№29-МӘТІН. КІТАП ТУРАЛЫ Жарқын және тапқыр осы кітап кез-келген кітапқұмарға қуаныш сыйлайды
12 жасар Моска барлық кітаптар мен әңгімелер қатал цензурадан өтетін әлемде
өсіп жатыр. Оның әкесі, қуғында жүрген зиялы жан, оның көкірегінде сөздердің
сиқырлы әлеміне деген жалынды оятады. Бірақ Моска осы жалынның
қаншалықты қауіпті және алысқа апаратын салдары бар болуы мүмкін екенін әлі
білмейді…
Бірде Моска туған ауылын тастап кететін уақыт болды деп шешеді.
Басында онымен бірге жалғыз сенімді досы – үлкен, төбелесқой үйрек жүреді,
бірақ олар жақын арада кәрі айлакер ақын және бос сөзі көп Клентпен танысады.
Оның тамаша әңгімелер айту қабілеті Москаны баурап алады, сонымен олар
шытырманға толы саяхатқа бірге аттанады, сөйтіп қауіпті әзәзілдікке ұшырайды.
Тірі қалу үшін Моска өзінің алғыр ақылы мен оқу қабілетіне сүйенуі тиіс!
1-пікірсарап 2-пікірсарап «Түнгі ұшу» керемет кітап. Франсес
Гардиндждың сөзге ғашық екені
бірден көрініп тұр. Оның кітабы
кейбір елдерде «Сөз қожайыны»
атауымен
танымал
екендігі
кездейсоқтық
емес.
Гардиндж
оқырманды
тілге
деген
өзінің
құмарлығымен тәнті етеді. Соның
нәтижесінде мен кітаптың соңында
кейіпкерлерде
барлығы
жақсы
болғанын тілегеннен гөрі, қызықты
оқудың одан әрі жалғаса бергенін
қаладым. Осы кітапты барлығы оқып
шығуы тиіс– ол басынан аяғына дейін
ҮЛКЕН идеяларға толы. Гардиндж
айтқан хикая - кітаптардың өмірді
өзгертетініне сендіреді.
Сәкен
Аңдатпаны ғана оқып, мен «Түнгі
ұшу» баурап алатын кітап болады деп
күткенмін.
Қандай
көңіл
қалды
десеңші! Бәрі жаман басталмаған еді,
бірақ шамамен 60 бет өткен соң, мен
осы кітаптың не үшін жазылғанын
түсінуден қалдым. Моска саяхатта
жүргенінде оқиға күрт дамиды, бірақ
өкінішке орай, әңгіме аяқталғанда,
басы аяғымен тоғысқанда, оқырман
түкке түсінбей қалады. Жасөспірімге
арналған кітап баурап алуы тиіс, бірақ
ұғымға да қонымды болуы тиіс.
Өкінішке
орай,
осы
кітап
ешқайсысында да табысқа жетпеді!
Сабина
70
Төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін алдыңғы беттегі «Кітап туралы» мәтінін пайдаланыңыздар.