4.Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайданылады.Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер тақырып болады.Публицистикалық стиль ауызша және жазбаша түрде қолданылады.Публицистикалық сөз ауызекі айтылғанда, ауызекі сөйлеу стиліне тән сипаттға да ие болады.Ол көбінесе газет, журнал, радио, теледидар арқылы беріледі.
Публицистикалық стильдің сипатына сай мынадай тілдік тұлғалар қатынасады:
а)экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, сөйлемдер;
ә)тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер;
б)толымсыз сөйлемдер, эллипсис сөйлемдер;
в)тыңдаушылардың көңілін бұратын қаратпа сөздер, сұраулы және лепті сөйлемдер.
Достарыңызбен бөлісу: |