«Ұлтты сүю – адамгершіліктің бастауы» атты мақалаға талдау



Дата15.09.2017
өлшемі29,84 Kb.
#32395

«Ұлтты сүю – адамгершіліктің бастауы»

атты мақалаға талдау


(«Ана тілі» газеті, 02- ақпан, 2015)
Тарихқа жүгінсек, 1893 жылға дейін Қазақстанда қазақ пен азғантай ғана орыстан басқа ұлт болмаған. Кеңес өкіметінің өзге ұлттарды репрессиялап, Қазақстанға төгіп жібергеніне қазақ кінәлі ме? Ресей – көпұлтты ел. Патшалы Ресей кезінде оларды жаулап алған, бірақ қазақтарға ұқсап біз көпұлтты елміз демейді. Олай десе, орыстар да сол көпұлттың бірі болып қалар еді. Жириновскийдің «Ресейде орыстан басқа ұлт жоқ» дегенін бұл елдің атқамінерлері рақаттанып отырып тыңдайды. Қазақстанда тұратын өзбек, әзербайжан, ұйғыр, татар, түрік, дұңған, чешен түгел қазақша сөйлей де, жаза да алады. Ол аз болса, Қазақстан халқының 67 пайызы қазақтар.

Ендеше, біз неге көпұлтты елміз дейміз. Бұны айтатындардың өз ішкі есебі бар. Олардың балалары, немерелері қазақша білмейді. Өздері кешегі коммунистердің орысша оқып, орысша тәрбиеленген балалары. Енді балалары билікте отыруы керек. Сондықтан қазақ тіліне жол бермеудің барлық қитұрқы әрекеттері жасалған. «Қостілділік», «қос тілің – қос қанатың» дегенді де ойлап тапқан осылар еді. Енді «Үш тілділік», «үш тұғырлы тіл» деген де қазақ тілінің адымын аштырмау үшін, солардың балалары үшін, әрі солтүстіктегі көршінің көңіліне қарап ойлап тапқан әрекет.

Қазақты алдарқату әуелі былай бас¬талды: 1991 жылы қазақшаға бірден көшуге болмайды, оған 4-5 жыл керек дедік. Арада сол 4-5 жыл өтті. Содан 2000 жылы қазақшаға көшеміз, сөйлейміз дедік. 2000 жылы 2010-ға, 2010 жылы 2020-ға сілтедік. Ақыры 2025 жылы халықтың 95%-ы қазақша сөйлейді дегенге тоқтаппыз. Қалай? 35 жыл қазақша сөйлемеген ел 2025 жылы 31-желтоқсанның сақылдаған сары аязында түнгі сағат 00-ден бастап қазақша сайрап шыға келе ме? 2025 жылы 95% қазақша сөйлеу үшін қазірден бастап жиналыс, баяндамалар, іс қағаздары қазақша сөйлей бастауы керек емес пе?! Тілді бір күнде емес, біртіндеп үйренбей ме?! Астанада бірде-бір жиналыстың қазақша өткенін әлі күнге көрген емеспіз. Тіпті, оқиын десеңіз қазақша басылым таппайсыз. Қазір билік басындағылар бұрынғыдай пәленінші жылы іс қағаздары қазақшаға көшіріледі дегенді айтпайтын болды. Оның орнына пәленінші жылы пәленбай пайызы қазақша сөйлейтін болады дегенді шығарды. Аңқау қазақ соған мәз! 2012 жылдың желтоқсанында Үкімет «енді отырысты тек қазақ тілінде өткіземіз» деп қаулы алған еді. Он күннен кейін өткен Үкіметтің екінші отырысында Премьер-министр Серік Ахметов теледидарда тек орысша сайрап отырды. Міне, біздің Үкімет қаулысының «күші» осындай боп келеді. Өз қаулысын өзі орындамайды. Өзгеден де талап етпейді. Әлде білместікпен айта ма, әлде жетесінің жеткен жері сол ма қайдам біреулер бізде идеология жоқ деп ренжиді. Нағыз идеология бізде Олар қазақтың ауылдарының, тілінің, салт-дәстүрінің мәселелері туралы аузын ашпайды. Қазақстан қазақтарының үш ауыз сөзінің екеуі орысша. Ол аз болғандай, енді бір-біріне «брат», «сестренка», «батя», «племянник» дейтін болды. Бұл – ұлт ретінде жойылып кетудің басы емес, қақ ортасынан ауып кеткеніміздің белгісі! Кейбір аудандарда көзі тірі орыс көрмейсің. Бірақ орыс мектептері жұмыс істеп тұр. Соларда таза қазақ балалары оқиды. Осы мектептердің директорлары халық арасына мұғалімдерін жіберіп: «Қазақ тілінің келешегі жоқ, балаларыңды орыс мектебіне беріңдер» деп үгіт жүргізеді екен. Қазақтілді қазақ елден қашпайды. Олардың Отаны – Қазақстан. Барлық елде «Мемлекеттік тіл туралы» Заң бар. Қазақтың мемлекеттік тіл туралы заң шығаруын сұрағаны қашан? Ондай заңды шығарса қазақтың рухы көтеріліп кетеді. Ал шонжарлардың көбіне қазақтың рухы төмен болғаны пайдалы.

Қорытынды:  Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз.
Қазақ тілі және мәдениеті

кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қ.С. Қалыбекова




Тақырып бойынша ұсынылады:


  1. «Тілге құрмет – елге құрмет»  Мырзан КЕНЖЕБАЙ,

  2. « Қазақ тілі» Балтабаева Ж. Қ, Солтанғазина М.Қ


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет