«Неге мен? Бұл әділетсіз!»; «Жоқ! Барлығына сіз кінәлісіз!»; «Мен сізді сотқа беремін»; «Бұл ауруду дер кезінде табу үшін, сіз ештеңе жасамадыңыз» және т.б.
2-сурет. Ашу Пациент өзгерістердің шынайы және өзіне қатысты болатынын саналы түрде ұғынған кезде, оның жоққа шығаруы өшпенділікке өтеді. Ол ашуланады және басқа біреуді немесе белгілі-бір жағдайды кінәлайды.
Ең қызығы сол, пациенттің ашуы әртүрлі объектілерге бағытталуы мүмкін. Адамдар бастығына, өздеріне немесе Құдайға ашулануы мүмкін. Көп жағдайда медицина қызметкерлеріне ашуланады: «Бұл дәрігерлердің кінәсі – барлығын алдын ала болжауға және емдеуге міндетті еді». Пациенттер өздерінің әріптестеріне немесе отбасы мүшелеріне көбірек ашулануы мүмкін.