жалаң дауыстылар: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, э. Барлық буындарда
кездесетін дауыстылар: а, е, ы, і. Буын талғайтын дауыстылар: ә, о,
ө, ұ, ү. Олар көбіне басқы буында кездеседі: дәурен, орамал, өсімдік,
құлын, бүгін. Біріккен сөздер мен қос сөздердің екінші сыңарларының
басқы буындарында жазылады: дәрі-дәрмек, Есенәлі, Қызылорда,
жөн-жосық,өте-мөте,басқұр,кешқұрым,бүрсігүні.
Қосар әріптер: ɺ(йо),и(ый,ій),у(ұу,үу),ю(йұу,йүу),я(йа).

Ескерту.


1.Ә, ұ, ү дыбыстары мына сөздердің екінші буындарында жазылады:
сірә, кінә, күнә, куә, іңкәр, күмән, шүбә, зәмзәм, мүсәпір, дүдәмал,
Күләш,Күләнда,Күләй;мағлұмат,бұлбұл,мақұл,байғұс;мәжбүр,әңгүдік,дүлдүл
2. Сөз басындағы ж, ш дыбыстары мен й дыбысының ортасында
келген а дыбысы көбінесе жіңішке ә болып айтылады, алайда а әрпі жазылады: жай,жайт.
3. Алдыңғы буындағы жіңішке дауыстылардың әуенімен жіңішке айтылатын ә дыбысының орнына а әрпі жазылады:ләззат(айтылуы–ләззәт), рәсуа(айтылуы–ірәсүуә),Жәмила(айтылуы–Жәмійлә),тәкаппар(айтылуы тәкәппар).
4.Айуан, хайуан, хайуанат, кейуана, миуа, диуана, қиуа деген сөздер осы таңбаланғандай жазылады.
5. Қосарлы ый әріптері тек сый,тый сөздерінде жазылады: сыйлық,
сыйлау,сыйымды,тыйым,тыю,тыйылу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет