Ұлттық тіл – ауызекі және жазбаша түрдегі ұлттық қарым – қатынас құралы



бет4/4
Дата08.02.2022
өлшемі171 Kb.
#119856
1   2   3   4
Байланысты:
10 8

5.Ғылыми стиль адамның ең озық интеллектуалдық әрекетіне қызмет етеді.Бұл адамның ғылыми ізденісінен, зерттеуінен тапқанын ауызша немесе жазбаша жұртқа жеткізу мақсатында қалыптасқан стиль.
Ғылыми стильдің ерекше функционалдық міндеті бар:
1)ойды дәл, нақты әрі түсінікті етіп жеткізуді көздейді;
2)ойды тұжырымды түрде хабарлауға талпынады;
3)осы талаптарға жету үшін эмоцияға, экспрессияға көп жол берілмейді.
Пунктуация термині латынның «punctum» - нүкте деген сөзінен алынған.Ол, ең алдымен, тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы,жазу емлелерімен бірге, делгілі мәтінді өз ішінде бір-бірінен айырып түсінуге мүмкіндік беретін және оны графикалық жағынан ұйымдастыратын жазу тілінің негізгі құралы болып саналады;екіншіден, тыныс белгілерін дұрыс қою жөніндегі ережелерді; үшіншіден, тыныс белгілері деген мағынаны білдіреді.Пунктуация-жазу тіліне қызмет ететін шартты таңба.
Нүкте тиянақталған ойды білдіретін хабарлы сөйлемдерден кейін және лепсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемдерден кейін қойылады.
Сұрау белгісі сұраулы сөйлемдерден кейін қойылады.Сұраулы сөйлем – біреуден жауап күтуді, сұрап білуді мақсат ететін сөйлем. Адам баласы бір-біріне, кейде өзіне-өзі сұрақ қояды.Сұрақ-адам дүниетанымының қозғаушы күші.Сұраулы сөйлемдер сұрау мәнді сөздердің қатысуы арқылы жасалады.
Көп нүкте аяқталмай, айтылмай қалған, іште кеткен ойды тұспалдайды. Автор өзінің мақсатына байланысты ойын аяқтамай қалдырып кетуі де, ол айтуға қолайсыз сөздер соңында көп нүкте (...) қойылады.
Сөйлем ішіндегі ең көп қолданылатын белгінің бірі - үтір.Ол бірыңғай мүшелердің арасына, қаратпа, қыстырма, оңашаланған айқындауыш сөздер мен құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің ара жігіне қойылады.Үтірді қойғанда, тыныс белгілерін қолданудың үш принципін толық есте ұстау керек. Олай болмаған жағдайда, сөйлемдегі ой айқындалмайды, тіпті түсініксіз болып, оқушысына, тыңдаушысына жетпейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет