М. А. Галимжанова п.ғ. к., Халықаралық ақпараттандыру академиясының Академигі, «Өрлеу»


Сұрақ 11: БАЛА МЕН СУРЕТТЕ БЕЙНЕЛЕНГЕН АРЫСТАН



Pdf көрінісі
бет18/52
Дата18.10.2023
өлшемі2,35 Mb.
#186446
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52
Байланысты:
М. А. Галимжанова п. . к., Халы аралы а параттандыру академиясы

 
Сұрақ 11: БАЛА МЕН СУРЕТТЕ БЕЙНЕЛЕНГЕН АРЫСТАН 
Мысалда не туралы жазылған? 
A.
Баласы әкесін құрметтеуге лайық. 
B.
Әкесі баласының махаббатына ие бола алмады. 
C.
Әкесі баласын сақтап қалғысы келді. 
D.
Баласы әкесіне бойұсынуға үйренгелі жатыр. 
Сұрақ 12: БАЛА МЕН СУРЕТТЕ БЕЙНЕЛЕНГЕН АРЫСТАН 
Төменде мына мысалды оқыған екі адамның сөйлесуінің бөлігі берілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қалай ойлайсыз, бейнеленген арыстан шалдың ұлын өлтірді ме, жоқ па?
Жауабыңызды мысалдың мағынасын қалай түсінгеніңізді көрсетіп 
жазыңыз. 
____________________________________________________________________ 
 
____________________________________________________________________ 
 
____________________________________________________________________ 
 


22 
Сұрақ 13: БАЛА МЕН СУРЕТТЕ БЕЙНЕЛЕНГЕН АРЫСТАН 
Әңгіме екі жарым мың жылдан астам уақыт бұрын жазылған. Қалай 
ойлайсыз, әкесінің баласына деген сезімі мен әрекеттері біздің заманға сай ма? 
Оның баласына қарауын біздің заманымыздағы ата-аналардың балаларына 
қарауымен салыстырыңыз. Жауабыңызды осы әңгімемен байланыстырыңыз.
____________________________________________________________________ 
 
____________________________________________________________________ 
 
____________________________________________________________________ 
 
____________________________________________________________________ 
 
№6-МӘТІН. ЖЕЙДЕЛЕР 
 
Өздеріңізге жейдені фирмалық белгі бойынша таңдамаңыздар 
Жейдедегі фирмалық белгі және биркада көрсетілген жоғары баға тек бір 
бұйымның сапасын білдіреді. 
Қалай болғанда да, жейде шығаратын фирмалар сіздің дәл осылай 
пайымдауларыңызды қалайды.
Бірақ әмбебап сауда үйлері мен дүкендерде төмен бағамен, мысалы 900 
теңгеге, сатылатын арзан жейделер 5000 теңге немесе одан да қымбат 
тұратындарынан анағұрлым жақсырақ болып шығуы мүмкін екені белгілі.
Тұтынушылар Қауымдастығы берген мәліметтер бойынша бұл арзан 
жиделер тек жақсырақ тігілген ғана емес, олардың киілу мерзімі де ұзақрақ және 
машиналық жуудан кейін түрін жақсырақ сақтайды. Эксперимент үшін ер 
адамдардың 27 ақ жейдесі таңдалынып алынды, олар матаның, ілгектердіңжәне 
тігісінің сапасы бойынша салыстырылды.жағалары мен жеңдерінің пішімі 
дәлдігін бағалау үшін мұқият өлшеулер жүргізілді, сондай-ақ күнде кейгеннен 
кейін жағасы мен манжеті қалай көрінетінін анықтау үшін эксперимент 
жүргізілді.
Жейделер 25 рет жуылды, яғни олардың әдетте 6 ай ішінде қанша рет кірін 
жуса, сонша рет, ал содпн кейін отыруы мен бүлінуі тестіленді.кәдімгі әмбебап 
дүкендер мен жай дүкендерден сатылып алынған жейделер жақсы сапаға ие 
екені анықталды. Тұтас алғанда, «Ерлер киімі», «Салтанат», «Дәулет» 
дүкендерінен сатылып алынған жейделер әйгілі сәнгер Т.Клейн и Валентино К
о
фирмалық дүкендерде ұсынатын құны 5000-7000 теңгелік жейделерден 
жақсырақ болып шықты. 
Тұтынушылар қауымдастығының мүшесі Торғын Оңғарова былай деп 
мәлімдеді: «Тіпті егер бюджетіңіз шамалы болса да, сапалы заттардан бас 
тартудың қажеті жоқ. Біздің тестілерімізде 25 рет жуылғаннан кейін ең көп балл 
алған кейбір жейделер фирмалық дүкендерден емес, кәдімгі әмбебап 
дүкендерден сатылып алынды, олардың бағасы фирмалықтардан төмен болды». 
Жүргізідген зерттеулер полимақталық матадан тігілген бұйымдардың 
ішінде бағасы 1400 теңге тұратын «Дәулет» (Т45 Классикалық), мата мақтадан 


23 
тігілгендердің ішінде 4100 теңге тұратын «Салтанат С» жейделері ең жақсы 
екенін көрсетті.
Құрамында мақта бар жейделердің ішінде 1700 теңге тұратын «Салтанат Д» 
бұйымы мен қыртысталмайтын ол да 1700 теңге тұратын «Жетісу» жейдесі ең 
жақсы болып шықты. 
Бұл зерттеудің нәтижесі осы жылы фирмалық жейделердің бедел-бейнесіне 
(имиджіне) екінші соққы берді.
Өткен айда Джеймс Бонд туралы кең көп тараған шиеленіскен сюжетті 
«Ертеңгі күн ешқешан өлмейді» атты фильмді жасаушылар экран жұлдызы Пирс 
Броснанға әдеттегі әмбебап дүкеннен сатып алынған, қымбат емес жейделер 
кигізгені анықталды, өйткені, олардың пікірі бойынша, бұл жейделер экранда 
фирмалық дүкендерден алынған жейделерге қарағанда, әлдеқайда жақсырақ 
көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет