Сабақтың тақырыбы : Ұлттық тағамдар
Сыныбы: 2ә сынып
Сабақтың мақсаты: Тағам атауларымен, оның ішінде қазақтың ұлттық тағамдарының атауларымен таныстырып, ұлттық дәстүр туралы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Жалпы тағам, ұлттық тағамдар туралы түсінік беріледі
2. Жаңа сөздіктермен танысу арқылы оқушылардың сөз байлықтары молаяды,топта жұмыс істеу нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артады, бірін-бірі тыңдауға қалыптасады, берілген мәтіндерді оқу барысында мәнерлеп оқу қабілеттері артады, сұрақ- жауап арқылы еркін сөйлеуге дағдыланады. 3. Өзіңнің туып-өскен жеріндегі халықтың тарихын, салт-дәстүрін, тағамын білгенін сол халыққа деген құрметінің белгісі екенін түсіне отырып, құрметтеуге тәрбиелейді.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұхбаттасу, сөйлесім, тыңдалым, жазылым әрекеттері, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: ұлттық тағамдар суреттері
Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) амандасу, түгендеу.
ә) Кезекшілік сұхбат жүргізу
ІІІ. Жаңа сабақ
Қазақтың ұлттық тағамдары
Қазақ өте қонақжай халық. Қонақтың алдына барлық т әтті тағамды қойған. Бұл дәстүр ұрпақтан — ұрпақққа жалғасуда. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. «Ас-адамның арқауы», «Ас атасы — нан», «Жаман ауруға —жақсы ас» деп халық тегін айтпаған. Асқа байланысты салт-дәстүрлер: қонақасы, табақ тарту, сарқыт, асар, т.б. Ырым бойынша дастарқанға қойылған дәмнен ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақ дастарқанына ұннан, сүттен, еттен жасалған тағамдар қояды.
- Адамның көңілді болуы неге байланысты?
- Денсаулықтың арқасында ұзақ жасаған кім еді? (Ұлықпан хакім).
- Денсаулықтың негізі - дұрыс тамақтану.
болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Ұлттық тағамдар» - деп аталады.
Балалар дұрыс тамақтанбасақ оның денсаулыққа кері әсер етеді.
Тамақтанғанда да ол тамақтың таза жасалғанына оның мерзімінен асып кетпегеніне аса мән беру керек. Және де тамақтанған кезде асықпай отырып, көп шайнап, сонан соң жұту керек. Тамақты тез, асығып жүріп жесең тез тойып қаласың, және де бұл ашқарақтыққа, қомағайлыққа қалыптастырады.
І - топ. Еттен жасалған тағамдар.
ІІ - топ. Ұннан жасалған тағамдар.
ІІІ - топ. Сүттен жасалған тағамдар.
Қазақтың ұлттық тағамдарының ішінде еттің орны ерекше. Eт дәмділігімен және өзінің құрамындағы адам организміне пайдалы белоктық заттармен құнды. Үлкен тойларда, тағы басқа жиындарда мал сойылып, меймандарға табақ тартылады. Алуан турлі қуырдақ, қазақша ет, бұқпа, көмбе, сырбаз секілді тағамдар дастарқанымыздың қадірін арттыра түседі.
Ұлт тағамдарының негізі болып табылатын сүттің орны бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен «ақ» деп атайды. Сүттен қымыз, шұбат, қатық, малта, май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ, айран сияқты тағамдар жасаған.Сүт тағамдарының қасиеті мол, әрі денсаулыққа пайдалы.
Ұннан жасалатын тағамдар: бауырсақ, шелпек, құймақ, күлше, таба нан. «Дәнді шашпа, нанды баспа» деп халқымыз нанды аса құрметтеген.Бұл тағамдардың бәрін ысырап етпей пайдалана білген.
«Бой сергіту»
Үш топқа ұлттық тағамдар туралы сұрақтар қойылады.
топ
1.Қазақтың ұлттық тағамдарын ата? (Шұжық, бесбармақ,қазы,қарта т.т)
2. Шұжық ненің етінен жасалады? (қой,сиыр,түйе,жылқы етінен)
3. Қазақтың басты ұлттық тағамы не?(ет)
4. Сүт тағамдарын ата?(шұбат, айран, қымыз)
2-топ
1. Айран ненің сүтінен жасалады?(сиыр сүтінен)
2. Қазы, қарта, жая ненің еті?(жылқы еті)
3. Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар?(жылқының еті қатпайды, майы тоңазымайды)
4. Құрт неден жасалады? (сүттен)
3-топ
1.Бесбармаққа ненің етін салады?(жылқы, сиыр, қой, түйе етін)
2.Қымыз ненің сүті?(биенің сүті)
3.Шұбат ненің сүті? (түйенің)
4.Ұннан не істеледі?
Үш топ өз тағамдарына байланысты мақал - мәтелдерін айтып жалғасын табу.
Тоқ адамды ұйқы басады,
Ас - атасы нан,
нан атасы – дән.
3. Ас иесімен тәтті, тағамымен жақсы.
4. Ашта жеген құйқаны тоқта ұмытпа.
5. Ет етке, сорпа бетке.
6. Бір түйір дәнде,
бір тамшы тер бар.
7. Айран ішкен, құтылады, шелек жалаған тұтылады.
8. Сиыр сауып ішшең, мың күндік.
Сойып жесең, бір күндік.
9. Сиырдың сүті тілінде.
10. Ексең егін, жерсің тегін.
Суретпен жұмыс
Әр топ суреттерін салып тактаға шығып қорғау (ұлттық тағамдарды)
Қорытынды:
Рефлексия. Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар. Нені білдіңдер? Нені білгілерің келеді? жазып, смайлик арқылы жапсырамыз.
Үйге тапсырма. Ұлттық тағамдарға байланысты түрлерін айыру білу.Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |